1.6-сурет. Сапалық зерттеудегі индуктивті логика (Creswell & Creswell, 2020, 110-б.) (жекеден жалпыға қарай)
Зерттеуші деректерді жинайды (мысалы, сұхбат және бақылау әдісі)
Зерттеуші қатысушыларға ашық сұрақтар қояды немесе зерттеуге қатысушыларға сұхбат немесе бақылау жүргізу процесінде жазбалар жасайды
Зерттеуші тақырыптарды немесе категорияларды қалыптастыру үшін деректерді талдайды
Зерттеуші талданатын тақырыптарға немесе категорияларға негізделген жалпы заңдылықтарды, жалпылауларды немесе теорияларды іздейді.
Зерттеуші қорытынды жасайды немесе өткен тәжірибесі мен әдебиетті талдау негізінде теория жасайды.
Сапалық зерттеулерде зерттеуден алынған нәтижелердің сәйкестілік қаупі туралы айту әдетке айналған (Morse et al., 2002). Максуэлл сәйкестілік қаупінің мынадай екі негізгі түрін бөліп көрсетеді:
1) зерттеушінің біржақтылығы (researcher bias) және
2) зерттеушінің зерттеу үдерісіне ықпалы (reactivity) (Maxwell, 2013). Зерттеушінің біржақтылығы адамның қалауы немесе жеке көзқарасы негізінде деректерді іріктеп жинау немесе жазу кезінде көрінуі мүмкін. Зерттеушінің ықпалы оның сұхбат алушы ретінде зерттеуге қатысушыларға ықпал етуінде болуы ықтимал. Зерттеуші деректердің сәйкестілігіне қауіп төндірмеу үшін сұхбат барысында қатысушыларды жауаптарды беруге ынталандыратын жетекші сұрақтар қоймауы керек12.
Сандық және сапалық деректерді біріктірудегі ұтымды жол триангуляция деп аталады, яғни «әртүрлі зерттеушілердің әтүрлі әдіспен және мүмкін болса барлық сенімді деген триангуляция әдісімен түрлі көздерден жиналған деректерді пайдалануы» деген сөз (Robson, 2008, 404-б.).
Әлеуметтік ғылымдардағы триангуляцияның негізгі төрт түрі (Denzin, 1988; Robson & McCartan, 2016, с. 171)
1. Деректерді триангуляциялау: деректерді жинауда бірнеше әдісті қолдану (мысалы, бақылау, сұхбат, құжаттар);
2. Бақылаушының триангуляциясы: зерттеуде бірнеше бақылаушыны қолдану;
3. Әдіснамалық триангуляция: зерттеудегі сандық және сапалық тәсілдердің үйлесімі;
4. Теориялық триангуляция: бірнеше теорияны немесе көзқарастарды қолдану.
Сандық және сапалық зерттеулердің біріктіру стратегиясын таңдауда сандық және сапалық деректердің басымдығы мен тепе-теңдігін ескеру аса маңызды (Creswell & Plano Clark, 2018). 1.6-кестеде сандық, сапалық және аралас (құрамдастырылған) зерттеулердің негізгі ерекшеліктері ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |