Конспектісі «Экология»


«Жасыл көпір» Астаналық бастамасы



бет35/63
Дата03.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#133193
түріКонспект
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63
Байланысты:
Дәрістер Экология 2 болим

15.5 «Жасыл көпір» Астаналық бастамасы
«Жасыл көпір» Астаналық бастама – бұл «жасыл экономикаға» ауысудың негізгі бастамасы болып табылады.
«Жасыл көпір» бағдарламасының идеясы: «Біздің қалаған болашағымыз» атты жасыл экономиканың тұрақты дамуы және кедейшілікті жоюға бағытталған РИО+20 Саммитіндегі Азия, Еуропа және Тынық мұхиты мемлекеттерімен серіктестік құру.
«Астананың «Жасыл көпір» бастамасының артықшылықтары жан-жақты серіктестік, табиғат ресурстарын экотиімді пайдалану және экожүйелік қызметтерді қаржыландыру, климат жағдайларының өзгерісіне бейімделу, қалалардың тұрақты дамуына қол ұшын беру, «жасыл» технологиялар мен «жасыл» бизнестің алға шығуы, өмір сүру сапасы мен тұрақты өмір салтын дамыту, жасыл құрылыс, ауылшаруашылық, электроэнергетикадағы жаңа технологиялар, қалдықтарды басқару және жабық цикл шарттарында материалдарды өңдеу, су ресурстарын басқару, су тарту мен сумен қамтамасыз ету, аумақтық даму болып табылады.
Астаналық бастаманың қазақстандық артықшылықтардың арасындағы негізгісі – су ресурстарын тұрақты дамыту және жоғарғы тиімділікті энергияны дамыту.
Жалпы Астаналық бастаманың идеялары жаңа экономикалық дамуына және қоғамның барлық салаларының экологияландыруға бастама берді, ол Концепцияның «жасыл» экономикаға ауысуында және Қазақстан 2050 даму жоспарында толықтырылды.
Сонымен қатар, Қазақстан үшін Астана «Жасыл көпір» бастамасын бастаған, көптеген басқа да мемлекеттер сияқты экологиялық мәселелердің мәні зор. Орман, тау, және су экожүйелерінің әлсіздігі, әлемдік мұхиттарға шығыстың болмауы, көптеген жер аумақтарының апатты аумақтарда орналасуы жоғарғы антропогендік жүктемелер жағдайды қиындатады.
«Жасыл Көпір» бағдарламасының серіктестігі қайталанбайды және басқа бағдарламаларды алмастырмайды, бірақ оларға қосымша күш беріп, қысқа уақыттылықпен және фрагменттілікпен, қаржыландырудың жетіспеушілігінен туындайтын кемшіліктерді толықтырады, сондай –ақ, халықаралық бағдарламалар мен ұйымдарға, Серіктестік бағдарламасының қатысушыларына өздері құрастырған тәжіреби мен құралдарды тәжіреби деңгейінде кеңінен анықтауға мүмкіндік береді.
Серіктестік Бағдарламасының жалпы мақсаты – қазіргі заманғы дәстүрлі және тұрақсыз даму модельдерінен жан-жақты серіктестік және жеке-мемлекеттік серіктестікке негізделген стратегиялық жаңа жобаларды жүзеге асыра отырып, жасыл экономика моделдеріне ауысу.
«Жасыл көпір» бағдарламасы келесі компоненттерден тұрады:
- жасыл экономиканың даму жобаларындағы аумақтар мен субаумақтардың, мемлекеттердің ұзақуақыттық дамуы үшін жаңа және стратегиялық пакеттерден;
- жобалар мен бағдарламаларды басқару және координация механизмдері, сонымен қатар, қаржыландыру және беру механизмдері;
- қызығушылық танытқан серіктестіктер арасындағы келісім: мемлекеттер, халықаралық ұйымдар мен жеке секторлар арасындағы, бағдарлама қатысушылары арасындағы мәселелерді жүзеге асыру үшін;
- бағдарламаның тақырыптық шегі: өнеркәсіп пен тұтынудың тұрақсыз салаларын ауыстыратын стратегиялық жаңа жобалар, табиғат ресурстарын үнемдеу және шынайы экожүйелерді сақтау, адамның өмір сүру сапасының және қауіпсіздіктің артуына.

Осыған орай, қазіргі замандағы болып жатқан экологиялық, әлеуметтік, экономикалық мәселелерге қарамастан адамның тек биологиялық түр ретінде өмір сүруін дамыту ғана емес, сонымен қатар, қоғамның материалды және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыратын адам өркениетінің тұрақты және ауқатты дамуға қол жеткізу қажет.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет