2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі «Маралдарды өсіруді технологияларын әзірлеу және Алтай маралдарының генофондын бағалау, сақтау және дамыту әдістерін әзірлеу және жетілдіру» » ғылыми – зерттеу жұмысына арналған № 17 Техникалық тапсырма
1. Жалпы мәліметтер:
1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға (бұдан әрі – бағдарлама) арналған мамандандырылған бағыттың атауы: Қарқынды технологиялар негізінде мал шаруашылығын дамыту.
2. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері:
2.1. Бағдарламаның мақсаты: Маралдарды өсіруді технологияларын әзірлеу және Алтай маралдарының генофондын бағалау, сақтау және дамыту әдістерін әзірлеу және жетілдіру.
2.1.1. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міңдеттерді шешу қажет:
2.1.1.1. Биотехнологиялық, молекулалық-генетикалық және физиологиялық-этологиялық зерттеу әдістерін қолдану негізінде алтай маралдарының генофондын бағалау, сақтау және дамыту әдістерін әзірлеу және жетілдіру.
2.1.1.2. Маралдарды ұзақ уақыт стационарлы ұстау технологияларының олардың өнімділігіне әсерін жан-жақты зерделеу.
3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың қандай тармақтары шешеді:
«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауы.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы.
4. Күтілетін нәтижелер.
4.1. Тікелей нәтижелер.
4.1.1.1. Биотехнологиялық, молекулалық-генетикалық және физиологиялық-этологиялық зерттеу әдістерін қолдану негізінде алтай маралдарының генофондын бағалау, сақтау және дамыту әдістерін әзірлеу және жетілдіру керек.
4.1.1.2. Маралдарды ұзақ уақыт стационарлы ұстау технологияларының олардың өнімділігіне әсерін жан-жақты зерделеу керек.
Әзірлеу және жариялау керек:
- алтай маралдарының гендік қорын бағалау, сақтау және дамыту әдістері мен тәсілдерін жетілдіру бойынша ұсынымдар;
- маралдарды ұзақ уақыт стационарлық ұстау технологияларының олардың өнімділігіне әсерін кешенді зерттеуді жүргізу жөніндегі ақпараттық бюллетень.
Алтай маралдарының гендік қорын бағалау, сақтау және дамыту әдіс-тәсілдері және маралдарды ұзақ уақыт стационарлық ұстау технологиялары бойынша 2 қорғау құжаттарын алу керек.
Жас мамандарды тарту керек, оның ішінде кем дегенде 1 PhD докторант және 3 3 магистрант.
Нөлдік емес импакт-факторы бар шетелдік рецензияланатын ғылыми журналдарда кем дегенде Q3 дәрежедегі 2 мақала және БҒССҚК ұсынған шетелдік және отандық басылымдарында кемінде 5 мақала жариялау керек.
4.2. Соңғы нәтижелер.
Экономикалық және әлеуметтік әсер. Бағдарламаны іске асыру марал өсіруді дәрілік өнімдермен қамтамасыз ету және халықтың денсаулығына оң әсер ету арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға көмектесуі керек, бұл саланың әлеуметтік әсерінен көрінетіні сөзсіз.
Қоршаған ортаға әсер ету. Марал өсірудің медициналық өнімдерін өндірудің әзірленген және енгізілген технологиялары экологиялық таза өнім өндірісін шешуге ықпал етеді.