Конспект алғЫСӨз монографияда білім беру зерттеулерінің үш негізгі типін ұйымдастырудың ұстанымдары мен ерекшеліктері көрсетілген: сандық, сапалық және аралас (құрамдастырылған). I бөлім



бет15/21
Дата30.01.2023
өлшемі62,5 Kb.
#63853
түріКонспект
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
Конспект

2 ТАРАУ
Әдебиетке шолу
Лаура Қарабасова


Тарауды оқудан күтілетін нәтижелер:
• тақырыпқа қатысты әдебиетке шолудың мәнін, мақсат-міндеттерін және ауқымын түсіну;
• шолу жасаудың нақты қадамдарын білу, қажетті дағдыларға ие болу және алынған білім-дағдыларды тәжірибеде қолдана білу;
• өзіндік зерттеу мен оның концептуалдық негізінен хабардар болу;
• концептуалдық аяның рөлі мен құрылымын түсіну;
• әдебиетке шолудың негізгі нәтижелерін талдау, жинақтау және түсіндіру.
2.1 Әдебиетке шолудың мақсаты мен қызметтері

Әдебиетке шолу зерттеудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, онсыз белгілі бір салада ненің қалай зерттелгенін айқындап, зерттелетін тақырып туралы толық түсінік қалыптастыру мүмкін емес. Әдебиетке сапалы шолу жасауды нәтижелі зерттеудің алғышарты деуге болады.


Әдебиетке шолу – дереккөздерді айқындау, іздеу, оларға талдау жүргізу, зерттеліп отырған тақырыпқа қатысты білім-білікті түйіндеу мақсатында алдыңғы зерттеулердің нәтижелерін жинақтап қарастырудың жүйеленген үдерісі. Дереккөздер мақала, әдебиеттерге шолу, кітаптар, монографиялар, диссертациялар мен ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі есептер болуы мүмкін.
Әдебиетке шолу дегеніміз – ғылыми жобаның, диссертацияның, мақаланың, ғылыми баяндаманың және ғылыми-зерттеу жұмысы есебінің міндетті де маңызды құрамдас бөлігі. Аталмыш бөлім әдетте кіріспеден кейін, әдіснама бөліміне дейін ұсынылады. Таңдалған зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттердің мазмұнын жүйелеу, талдау, талқылау зерттеу жұмысының ғылыми құндылығын айқындайды.
Харт (Hart,1998) әдебиетке шолудың төмендегідей мақсаттарын атап көрсетеді:
• не істелгенін және не істеу керектігін ажырату;
• тақырыпқа қатысты маңызды идеяларды айқындау;
• идеяларды байланыстыра отырып, жаңа көзқарастарды алу;
• идеялар мен тәжірибе арасындағы байланысты анықтау;
• белгілі бір тақырыптың немесе мәселенің мазмұнын бекіту;
• зерттелетін мәселенің өзектілігін негіздеу;
• пәндік лексиканы меңгеру;
• зерттеу сұрағының құрылымын түсіну;
• идея мен теорияны қолданумен байланыстыру;
• алдыңғы зерттеулерде пайдаланылған басты әдіс-тәсілдерді айқындау;
• заманауи тенденциялар туралы хабардар екендігін таныту мақсатында зерттеуді тарихи мәнмәтінде қарастыру.

Әдебиетке шолудың мазмұннан ерекшелігін ажырата білу маңызды, әдебиетке шолу зерттеліп отырған деректердің мазмұнын сипаттайтын немесе алдыңғы зерттеулердің мазмұнын көшіріп беретін тізімдер жиынтығы емес. Шолу зерттеу тақырыбы бойынша заманауи білімдер жиынтығын ұсына алуы қажет; сондай-ақ, ізденушінің материалдарды талдаудағы зерттеушілік қарым-қатынасын көрсетуі тиіс. Сондықтан әдебиетке шолу жасағанда дереккөздерді «өзара әңгімелескендей» етіп талқылау секілді беруге болады (Purdue University, n.d.). Блумберг пен Волпе жазғандай (Bloomberg & Volpe, 2012), шолу жасау арқылы ізденуші басқа зерттеушілер мен теоретиктердің арасындағы үздіксіз ғылыми талқылауға араласа бастайды: алдымен олардың не туралы «айтатынын» тыңдайды, содан соң диалогты жалғастыру үшін өз пікіріңізді тұжырымдайсыз. Осылайша, әдебиетке шолу бұрыннан белгілі нәрсені табуды, меңгеруді және де ғылыми талқылауға сыни да жаңашыл тұрғыдан келуді үйретеді. Басқаша айтқанда, зерттеушінің шолуы ғылыми әдебиеттерді сыни тұрғыдан талдау, оған қатысты белгілі бір тұжырым жасау арқылы «тарихты әңгімелейді».


Әдебиетке шолу екі түрлі қызметі атқарады. Біріншіден, ол оқырмандарға нақты бір тақырыпты зерттеу барысында зерттелген дереккөздері жайында жалпылама түсінік береді. Екіншіден, шолу сіздің зерттеуіңіз ғылымның неғұрлым кең саласына қалай кірігетінін көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет