Конспектісі «Экология»


Атмосфераның нормативтік сапасы



бет37/63
Дата03.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#133193
түріКонспект
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   63
16.2 Атмосфераның нормативтік сапасы
Атмосфераның нормативтік сапасы экологиялық және өндірістік-шаруашылық болып екіге бөлінеді. Сапаның экологиялық нормативі табиғи ортаға техногенді әсердің шектеулі мүмкін нормасын (ШМН) бекітеді, егер ШМН жоғарыласа, онда ол адам денсаулығына, өсімдіктер және жануарларға жағымсыз әсер етеді. Осындай нормалар шектеулі мүмкін концентрациялар (ШМК) және шектеулі мүмкін деңгейлер (ШМД) болып бөлінеді.
Табиғи орта сапасының өндірістік-шаруашылық нормативтері өндірістік, коммуналдық-тұрмыстық және басқа объектілер жұмысының экологиялық қауіпсіз тәртібін реттейді. Табиғи орта сапасының өндірістік-шаруашылық нормаларына табиғи ортаны ластайтын шектеулі мүмкін лақтырыс (ШМЛ) жатады.
Заттар концентрациясын нормалауда атмосферада лимиттейтін көрсеткіштің қағидасы қолданылады, осыған сай қоршаған орта көрсеткішінің деңгейі немесе қызмет көрсететін қызметшілерге арналған сезімталдық бойынша нормалау өндіріледі. Атмосферадағы заттар концентрациясын нормалауда лимиттейтін көрсеткіштің қағидасы қолданылады және нормалау қоршаған орта көрсеткіші немесе қызмет көрсетушілерге арналған сезімталдық бойынша орындалады. Мысалы, егер адам және қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтін заттардың иісін сезссе, онда нормалау иіс сезу порогін ескерумен іске асырылады. Егер қоршаған ортаға заттар зиянды әсер етсе, онда нормалауда қоршаған ортаға әсер ететін заттың сезімталдық деңгейінің іс-әрекетінен алады.
Қоршаған ортаға зиянды заттардың әсерін шектейтін шара ретінде шектеулі мүмкін концентрация алынды (ШМК).
1951 жылдан бастап Қазақстанда 479 элемент және олардың қосылыстары бойынша зиянды заттардың ШМК нормативі енгізілді. Бұл жағдайда ШМК екі түрі белгіленді: орташа тәулікті және максималды бірлік (максималды бір жолдық). Максималды бір жолдық ШМК (ШМКм.р.) бірден лақтырылатын зиянды заттардың лақтырысын ескереді. Ол қысқа уақытта (20 мин.) зиянды заттардың адамға әсер ететін рефлекторлы реакциялардың (иісті сезіну, бас ми белсенділігінің өзгерісін және басқа алдын алу үшін қойылады. Орташа тәулікті ШМК (ШМКср.с.) жалпыулы, канцерогенді, мутагенді және басқа зиянды заттардың әсерін алдын ала ескертеді. Мысалы, кейбір заттарға арналған орташа тәулікті және максималды бір жолдық ШМК (мг/м3): бензинде - 5 және 1,5; күйеде - 0,15 және 0,05; улы газ - 3 және 1; күкірт қышқылы - 0,3 және 0,1 құрайды. Қоршаған ортаның жағдайын бақылайтын мемлекеттік органдар кәсіпорындар және басқа шаруашылық субъектілердің іс-әрекеттегі шектеулі мүмкін концентрациясын сақтайды.
Қазақстан Республикасындағы атмосфера ауасының құқықтық негізі «Экологиялык кодексі» заңында анықталған. Ол атмосфера ауасын қорғаудың әлеуметтік, экономикалық және құқықтық негізін анықтайды және Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге және адам денсаулығына және өміріне қолайлы және оның жағдайы туралы ақпаратты білу үшін азаматтардың құқығын жүйеге асыруға бағытталған.
Атмосфера ауасын қорғаудың негізгі әдісі зиянды әсерлердің (шуыл, діріл, электромагнитті өрістер, радиациялар және т.б.) деңгейін төмендетуге және зиянды заттардың мөлшерін шектеулі лақтыруға мүмкіндік береді.
Атмосфера ауасының сапасын бағалау үшін және атмосфера ауасына зиянды заттардың лақтырысын мемлекеттік реттеу мақсатымен салыстырмалы нормативті лақтырыстар және шектеулі мүмкін лақтырыстардың нормативін қондырады..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет