3.1Мектеп алды дайындықпен бастауыш мектептен кейінгі сыныптардың математика бағдарламалары.
Қазақстанның білім беру жүйесін жаңарту жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа Жалпыға міндетті білім беру стандартын енгізу және мектепке дейінгі ұйымдағы, соның ішінде 5-6 жастағы балалар үшін, педагогикалық процесті бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз ету әзірлемелерін дайындау қажеттілігі туындап отыр.
Мектепке дейінгі ересек жастағы (5 жастан бастап 6 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мектепке барамыз» ұсынылып отырған бағдарламасы мектепке дейінгі 5-6 жастағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндық аспектілерін ашады.
Бағдарлама түрлі өмір жағдайларында жинақталған тәжірибені қолданудың басты көрсеткіші ретінде балалардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру міндеттерін шешуге бағытталған.
Бағдарлама классикалық және отандық мектепке дейінгі педагогика әзірлеген мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу тәсілдеріне, ішінара «Балабақшадағы тәрбиелеу мен оқытудың типтік бағдарламасының» базалық қағидаларына сүйенеді.
Бағдарлама құрастырушылары мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа Жалпыға міндетті білім беру стандартының негізгі қағидаларын бейнелейтін, бүгінгі күн талаптарына жауап беретін жаңа бағдарламалық құжатты әзірлеуді мақсат етіп қойды.
Бағдарлама, ең алдымен, оқыту әдістемесін ғана емес, сонымен
бірге, бақылау мен бағалау, өз іс-әрекетін жобалау мен баланың дамуын болжау әдістерін меңгерген шығармашыл педагогке арналған.
Ұсынылып отырған бағдарлама мазмұны позитивті әлеуметтенуді қамтамасыз етуге және балаларға негізгі құзыреттіліктерді меңгертуге,
сонымен қатар әлеуметтік ортадағы оң қарым-қатынасқа қабілетті шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
Бағдарламалық материалды іске асыруда басты бағдар педагог пен тәрбиеленуші қарым-қатынасының құзыретті жүйесіне өту болып табылады. Құзыреттілікті танымдық мәселелерді дербес шешуге, өз айқындамасын анықтауға және адамға қоғамдағы өмір сүру нормалары мен ережелерін орындауға қажетті даму деңгейі ретінде қарастыра отырып, бағдарлама құрастырушылары, бұрынғы мектепке дейінгі балаларға арналған бағдарламаға қарағанда, осы бағдарлама әрбір мектеп жасына дейінгі баланың жеке мүмкіндіктеріне бағытталған деп есептейді. Бала бағдарламалық материалды меңгергенде өзінің іс-әрекетін өзі жоспарлауды, мақсат қоюды, оған қол жеткізу жолдарын табуды үйренуі тиіс.
Бағдарламада мектепке дейінгі білім беру мазмұнының алдыңғы және кейінгі сатылармен сабақтастығы айқын көрінеді.
Бағдарлама бес білім беру саласын («Денсаулық», «Таным», «Қатынас»,
«Шығармашылық», «Әлеуметтік орта») қамтиды және баланың мектепте білім алуға бағытталған әлеуеттік мүмкіндігін ашуды көздейді.
Бағдарлама мазмұнын іске асыру белгілі бір мақсатқа бағытталған, бір- бірімен тығыз байланысты дербес бөлімдерден тұратын білім беру салаларының жұмысын жүргізу болып табылады.
Бағдарлама балаларды мектепте оқуға ойдағыдай бейімделуінің мазмұнын таңдау және жағдайларын анықтау негізінде балабақша мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастық міндеттерін шешуді қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |