Математиканың оқыту үрдісі - сабақ.Сабақ әр түрлі құрылымнан тұрады.
Сабақты әр түрлі формада өткізеді. Сабақты жанды ету үшін сабақтың жоспарын жақсылап құрылуы керек.
Математиканы оқытудың ғылыми әдістері:
Бақылау және тәжірибе
Салыстыру және талдау
Абстракциялау, нақтылау, жалпылау
Индукция және дедукция
Анализ және синтез
Математиканы оқыту әдістері мен формалары:
Әдістер мәселесі және оның қазіргі кездегі математиканы оқытудағы рөлі.
Оқыту әдісі, ұғымы, әдістердің жалпы сипаттамасы
Түсіндірме-иллюстративтік әдіс
Зерттеу әдісі
Бағдарламалық оқыту
Жаңашыл мұғалімдердің негізгі әдістері мен принциптері
Математиканы оқыту формалары
Математикадан оқу- әдістемелік кешен және оның құрамына енетін әр құралдың мәні, қызметі, ерекшеліктері.
Математиканы оқыту әдістемесі ( методикасы ) — педагогиканың бір саласы. Ол математика ғылымының белгілі бір даму дәрежесіне лайық қоғамның алға қойған оқыту мақсаттарына сай математиканы оқытудың заңдылықтарын зерттейді. Методика (әдістеме) терминінің төркіні «метод» «әдіс» — «жол» деген грек сөзінен шыққан. Математика әдістемесін басқаша «математика
педагогикасы», «математика дидактикасы» деп те атайды.
Олардың мағынасы бір-біріне өте жақын, сондықтан да оларды біз бір мағынада қолданамыз.
Математиканы оқыту әдістемесі ең алдымен математика ғылымымен тікелей байланысты дамиды. Сондықтан да математика әдістемесінің мазмұны мен даму барысын дұрыс бағдарлап түсіну үшін математика ғылымының даму тарихынан мағлұматтар білу қажет.
Математика ақиқат дүниенің кеңістіктік формалар мен мөлшерлік қатынастарын зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |