Конспект №1 Тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту əдістемесі» ғылым жəне оқу пəні



бет2/76
Дата22.07.2023
өлшемі0,92 Mb.
#104633
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
математика о ә

Қазіргі математика кезеңі. Бұл кезең XIX ғасырдың ортасынан басталып қазіргі математика кезеңі. Мұнда математика пəні мен қолданылу ауқымы кеңейіп, көптеген математикалық жаңа теориялар пайда болады жəне аксиоматикалық əдістерінің даму салдарынан жаңа фундаменталды ұғым математикалық құрылым ұғымы пайда болды.

Қазіргі заман математикасы ондаған əр түрлі салалардан тұрады, олардың өзіне тəн мазмұны, əдіс-тəсілдері бар. Қазіргі ғылым мен техниканың дамуына байланысты математика ғылымы тереңдеп, күрделеніп, зерттеу объектілері кеңейе түсті, сөйтіп адамзат ақылымен құрылған 5 анағұрлым жоғарғы абстракцияларды қамтиды. Сонымен қатар теориялық математикамен бірге қолданбалы математика тез қарқынды дамуда. Экологиялық процестерді басқару теориялары күннен-күнге математикалық сипат алып отырғаны, қуатты электрондық есептеуіш техникаларының пайда болуы, олардың əлеуметтік, экономикалық салаларда кең көлемді қолданылуы математиканың басқа ғылымдар секілді жоғары қарқынмен дамуда екенін көрсетеді. Сонымен бірге математика заттардың қасиеттерін жəне геометриялық фигураларды зерттейді. Зерттеу кезінде математикалық ұғымдар одан əрі баяндандырылып, берілген мəлімет ретінде қарастырылады. Математикада пайда болатын абстракциялар нақтылы заттардың қасиеттерін жалпылайтын абстракциялардан топологиялық кеңістік, алгоритмдер, жалпы алгебралық жүйелер жəне т.б. сияқты неғұрлым жоғары деңгейдегі абстракцияларға қарай сатылап дамиды. Математика қазіргі кезде ғылым саласында ерекше орын алады. А.Н. Колмогоров: «Математиканы білмей, осы күнгі техниканың негіздерін де, ғалымдардың, табиғи жəне əлеуметтік құбылыстарды қалай зерттейтіндігін де түсінуге болмайды» деген болатын. Математика материалды дүниенің мазмұнынан бөлініп алынған кеңістік формалары мен сандық қатынастарын зерттейді жəне математика əдіснамасы математикада қолданылатын таным əдістерінің барлық жиынтығын зерттейді. Бұл жиынтықты таразылау үшін математиканы тарихи даму, өркендеу тұрғысынан қарастыру қажет жəне математика ғылымының ішкі байланыстарымен бірге, оның басқа ғылымдармен адамзат қызметінің əр алуан қырларымен байланыстырып зерттеу керек. Математика əдіснамасы шындықты танып-білу жəне түрлендіру əдістері жайындағы философиялық ілім ретінде, дүниетану қағидаларын таным үрдістеріне жəне тəжірибеге қолдану, математикалық абстракциялардың мəні т.с.с. жөніндегі мəселелерге назар аударады.

    1. Математиканы оқыту əдістемесі математика пəнінің ерекшеліктеріне негізделген оқу-тəрбие жүйесі жайындағы ғылым. Бұл жүйені меңгеру арқылы оқыту мен тəрбиелеу ісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Математиканы оқыту əдістемесі – қоғамның алға қойған мақсаттарына сай математиканы оқытудың заңдарын зерттейтін педагогикалық ғылымның бір саласы. Сондықтан педагогика ғылымы анықтап берген білім беру мен тəрбиелеудің мақсаттары мен міндеттеріне сəйкес құрылады жəне математикалық тақырыптарды оқып үйренудің ерекшеліктеріне қарай, ортақ педагогикалық

қағидаларға негізделген. Математиканы оқыту əдістемесі оқу пəнінің мазмұнын, оқыту əдістері мен түрлерін, тəрбие жұмысын өзара тығыз бірлікте, бір-бірімен байланыстыра зерттейді. Оның үстіне əдістеме оқу жұмысының ұйымдастыру құралдары мен жабдықтарын анықтайды.
Сөйтіп, математиканы оқыту əдістемесі өзара тығыз байланысты сұрақтарға жауап іздейді:

      1. Математиканы неге оқытады?

      2. Математикадан нені алып оқытады?

      3. Математиканы қалай оқытады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет