Конспект алғЫСӨз монографияда білім беру зерттеулерінің үш негізгі типін ұйымдастырудың ұстанымдары мен ерекшеліктері көрсетілген: сандық, сапалық және аралас (құрамдастырылған). I бөлім



бет20/21
Дата30.01.2023
өлшемі62,5 Kb.
#63853
түріКонспект
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Конспект

2.4 Зерттеудің концептуалдық аясы

Тиісті әдебиетке шолу концептуалдық аяны анықтауға негіз болады. Концептуалдық аяны анықтау магистранттар мен докторанттар үшін зерттеудің ең бір күрделі аспектілерінің бірі болып саналады. Зерттеушілер концептуалдық аяның рөлі қандай, ол қалай анықталады және зерттеуде қалай қолданылады? деген сұрақтарды жиі қояды. Оның үстіне көпшілігі концептуалдық аяны теориялық аямен шатастырады, оларды синоним ретінде бірінің орнына бірін жұмсайды.


Теориялық аяның сандық зерттеулерге тән екенін және оның деректерді жинамас бұрын анықталатынын айта кету керек. Ал концептуалдық ая, Кэмптің (Сamp, 2001) пайымдауынша, зерттелетін құбылыс жөніндегі бұрыннан қалыптасқан және жинақталған білім мен ақпараттың жалпылама көрінісі. Концептуалдық ая – теориялық ая шеңберінде зерттеу идеяларының бір-бірімен байланысын құруға көмектесетін өзара байланысты ұғымдардың логикалық құрылымы.
Концептуалдық ая талқыланған әдебиеттердің категорияларын қамтиды. Ол категориялар өте маңызды рөл атқарады, себебі олар деректерді талдап, түсіндіру үдерісін басқарады және зерттеу нәтижелерін ұсынудың негізі қызметін атқарады. Концептуалдық ая кейбіреулердің оның атына қарап болжам жасайтынындай, визуалды модель не болмаса сызба түрінде емес, керісінше, баяндау түрінде сипатталады. Диссертация құрылымында концептуалдық ая сол тараудағы әдебиетке шолу жасалғаннан кейін ұсынылады. Әдебиетке шолу нәтижесінде анықталатын категориялар, көбінесе, нәтижелерді сипаттау үшін тақырып немесе тақырыпша түрінде қызмет етеді. Сонымен қатар концептуалдық аядағы категориялар кодтау үдерісінде код атаулары ретінде пайдаланылады.
Блумберг пен Волпе (Bloomberg & Volpe, 2012) концептуалдық аяны жасау үшін мынадай нұсқаулықтар ұсынады: 1. Категорияларды әзірлеу. Зерттеу сұрақтарына тікелей қатысы бар концептуалдық категорияларды қалыптастыру қажет. Бір зерттеу сұрағына қатысты кем дегенде бір категория болуы тиіс. Бұл категориялар зерттеуіңіздің тетігі ретінде қызмет етеді; кейінірек оларды аналитикалық категорияларға айналдыруға болады. 2. Әр категория бойынша дескрипторлар әзірлеу. Әдебиетке шолу нәтижесінде қалыптасатын әрбір категория бойынша түйінді мазмұнның сипаттамасын беруіңіз керек. Ол дескрипторлар талқыланған әдебиеттен не алғаныңызды, зерттеу тәсілдерін сынақтан өткізу деректерін (егер сынақтан өткізілген болса) және зерттеу сұрақтарына алдын-ала берген жауаптарыңызды көрсетеді. Зерттеу жүргізу барысында дескрипторлардың қайта қаралып, кейбіреулерінің жойылуы мүмкін екенін айта кету керек. «Қазақстандағы пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту (CLIL): Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі (НЗМ) бес мұғалімнің кейсін зерттеу» (Karabassova, 2018) докторлық диссертациясындағы концептуалдық аясын қарастырайық. Шолу нәтижесінде төмендегідей категорияларды қамтитын концептуалдық ая әзірленді:

Зерттеу сұрақтарының, концептуалдық категориялар мен дескрипторлардың сәйкестілік үлгісі







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет