Конспект №1 Тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту əдістемесі» ғылым жəне оқу пəні


Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту келесі өзара байланысты төрт түрлі мақсатқа жетуді көздейді



бет23/76
Дата22.07.2023
өлшемі0,92 Mb.
#104633
түріКонспект
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   76
Байланысты:
математика о ә

Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту келесі өзара байланысты төрт түрлі мақсатқа жетуді көздейді:





    1. Білімділік: бағдарламаға сәйкес математикалық білім, білік және дағдылардың белгілі бір көлемін оқушыларды игеруі;

    2. Тәрбиелік: шынайы ғылыми дүниетанымдық көзқарасты, жоғарғы ізгі игіліктер мен сапалар, еңбекке дайын болу және тағы басқа қасиеттерді қалыптастыру;

    3. Дамытушылық: логикалық құрлымдар мен олаудың математикалық стилін дамыта түсу;

    4. Практикалық: меңгерген математикалық білімдерін нақтылы

жағдайларда практикалық есептерді, мәселелерді шешуде қолдана білумен байланысты білік қалыптастыру.

Осы мақсаттардың табысты шешілуі оқыту мазмұнын тиімді жолмен алуға, оны оқытып үйретудің жан- жақты ойластырылған жүйесін құруға және оқытудың сәйкес әдіс-тәсілдерін, жабдықтарын, ұйымдастыру тәсілдерін (формаларын) іріктеп алуға байланысты. Ең басты мәселе оқыту мазмұны мен оның құрлысын анықтау болып табылады.




Бастапқы математикалық білімнің негізгі мақсаттарына сəйкес, оқу пəні бірқатар міндеттерді айқындайды. Атап айтқанда:





  • логикалық ойлауды, кеңістіктік елестетуді және математикалық терминдерді пайдалану біліктілігін дамыту;

  • оқу және тәжірибелік проблемаларды шешу, арифметикалық алгоритмдерді пайдалану, геометриялық салулар мен математикалық зерттеулер жүргізу

қабілеттерін дамыту;

  • сын тұрғысынан ойлауды, шығармашылық қабілеттерді дамыту;

  • математиканы әлемді суреттеу, модельдеу және түсіну тәсілі ретінде қабылдау;

  • өзінің математикалық білімі мен біліктерін басқа пәндерді меңгеруде, күнделікті өмірде қалай пайдалану керектігін түсіну;

  • білуге құштарлық, мақсаттылық, жауапкершілік, сенімділік және тәуелсіздік сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту;

  • түсінудің, түсіндірудің, талдаудың, синтездің, жүйелеудің, қолданудың және суреттеудің когнитивтік дағдыларын дамыту;

  • коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларын, топпен жұмыс істеу және өз көзқарасын білдіру, басқа адамдардың пікірін құрметтеу, көшбасшылық

қасиеттерін көрсету, өз жұмысын жазбаша және ауызша түрде таныстыру дағдыларын дамыту;

  • ақпаратты іздестіру және таңдау, өз уақытын басқару, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға негізделген.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет