ана тілі пәнімен. Математикалық мазмұны бар тұжырымдарды, сөйлемдерді, қорытындылар мен жалпылауларды құру кезінде тілінің ережелерін қолдану, оқулықпен, дидактикалық материалдармен және т. б. жұмыс жасау кезінде оқушының оқу дағдысы мен сапасының қалыптасқан деңгейін ескеру;
дүниетану пәнімен. Математикалық мазмұны бар тапсырмаларды орындау барысында қоршаған ортадағы құбылыстар туралы білімдерін қолдану;
еңбекке баулу пәнімен. Математикадан жазбаша жұмыстарды орындау кезінде қол бармақтарының ұсақ бұлшық еттерінің даму деңгейін ескеру;
бейнелеу өнері пәнімен. Қағаз бетінде бейнелеу біліктігін қолдану, қағаз бетінде (жазықтықта) және кеңістікте заттардың орналасуын қабылдай білу біліктігін қолдану;
дене шынықтыру пәнімен. Кеңістікте бейімделу (солға, оңға және т. б сөздердің мағынасын түсіну) біліктігін қолдану арқылы жүргізіледі. Оқу пәнінің 4 - сыныптағы базалық білім мазмұны
1) Қайталау (10 сағ):
1000 - ға дейінгі сандар (оқу, жазу, салыстыру);
1000 - ға дейінгі сандармен арифметикалық амалдарды орындау;
шамалар;
тіктөртбұрыштың (шаршының) ауданы;
текшенің көлемі;
өрнек. Теңдеу;
есепті шығару;
геометриялық фигуралар;
кесінділерді қосу және азайту.
27. 1000 - нан 1 000 000 - ға дейінгі сандар. Шамалар арасындағы тәуелділік.
миллионға дейінгі сандарды оқу, жазу және салыстыру;
сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазу;
шамалар арасындағы тәуелділіктер: жылдамдық, арақашықтық (жүрілген жолдың ұзындығы), уақыт; өнімділік, жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс; егіннің түсімділігі, ауданы және массасы;
қозғалысқа берілген есептер. Бірігіп атқарылған жұмысқа берілген есептер. 3 - 4 амалдан тұратын есептер;