1.1Бастауыш математикалық білімнің базалық мазмұны кіші жастағы оқушылардың құзыреттілігіне қойылатын талаптар.
Педагогика мен психология ғылымдары қағидалары қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері, әдет – ғұрпы мен дәстүрі, республикалық аймақтық ерекшеліктері, экономикалық, географиялық жағдайлар, қазіргі білім
мазмұнының кемшіліктері жайындағы қорытындылар, педагогика ғылымы мен озық тәжірибенің бүгінгі жетістіктері мен жаңалықтарына сүйене отырып, білім мазмұнын анықтау.
Оқушылар меңгеруі тиіс білім құрамы мен олардың пән бойынша игеруі міндетті білік пен дағдылардың түрлері мен деңгейінің алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің мектептеріндегі бастауыш буын үшін анықталған
мөлшерден және деңгейден кем болмауы.
Бастауыш буынның соңына қарай оқушылардың білім , білік, дағдыларына қойылатын талаптар тұрғысынан алғанда бастауыш мектеп пен орта буынның алғашқы сыныптары арасындағы сабақтастықтың шын мәнісінде
жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.
Балалардың жас және психологиялық ерекшеліктерін қатаң ескеру, яғни балалардың ойлау, қабылдау, есте сақтау, зейінділік тәрізді
қабілеттерінің даму ерекшеліктерін ескеру, сондай-ақ олардың тілін ұстарту және дамыту, соның ішінде математикалық тілдік қорын қалыптастыру,
дамыта түсу.
Қарастырылатын объектілерді іріктеп алу және оларды
топтастыру, қарстыру ретін анықтау, материалды шоғырландыра түсу, оқыту мазмұнының сыныпаралық бөлінуіне түбегейлі өзгеріс енгізу.
Сабақ мақсатына мынадай талаптар қойылады.
Сабақ мақсаты: оқушылар қандай білімді меңгеру керек . (білімділік ), қандай іскерліктер қалыптастырылды (дамыту), сабақтың оқушыларды
тәрбилеуге қосқан үлесі қандай(тәрбиелік )мәселелерге мәселелерге жауап беруі тиіс.
Сабақ мақсаты өте дәл тұжырымдалуға тиіс, яғни сабақта қандай білім , іскерлік және машықтар қалыптастырылатыны, тәрбиелік қызметінің мәні белгіленуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |