15.4 Қазақстан Республикасының халықаралық экосаясаты ХХ ғасырдың екінші жартысында адамзат дамудың жаңа кезеңіне өтті. Экологиялық жағдайдың өсуіне байланысты көптеген мемлекеттер экологиялық мәселелерді шешу үшін мақсатты және кешенді шараларға көшті.
Жер шарының барлық мемлекеттері табиғатты және қоршаған ортаны сақтау, мемлекеттік қызметтер өрісінде, энергетика көздерін ықтималды пайдалануда және т.б. теориялық өңдеуді қажет ететіндігін мойындайды.
Экологиялық саясаттың құрылуын және қазіргі жағдайын әрбір мемлекеттің саяси және экономикалық, тарихи-мәдени дамуының ерекшеліктері мен жалпы жағдайларын саралау керек. Табиғат қорғау жағдайын бақылауға әрбір мемлекет ұзақ және түрлі даму жоспарлары арқылы қол жеткізуге болады.
Бірақ жалпы алғанда экологиялық саясаттың екі негізгі деңгейі бар:
1. Табиғи факторлар (табиғатты, адамзаттың тіршілік ету ортасын қорғау, экологиялық теңдікті сақтау және оның табиғи жағдайы);
2. Әлеуметтік белсенділік факторы (қоршаған ортаны қорғаудың экономика-құқықтық механизмі.
1982 жылы БҰҰ-да қабылданған табиғатты қорғаудың әлемдік стратегиясы бойынша экологиялық саясаттың негізгі бағыттары мыналар: маңызды және тұрақты экологиялық жағдайларды қолдау, әрбір мемлекеттің генетикалық өзгерістерін сақтау, экожүйе түрлерін ұзақ және тиімді пайдалану мүмкіндігімен қамтамасыз ету.
1992 жылы 3...14 маусымда Рио-де-Жанейрода (Бразилия) экологиялық мәселелерге арналған ірі халықаралық конференция өтті. Конференцияда дамушы мемлекеттердің дамыған мемлекеттер жеткен жолмен жету мүмкін еместігі бекітілді. Бұл жол апатты жағдайға әкеліп соғатын болды.
Қазақстан конференция жұмыстарына қатысып, оның негізгі құжаттарын бекітуге қатысты: Рио Декларациясы және әлемдік қауымдастықтың тұрақты даму бағдарламасы – «ХХI ғасыр күн тәртібі».
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев басқарған Қазақстан Республикасының делегациясы ООН мамандандырылған сессиясының Бас ассамблеясы «Рио+5» (1997ж.) жұмыстарына қатысты. Онда «ХХI ғасыр күн тәртібінің» орындалу барысына ғаламдық баға беріледі.
Арал теңізінің апаты, биологиялық түрлілікті жою, құрғап қалу және ауыз су қорының сапасының төмендеуі сияқты экологиялық мәселелер өткір болып кетті және халыққа зиянды әсер етеді. Осының салдарынан Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны тиімді пайдалану және қорғаудың тиімді шаралары аса қажет болуда.
Экологиялық қауіпсіз және тұрақты дамуға өту қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының даму стратегиясының басты бағытының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы жаңа ғасырға өте отыра, көптеген басқа да мемлекеттер сияқты қоршаған орта аумағындағы салмақты мәселелерге кез болады және де олардың шешімі мемлекеттік саяси деңгейге өткен. Қазақстан Республикасының 2030 Стратегиясында «тамақтанудың жақсаруы, экология мен қоршаған ортаның тазалығы» басты бағыт ретінде анықталған.