Конспектісі «Экология»



бет41/63
Дата03.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#133193
түріКонспект
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63
Сүзгілер. Сүзгілер өнеркәсіпте желдеткіш ауаны қоспалардан, сонымен қатар, газды лақтырыстарды өнеркәсіптік және санитарлық тазалау үшін қолданылады.
Сүзу үрдісі қоспалар бөлігін кеуекті таса арқылы ұстау болып табылады. Сүзгі екі қуысқа бөлінген кеуекті тасадан (сүзгіліэлемент) тұратын қорапша ретінде болады. Сүзгіге ластанған газ түседі және олар сүзгіліэлементтен өткенде тазаланады. Қоспалардың бөлігі кеуекті тасаның кіріс бөлігінде тұнып ұсақ саңылауларда ұсталынады. Қоспалар бөлігі таса бетінде қабат пайда болады, бұл қабат тазалануға түсетін бөліктер үшін сүзгінің бөлігі ретінде болады, бұл үрдіс сүзгіліэлементке түсетін қысымды төмендетеді және тазалау нәтижелілігін жоғарылатады. Бөліктердің сүзгіэлементінің көмегімен тұнуы жанасу іс-әрекетінде, сонымен қатар бөліктердің диффузиялық, гравитациялық және инерциялық тұну үрдісі қорытындысында болады. Сонымен қатар сүзгіэлементтердің бетінде пайда болатын тұнбалар қабатының бөлігімен сүзу; тұнба қабатымен саңылауды бітеу үрдісінің маңызы зор.
Сүзгілердің жіктелуі сүзгі тасасының түріне, сүзгі конструкциясына және оның тағайындалуына, тазалауына негізделген.
Сақтау түрі бойынша барлық сүзгілер төменде көрсетілген сүзгілерге бөлінеді:
– түйіршікті қабатпен (қозғалмайтын шашылған түйіршікті материалдар, жалған қоюлатылған қабат);
– иілгіш кеуекті тасамен (маталар, мақталар, мақтадан жасалған маталар, губка тәріздес резеңке, пенополиуретан);
– қаттылығы орташа кеуекті тасамен (тоқылған торлар, пресстелген спиралдар және жоңқа);
– қатты кеуекті тасамен (кеуекті керамика, кеуекті металдар).
Өнеркәсіпте құрғақ түрде газды қоспалардан тазалау үшін матадан жасалған қолғап тәріздес сүзгілер қолданылады. Оны технологиялық газдарды шаңдардан тазарту үшін қолданады, олар улы емес және өрт, жарылуға қауіптілігі жоқ. Газды қолғаптың ішкі жағынан сыртқа қарай тазалаумен орындалады.
Сүзгінің қорапшасында жеткілікті қолғаптар саны орналастырылады, қолғаптың ішкі жағына патрубоктан шаңданған газ беріледі. Ластанған бөліктердің бөлігі типтік және басқа нәтижелердің арқасында мақтаға тұнып қолғаптың сыртқы бетінде шаңды қабатты тудырады. Тазаланған ауа патрубок арқылы шығады. Сүзгіде қысым түскеннен кейін оны жүйеден сөндіреді және қолғаптарды сілку регенерациясын орындайды. Регенерацияны арнайы қондырғының көмегімен орындайды. Матаны тазалағанда көптеген қабаттар жойылады, бірақ мата ішіндегі мақта арасында шаң қалады, осыған байланысты сүзгінің газды тазалау нәтижелілігі өседі.
Қолғапты түрдегі сүзгінің РФК–300 қорапшасы әртүрлі технологиялық газдардан шаңдарды ұстау үшін қолданылады. Сүзгінің қорапшасы 10 секцияға бөлінген, асты ашық және үсті жабық сүзгілі қолғаптар орналастырылған. Қолғаптың төменгі бөлігі торға бекітілген. Жоғарғы жағынан қолғап ортақ раманың ілгішіне бекітілген. Тазаланған газды қолғапқа төменгі жақтан береді. Тазаланған газ қолғаптың ішінен өтіп сыртқа шығады. Аппаратта автоматты түрде секция бойынша маталарды регенерациялау қарастырылған. Бұл үрдісті қолғаптарды сығу және сыртқы жағын үрлеу көмегімен іске асырады. Тазаланған газдың және желдетудің ашық және жабық кесінділері де автоматты түрде орындалады.
Қолғаптарды дайындау үшін әртүрлі маталар және мақталар қолданылады. Бұндай сүзгілердің тазалау нәтижелілігі 0,99 құрайды. Аппараттар ірі габариттерді өңдеген кезде қолғаптар саны жүз данаға дейін барады.
Қолғапты сүзгілер дұрыс жұмыс жасау үшін қолайлы шарты анықталған шекте сүзгі бойымен жүретін газдың жолы бойынша тазаланатын газдың температурасын ұстап тұру болып табылады. Сүзгіге кіргенде газ температурасы, бір жағынан мата үшін мүмкін болатын температурадан аспау, ал екінші жағынан тамшы нүктесінің температурасынан 15…30 ºС жоғары болу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет