4-ТАРАУ. Қоршаған ортаны қорғау
§16. АТМОСФЕРАНЫ ҚОРҒАУ
Атмосфера – Жердің газды қабықшасы. Ол, мысалы, парниктегі шыны тәріздес рөлді атқарады. Атмосфера жер бетін жылытатын күн сәулесін тез өткізеді және Жерден шығатын жылуды әлем кеңістігіне жібермейді. Атмосфера Жер температурасының тербелісіне әсер етеді. Егер атмосфера болмаса, онда бір тәулікте Күн сәулесі астындағы температура күндіз 200 градустан артық өзгеріп тұрады (+100оС артық), ал түнде қатты аяз (–100оС төмен) болуы мүмкін еді. Осындай шарттарда Жер бетінде ешқандай өмір болмауы ықтимал.
16.1 Атмосфераның ластану себептері
Ауаның ластануы табиғи және антропогенді болады. Табиғи шаңмен ластау, табиғи құбылыстар қорытындысында әртүрлі аэрозольдерден ластану: жанар тауының атылуы, тау-кенді жыныстардың желденуі, өрт және басқалары. Антропогенді ластану адам қызметінің әсерінен болатын өзгерістер. Ауаны антропогенді ластауға көліктер және өнеркәсіптік кәсіпорындар көп зиянын тигізеді. Ауаны көп ластайтын салалар энергетика, қара және түсті металлургия, тау-кенді алу және тау-кенді өңдейтін өнеркәсіптер болып табылады. Сонымен қатар, ауаны автомобиль көлігі ластайды. Пайдаланылған газдарда 200-ден артық компоненттер болады, олардың арасында зиянсыздары да (азот, көмірқышқыл газы, сулы бу), зияндылары да (улы газ, азот оксиді, күйе, күкірт оксиді, бензол және басқалары). Қатты отынмен қызмет жасайтын энергетика кәсіпорындары (жылуэлектрстанциялары және жылуэлектрорталықтары) ауаны азот оксидімен, күкіртпен, көміртегімен, ластайды, бұл зиянды заттар қышқылды жаңбырдың пайда болуына әкеп соғады. Жалпы алғанда, өнеркәсіп және көліктің лақтырысы: улы газ 31,9%, күкірт оксиді IV- 27%, азот оксиді – 1,1%, өлшенген қатты бөліктер – 28,3%.
Барлық көздер стационарлы және стационарлы емес болып екі түрге бөлінеді. Стационарлы көздерге өнеркәсіптік кәсіпорындар, үйінділер, қалдықтарды сақтау қоймалары, әртүрлі өнімдер сақталатын қоймалар жатады; стационарлы емес ластаушы көздерге – көліктің барлық түрлері жатады. Ластаудың стационарлы көздері ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған болып бөлінеді. Ұйымдастырылған ластаушы көздерге тұрақты орны және тұрбасы бар жерлер (өнеркәсіптік объектілер, зауыттар, фабрикалар), ал ұйымдастырылмаған көздерге тұрбалары жоқ, бірақ та тұрақты орны бар (үйінділер, қоймалар) немесе қозғалмалы ластаушы көздер (көліктер) жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |