Конспект алғЫСӨз монографияда білім беру зерттеулерінің үш негізгі типін ұйымдастырудың ұстанымдары мен ерекшеліктері көрсетілген: сандық, сапалық және аралас (құрамдастырылған). I бөлім



бет14/21
Дата30.01.2023
өлшемі62,5 Kb.
#63853
түріКонспект
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Байланысты:
Конспект

1-тарау бойынша тапсырмалар
1-тапсырма. Зерттеу тақырыбы мен мәселелерін айқындау
1. Білім беру жүйесінде сізді зерттеуші ретінде не мазалайды? Нені түсінгіңіз келеді?
2. Аталған зерттеу тақырыбында олқылықты кездестірдіңіз бе?
3. Аталған мәселені зерттеуде өз үлесіңізді қалай қосар едіңіз?
4. Болашақ зерттеу жұмысыңызға атау ойластыру зерттеу тақырыбын таңдаудың тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады (Creswell & Creswell, 2020). «… туралы менің зерттеуім» сөйлемін толықтыруға тырысыңыз. Мысалы, «Менің Қазақстан өңірлік жоғары оқу орындарында жұмыс істейтін жас оқытушыларды кәсіби тұрғыдан дамыту туралы зерттеуім» деген тәрізді. Байқасаңыз, ұсынылып отырған зерттеу тақырыбы әлеуметтік мәнмәтін тұрғысынан өте шектеулі. Біз нақты бір жас оқытушылардың кәсіби тұрғыдан дамуын, нақты бір өңірлік жоғары оқу орындарын, Қазақстан Республикасы сынды нақты бір елді зерттеуді мақсат етіп алдық. Яғни тақырып атауы зерттеуіңіздің аясын тарылтып тұр.
5. Зерттеу тақырыбын анықтаудың тағы бір өзгеше тиімді тәсілі – тақырып атауын өзіңізді зерттеуші ретінде қызықтыратын сұраулы сөйлем түрінде құрастыру (Creswell & Creswell, 2020). Болашақ зерттеу жұмысыңыздың соңында ең маңызды деген қандай сұраққа жауап беру керек? Мәселен: «Қазақстан өңірлік жоғары оқы орындарында жұмыс істейтін жас оқытушылар өздерінің кәсібилігін дамыту үшін қандай стратегиялар пайдаланады?»


1-тарау бойынша тапсырмалар
2-тапсырма. Зерттеу сұрақтарын құрастыру
Өзіңізді қызықтыратын екі түрлі зерттеу сұрағын жасаңыз. Мына сұрақтарға жауап бере отырып, оларды өз әріптесіңізбен талқылаңыз:
1. Зерттеу сұрағы түсінікті ме?
2. Сұрақ тым кең не тым тар емес пе?
3. Сандық, сапалық және аралас зерттеу әдістерін пайдалана отырып, мәселені жеңіл де толыққанды зерттеуге бола ма? Зерттеудің соңғы кезеңінде ұсынылған әдістердің көмегімен сұрақтарға жауап беруге болатын, болмайтындығын сұрауға болады.
4. Әрбір зерттеу сұрағына жауап алу үшін қандай әдістер пайдаланар едіңіз?
5. Зерттеу ауқымы мен уақыт жағынан өзіңіз кездесіп отырған шектеулерді есепке ала отырып, зерттеу сұрақтарына жауап беру мүмкін бе?
6. Сіздің зерттеу сұрағыңыз қаншалықты мәнді, яғни ол маңызды тұжырыммен не болмаса тақырыппен байланысты ма? Зерттеу сұрақтарыңызды жетілдіру үшін оларды тағы да бір қайта қарап.

61-бет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет