Зерттеу сұрағы
|
Категория
|
Дескриптор
|
НЗМ мұғалімдері CLIL педагогикасын қалай түсініп, тұжырымдайды?
|
Мұғалімдердің интеграцияны және өздерінің кәсіби рөлін қабылдауы
|
Мұғалімдер оқытудың дуалды бағдарын қалай қабылдайды, интеграцияны қалай түсінеді, өздерін қалай таниды: тек пән мұғалімі ретінде ме, әлде тілге де, пәнге де жауапкершілікті бірдей сезіне ме
|
|
Мұғалімдердің тілге назар аударуды және тілді үйренуді қабылдауы
|
Мұғалімдер тіл және академиялық тіл ұғымдарын қалай қабылдайды? Мұғалімдер оқушылардың тіл дағдыларын дамытудағы өздерінің рөлін түсіне ме?
|
|
CLIL педагогикасының мақсаттары мен негіздемесінің тұжырымдалу
|
Мұғалімдер екінші/үшінші тіл арқылы оқытуға көшудің мәні мен себептерін қалай түсінеді, мұндай оқытудың мақсатын түсіне ме?
|
НЗМ мұғалімдері өз сабақтарында CLIL әдісін қалай пайдаланады?
|
CLIL сабағын жобалау және жоспарлау
|
Мұғалімдер CLIL сабақтарын қалай жоспарлайды, тілдік мақсаттарды қалыптастыра ма? CLIL сабақтарының дәстүрлі сабақтардан айырмашылығы неде?
|
|
Кіріктіруді жүзеге асыру: тәжірибесі мен стратегиясы
|
Пән мен тілді кіріктіру үшін қандай тапсырмалар қолданылады, сабақта қандай педагогикалық стратегиялар пайдаланылады?
|
|
CLIL сабақтарындағы өзара байланыс және коммуникация
|
Сабақтағы іс-әрекетті ұйымдастыру формасы қандай? Сабақта қандай тілдер қолданылады? Коммуникация қалай ынталандырылады?
|
Санамаланып көрсетілген категориялар деректерді кодтау үдерісіне бағытталады, нәтижесінде төмендегідей тақырыптар қалыптасады: