Конспектісі «Экология»



бет15/63
Дата03.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#133193
түріКонспект
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   63
Байланысты:
Дәрістер Экология 2 болим

12.1.2 Биологиялық энергетика. Биоэнергетика биомасса алуға негізделген. Ол сәйкесінше немесе сәйкес өңделуден өткеннен кейін жанармайдың сапасында пайдаланылады. Жылу энергетикасын биомассамен алудың негізгі үш бағыты көрсетіледі:
- биомассалардың сәйкесінше жануы;
- биомассаны ашыту;
- биомасса айналу барысынан шығатын биогаз немесе спирт сияқты энергияны тасымалдауға пайдаланылады.
Биомасса бірінші бағытында жанармай ретінде пайдаланылады. Осыған орай оның қоры жасанды жағдайда (аспен, терек, емен, қайың) тез өсетін өсімдік түрлерін өсіру арқылы қалпына келеді. Ағаш жанармайы қазылып алынатын жанармайға қарағанда біршама экологиялық артықшылықтары бар. Кемшілігі: үлкен көлемді, ылғалдың үлкен пайызы.
Екінші бағыт - орғаникалық қалдықтардың (қи, ағаш қалдықтары) жану барысындағы жылуды пайдалану.
Үшінші бағыт – биогаз және спирт сияқты энергия тасымалдағыш биомассаларды бөліп алу. Биогазды өсімдіктерден немесе жануарлардан алады. Оны кішігірім ауылшаруашылықтарында пайдалануға болады. Өсімдік қалдықтарынан спирт алып, оны жанармайға қосады. Осының салдарынан мұнай шығындары және бөлінетін улы газдар азаяды.
12.1.3 Геотермалды энергетика. Жер қойнауының табиғи жылуын пайдалану есебінен энергия алудың ең тиімді және экологиялық қауіпсіз әдістердің бірі болып табылады. 5 км тереңдікте жылу мөлшері көп есе энергияны арттыратыны есептелінген. Тереңдіктегі жылуды электрэнергиясын, жылумен, ыстық сумен, әртүрлі технологиялық қажеттіліктерді алу үшін пайдалануға болады.
Геотермальды электроэнергиялық станциялар ГРЭС-те өңделетін және қатты немесе сұйық жанармаймен жұмыс істейтін энергия станцияларынан бірнеше есе арзан болады.
Қазіргі уақытта жаңа заманауи вулканизм аумақтарына көңіл бөлінген. Болашақта термобактериялармен толтырылған өте терең ұңғымалар желісі құрылады. Мұндай желі шексіз энергия мөлшерін бере алады.
12.1.4 Гелиоэнергетика. Бұл энергияны күн көзінен алу. Күн энергиясының тек 0,01 %- ға пайдалану барлық әлемдік энергия қажеттілігін толықтай қамтамасыз ету мүмкіндігі. Бір жыл ішінде күннен жерге 10 есе артық энергия бөлінеді.
Гелиоэнергетика жер бетінде және ғарыштық түрлері болады. Күн энергиясын күн шуақтары көмегімен жылуға айналдырады, олар сол немесе басқа да жылу ұстағышты жылытады (мысалы, су). Кемшілігі: күн энергиясы шашыраңқы, сондықтан аумағы үлкен және үлкен құрылыстық материалдар шығындары бар ғимараттар салу керек. Бұл аймақтың жылу теңгерімінің бұзылуына әкеледі.
Күн энергиясы фото электрлі өткізгіштер көмегімен сәйкесінше электрлене алады, олардан күн батареялары түзіледі. Сондықтан кремнимен және арсениад галий негізіндегі фотоэлемент пайдаланылады. Пайдалы әсер коэффициенті 13...15% құрайды.
Ғарыштық гелиоэнергетиканың негізгі артықшылығы тәулік бойы электроэнергияны басқарып отырады, бірақ оны жерге беру мәселесі осы күнге дейін шешілген жоқ. Электроэнергияны лазерлі шуақтарға айналдыру немесе микротолқынды диапазон шуақтарына айналдыру мәселесі қарастырылуда. Бірақ жерде ол үшін сол аумақтарда тік ұшақ маршруттары, ұшатын құстар өтпейтін үлкен аумақты қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет