Конспектісі «Экология»


Лақтырыстардың салыстырмалы нормативі



бет38/63
Дата03.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#133193
түріКонспект
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   63
Байланысты:
Дәрістер Экология 2 болим

Лақтырыстардың салыстырмалы нормативі – жабдықтар және технологиялық үрдістер, лақтырыстардың стационарлық және қозғалмалы көздері үшін қондырылатын көліктік және басқа қозғалмалы кұралдар жүрісін, қуаттылығын, өнімділігін есептеуде атмосфераға лақтырылатын зиянды заттардың максималды массасының нормативі.
Шектеулі мүмкін лақтырыстардың нормативі – атмосфера ауасын стационарлы және қозғалмалы көздермен ластаушылар үшін қондырылатын атмосфера ауасына лақтырылатын зиянды (ластайтын) заттардың нормативі.
ШМЛ нормативі кәсіпорындар және басқа ластайтын (мемлекеттік компетентті органдары беретін және анықталған нормативтерді ескерсе оларға рұқсат беріледі, осыдан кейін ғана олар атмосфера ауасына зиянды заттарды лақтыра алады) стационарлы көздер, сонымен қатар, әртүрлі көлік құралдары үшін міндетті болып табылады. Соңғы жағдайда ШМЛ нормативі автомобильдер, самолеттер және басқа көлік құралдарын дайындау үрдісінде және оларды эксплуатациялауда орындалу керек.
Атмосфера ауасын қорғау бойынша маңызды экологиялық талаптар қайтадан эксплуатациялауға енгізілетін өндірістік объектілерді және іс-әрекеттегі объектілерді тазалау жабдықтарымен қамтамасыз ету туралы заңды нормалар қарастырылған.
Атмосфера ауасын қорғау туралы жоғарыда қарастырылған шаралар атмосфера ауасын құқықты қорғаудың мазмұнын құрайды:

  • атмосфера ауасын ластайтын зиянды заттардың ШМК және ШМЛ нормативін және оларға зиянды әсер ететін заттарын анықтау;

  • атмосфера ауасының жағдайын бақылау және оның ластану деңгейін қадағалау;

  • рұқсатта қойылған талаптар мен шарттардың бұзылуында зиянды заттардың лақтырысын болдырмау немесе уақытша тоқтату, шектеу;

  • өндірісті тоқтату, көлікті құралдарды және құралдарды эксплуатациялауға рұқсат бермеу, егер олардың лақтырыстарының құрамы қойылған нормадан жоғарыласа;

  • атмосфера ауасын қорғау бойынша талаптарды қанағаттандырмайтын кәсіпорындарды және басқа объектілерді эксплуатациялауға рұқсат бермеу;

  • атмосфера ауасын қорғау бойынша нормалар мен ережелерге сәйкес қалаларды және басқа тұрғылықты мекендерді жобалау, салу, реконструкциялау;

  • ойлап табу, жаңа техникалық жүйелерді, заттар мен материалдарды, технологиялық жабдықтарды, сонымен қатар, өсімдіктер және минералды тыңайтқыштарды қорғауға арналған құралдарды қолдануда атмосфера ауасын қорғау бойынша талаптарды қою;

  • ШМЛ нормативтерін сақтағанда және арнайы рұқсат болғанда стационарлы көздерден шығатын лақтырыстарды атмосфераға лақтыруға болады.

Қоршаған ортаны қорғау туралы заңды бұзушылар төменде көрсетілгендер бойынша жауап береді:

  • атмосфера ауасына лақтырылатын шектеулі мүмкін лақтырыстардың нормативін жоғарылатса;

  • атмосфера ауасына жеке адамның әсер етуінің нормативін жоғарылату;

  • рұқсатсыз атмосфераға зиянды заттар лақтыру;

  • атмосфера ауасын сақтау бойынша талаптарға жауап бермейтін эксплуатацияға кәсіпорындарды және басқа объектілерді енгізу;

  • эксплуатация ережесін бұзу немесе тазалау ғимараттарын пайдаланбау;

  • нормативті жоғарылататын автомобильдерді және басқа қозғалмалы құралдарды және қондырғыларды өндіру және эксплуатациялау;

  • өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды сақтауда атмосфера ауасын қорғау бойынша ережелерді бұзу;

  • атмосфера ауасын ластайтын минералды тыңайтқыштар, өсімдіктер және басқа препараттарды сақтауға арналған құралдарды қолдану және сақтау, тасымалдау ережесін бұзу;

  • атмосфера ауасын сақтау бойынша мемлекеттік бақылау органдарының жарлығын орындамау.

Кәсіпорындар, ұйымдар және азаматтар атмосфера ауасын сақтау туралы заңды бұзғандары үшін шығынды төлеуге міндетті. Зиянның мөлшері және тәртібін ҚР заңы қондырады.
Ластануды төмендетудің негізгі әдісі барлық қалдықтардың утилизациясын толық қарастыратын қалдықсыз, жаңа технологиялық үрдістерді жасау және меңгеру болып табылады. Бұл міндетті орындау үшін көп қаржы шығыны кетеді және инженерлі және ғылыми түйінді мәселелерді шешуді талап етеді. Табиғи ортаны ластауды төмендетудің аралықты сатысы лақтырыстар санын нормалау болып табылады.
Тұрғылықты пункттегі атмосфера ауасындағы зиянды заттардың концентрациясы осы лақтырыстардың санынан тәуелді. Тұрғылықты пункттегі ауаның концентрациясы ШМК аспау үшін немесе тұрғылықты халықтың денсаулығына әсер ететін қауіпті шарттар тудырмау үшін әрбір ластаушы көздеріне шектеулі мүмкін болатын лақтырыс қондырылады (ШМЛ).
Объектіні жобалауда ШМЛ есебі атмосфера ауасын тазалықпен қамтамасыз ететін қажетті шараларды қарастыруға мүмкіндік береді.
Іс-әрекеттегі кәсіпорындардың және объектілерге арналған ШМЛ есебі ластауларды төмендету бойынша шараларды өткізу қажеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Тұрғылықты пункті ауасындағы зиянды заттардың концентрациясы ШМК асса, ал талап етілетін ШМЛ мағынасы объективті сипаттың себебі бойынша лақтырыстарды төмендете алмаса, онда іс -әрекеттегі объектілермен зиянды заттар лақтырысын сатылы төмендетеді. Бұл жағдайда әрбір объектіге уақытша келісілген лақтырыстарды (УКЛ) қояды және оларды төмендету бойынша шаралар өткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет