Конспект №1 Тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту əдістемесі» ғылым жəне оқу пəні



бет57/76
Дата22.07.2023
өлшемі0,92 Mb.
#104633
түріКонспект
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   76
Байланысты:
математика о ә

«өрнектің мәні» сияқты түсініктер сандар мен шамалар және олармен жүргізілетін амалдар, салыстыру сияқты мәселелермен тығыз байланыста қарастырылады. Сандарды салыстыру – кӛрнекілікке сүйеніп, қайсы топта заттардың артық, кем немесе сонша екенін тағайындаумен байланыстырылады және салыстырудың нәтижесі қатынас таңбаларының (=,>,көмегімен жазылып көрсетіледі, ал шыққан жазулар сәйкес «теңдік» немесе «теңсіздік» деп аталатыны айтылады. Сандарды және амал таңбаларын пайдаланып орындалған жазу - өрнек болып табылады. Амалды орындағанда шыққан нәтиже - өрнектің мәні деп аталады. «Қосынды» деп
«+» таңбасы және сандарды, ал «айырма» деп «-» таңбасы және сандарды пайдаланып орындаған жазуды айтады. Амалдың нәтижесінде шыққан санды сәйкесінше «қосындының мәні», «айырманың мәні» деп атайды.
2. Санды өрнектермен жүргізілетін жұмыстардың табиғи жалғасы ретінде әріпті өрнек жайында түсінік қалыптастырылады. Мұнда құрамында бір ғана әріп болатын әр алуан қосындылар мен айырмалар құруға, әріптің берілген мәндерінде олардың мәндерінтабуға, оларды оқуға және жазуға қатысты білік пен дағдылардың негізін қалаумен шектелу көзделеді. Әріптің мәні белгісіз болса, әріпті өрнектің мәнін табу мүмкін емес, сондай-ақ әріптің
әрбір мәніне әріпті өрнектің бір ғана мәні сәйкес келеді, яғни әріптің мәні өзгерсе, әріпті өрнектің мәні де өзгереді. Сандарды және амал таңбаларын, әріптерді пайдаланып орындалған жазу әріпті өрнек болып табылады.
Теңдеу – құрамында әріпті өрнек болатын теңдік түрінде енгізіледі және сол теңдікті тура санды теңдікке айналдыратын әріптің мәнін табу міндетті деп есептеледі. Яғни, әріпті өрнектен, саннан, теңдік белгісінен құралған жазу теңдеу болып табылады. Теңдеудің шешімі- теңдеуді тура санды теңдікке айналдыратын әріптің мәні. Теңдеу болу үшін әріпті өрнек пен өрнектің мәні теңдік таңбасымен жалғастырылып жазылуы тиіс. Сонда теңдіктің сол жақ және оң жақ бөліктері болады. Мысалы, а+2=6 теңдеуі берілсе, қандай санға 2-ні қосқанда 6 шығатынын табу керек. Сол санды іздестіреміз, яғни өзімізге белгілі сандарды біртіндеп сынап көреміз. а=4 болғанда тура санды теңдік шығады. Яғни теңдеудің шешімі а=4. Басқа да қарапайым теңдеулер осыған ұқсас «сынап көру» тәсілімен шешіледі.
Қарапайым теңдеу және оны шешудің тәсілдері.

  1. Теңдеудің екі бөлігін де бірдей санға бөлу.

  2. Бөлу амалымен байланысты теңдеуден көбейту амалымен байланысты теңдеуге көшу. Бағдарлама негізгі мектепте алгебра курсын оқып үйренуге қажетті даярлықтың практикалық негізін бастауыш мектепке қалайтын алгебра элементтерін қарастырудың мүмкін жолдарын ұсынады. Мұнда алгебралық қарапайым түсініктер мен ұғымдарды: өрнек, сандық өрнек, сандық теңдік және теңсіздік, әріптік өрнек, әріптік өрнектің мәні, әріптің әрбір мәніне өрнектің бір ғана мәні сәйкес болатыны, қарапайым теңдеулер және оларды шешу тәсілдері, құрылысы күрделі теңдулер және оларды шешу тәсілі, алгебралық тәсілмен, яғни теңдеу құру арқылы есептер шығару және тағы басқаларды қарастыру көзделеді. Әріпті өрнектердің а+5, а-3, 7-а, 7+а, а·2, а:2, 5·а, а:3 сияқты сандар аймағы кеңейген сайын, сандық деректері күрделене түсетін қарапайым түрлері қарастырылады. Арифметикалық амалдар арқылы біріктірілген сандар тізбегін өрнек деп атайды немесе математикалық өрнек деп белгілі бір ереже бойынша құрылған сандарды және оларға қолданылатын амалдарды белгілейтін математикалық таңбалар тізбегін айтады. Теңдеумен таныстыру әдістерінің кезеңдері. 1. Теңдікті жазу

2. Белгісіз санмен (ойлаған санмен ) теңдікті жазу 3. Теңдеу ұғымын енгізу 4. Теңдеуді тура теңдікке айналдыру, яғни теңдеуді шешу. 3+4=7 теңдік, 3+а=7, 10-а=1 әріп арқылы берілген теңдік теңдеу деп аталады. Теңдеулерді шешу барысында балаларда біртіндеп теңдеу әріппен белгіленген, белгісіз саны бар теңдік деген ұғым қалыптаса бастау керек. Балалар теңдеуді шешкен кезде әр қашан теңдік дұрыс болатын белгісіз санның мәнін табу керектігін түсінулері керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет