Конспектісі «Экология»



бет18/63
Дата03.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#133193
түріКонспект
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   63
Байланысты:
Дәрістер Экология 2 болим

12.3 G- Global жобасы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Кембридж университетіндегі сөзінде (26 шілде 2012 жыл) айтты: «Алдыңғы жылы мен Ж-ГЛОБАЛ мемлекеттер тобын құруды ұсындым, ол Ж-20 механизміне қосымша ретінде ұсынылды. Оның мақсаты халықаралық экономикалық саясат құру және ғаламдық антикризистік шешімдер құру болып табылады. Қазіргі уақытта Ж-ГЛОБАЛ «Еуропалық экономикалық білімдер клубы» Ассоциациясында құрылған Астаналық экономикалық форум негізіндегі халықаралық виртуалды аумақ болып табылады.
G-Global - бұл ғаламдық экономикалық мәселелердің тиімді шешімін іздеуге арналған ақпараттық-коммуникативті платформа.
Мақсаты мен мәселелері: әлемдік экономиканың қарқынды даму мәселелерін шешу және ғаламдық жаңарту мәселелерін ойластыру;
Артықшылықтары:
- қызметтік маманданған қарым-қатынастарға негізделген әлеуметтік желілердің бірлесуі;
- форумның жұмыс барысындағы оффлайн режиміне гармоналды ауысуын және Астаналық экономикалық форуммен қарым-қатынасы
- бірегей интеллектуалды платформа: Астаналық Нобель сыйлықтарының лауреаттарының ішіндегі 21 нобель лауреаты Ж-ГЛОБАЛ өңдеуге өз үлестерін қосты.
G-Global бес принципке негізделген:
1. Революция емес эволюция;
2. Әділдік, теңдік және консенсус;
3. Ғаламдық төзімділік және сенім;
4. Ғаламдық ашықтық;
5. Құрылымды көпсалалылық.
G-Global - бұл:
- ғылыми басылымдар;
- сараптама бағалар;
- ашық пікірсайыс;
- жан-жақты қарым-қатынас;
- қоғамдық және қолданбалы жобалар;
- белсенді сұрақтар жайындағы жаңа ақпараттар;
- энциклопедиялық білімнің әлемдік мәдениеті;
- пікірлермен алмасу;
- уақыт еншілігіне сай қауіп-қатерді басқару;
- әлемдік және прогрессивті ойлардың квинтэссенциясы.
§ 13. ҚАЗАҚСТАН РЕСУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
13.1 Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының белсенді экологиялық мәселелері

Қазақстан әлемдік іс-әрекеттерге қатыса тұрып, сондай-ақ тұрақты дамуға қол жеткізуде және оған біршама үлес қосуда: жеке тұрақты даму Концепциясын құрастыруда.


Тұрақсыздық пен экологиялық қауіп дегеніміз кез келген антропогендік өзгерістер мен факторлардың экологиялық ресурстарының жағымсыз мүмкін әсерлерін айтамыз. Қазақстан территориясында келесі аумақтар экологиялық қауіпті аймақтар деп танылуда:
1. Қортасы экологиялық апат деңгейіндегі аумақтар:
- Арал теңізінің акваториясы мен тартылуы (Солтүстік Арал провинциясы). Бұл жер шарындағы экологиялық апат. Арал теңізінің геожүйесі ретінде бұрынғы қалыпқа келуі мүмкін емес. Негізгі мәселе — Арал теңізінің қазіргі заманғы деңгейде тұрақтануы, қысқарған акваторияны су қоймаларының қақпаларын шынжырлау арқылы бөлу. Алғашқы шаралар: су пайдалану және жер суару нормаларын қатаң бақылау, дренажды суды пайдаланбай, Аралға қосылатын өзен суларының қосылысын арттыру, сондай-ақ, Арал тұрғындарын әлеуметтік қорғанысын, жасанды жауын-шашын, минералды суларды тұщыландыру және т.б.;
- Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигон аумағы (Шыңғыстау провинциясы). Табиғатты қорғау шаралары: «Семей ядролық сынақ полигонынан ядролық сынақ салдарынан зардап шеккендерді әлеуметтік қорғау» туралы Қазақстан Республикасының заңы бар, ядролық сынақ салдарын зерттеу; бұзылған жерлерді қалыпқа келтіру; полигонға жақын өмір сүретін адамдарды сауықтыру шаралары; экологиялық апат аумағындағы табиғат ресурстарының түрлерінің орындалуын бақылау.
- Кенді Алтай өнеркәсіптік аумағы (Батыс Алтай тау провинциясы). Аумақты қорғау шаралары: түсті металлургия кен орындарын қайта салу және қуатын азайту, оларды жаңа таза ғимараттармен жабдықтау; аз қоқысты технологиялар енгізу; тау-кен және түсті металлургия кәсіпорындарының технология барысын жаңашаландыру; Кенді Алтай аумағында экологиялық жағдайды түзету мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру. Халыққа толықтай сауықтыру ем-шараларын жүргізу.
2. Қоршаған ортасы экологиялық тұрақсыз апатты деңгейдегі аймақтар:
- Батыс Араліші (Төменгі Сырдария провинциясы). Ағынды су әдістері мен өнеркәсіп технологияларын жаңашаландыру қажет.
- Шымкент кәсіпорындар тізбегі (Сырдария провинциясы). Қоршаған орта жағдайын қатаң бақылауда ұстау керек.
- Балқаш кәсіпорындар тізбегі (Солтүстік Балқаш провинциясы) Қажеттілікер: металлургиялық және химиялық өндірістерде пайдаланылатын газдарды түсіру; тазарту құрылыстарын жетілдіру; айналымдық сумен жабдықтау. Нұра өзені және Самарқанд су қоймасын ластанудан сақтау.
- Қарағанды өнеркәсіптік аумағы (Ерейментау-Баянауыл провинциясы). Қажеттіліктер: құрылыс және жол кәсіпорындарының көмір өндіру және көмір байыту қалдықтарын пайдаға жарату; террикондар мен өсімдіктерді қалпына келтіру; өңделген шахталардың топырақтарымен бос орындарды жабу; ауа бассейнінің шаңдануын азайту үшін жаппай көгалдандыру жұмыстарын жүргізу.
- Жезқазған кәсіпорындар тізбегі (Қызылжар-Сарысу провинциясы) Қажеттіліктер: Ертіс-Қарағанды-Жезқазған су тізбектерінің ғимараты негізінде сумен жабдықтау және сумен қамтамасыз ету мәселелерінің шешімі.
- Алматы кәсіпорын аумағы (Іле алды тау-кен провинциясы) Қажеттіліктер: өнеркәсіптік кәсіпорындарға тазалау ғимараттары мен аз қоқысты технологиялар енгізу; қаладағы көліктер санын азайту негізінде көліктен бөлінетін зиянды газдардың бөлінуін азайту; жолаушыларды электрлі көліктерге ауыстыру және метрополитенді дамыту.
- Тараз-Қаратау кәсіпорындар аумағы (Қаратау кен провинциясы) Қажеттіліктер: фосфорлы тыңайтқышты өнеркәсіптерде бөлінетін газдарды азайту; кәсіпорындарға азқоқыс технологиясын енгізу.
- Қостанай-кеніштік кәсіпорын аймағы (Тобыл провинциясы). Топырақ құнарлылығын қалыпқа келтіру: үйінділерді тегістеу, көгалдар отырғызу, ағаштар отырғызу. Бос топырақты құрылыс өнеркәсіптерінде балласт материалы ретінде пайдалану.
- Екібастұз кәсіпорын тізбегі (Ертіс провинциясы). Қажеттіліктер: Топырақ құнарлылығын қалыпқа келтіру, ағаштар отырғызу, құнарландыру, жылу энергиясында жоғарғы күлді қоңыр көмірді жағу технологияларын жетілдіру, қалдық жартастарды жол құрылысында және құрылыс кәсіпорындарда пайдалану.
- Солтүстік Каспий (Теңіз) кәсіпорын аймағы (Каспий провинциясы) Қажеттіліктер: табиғи газ және мұнай алу технологияларын жетілдіру, зиянды газдардың апатты қоқыстарын тастауы және олардың жиналуын болдырмау, құрамына асфальт- шайыр заттары мен ванадий көп болуымен ерекшеленетін Бузачинск кенорынының мұнайын алу технологияларын жетілдіру.
- Маңғыстау кәсіпорындар тізбегі (Маңғыстау провинциясы). Құрамында парафинді фракциялар мен жоғарғы тұтқырлығымен ерекшеленетін Маңғыстау мұнайын өндіру мен алу технологияларын жетілдіру.
- Байқоңыр космодромы (Төменгі Сырдария провинциясы). Қажеттіліктер: ғарыш және әскери зерттеулер нәтеижелерінде бұзылған жерлердің экологиялық қалыпқа келтіру бағдарламаларын өңдеу, ғарыш объектілерінің құлаған жерлерін картаға түсіру және толық бақылау, құлаған жерлердің қоршаған аумақтық жағдайын үнемі бақылауда ұстау, зымыран бөлшектері мен баспалдақтардың құлаған қалдықтарын жинау және жою, гептилмен ластанған топырақтарды жою.
- Сырдария өзенінің Қазақстандағы бөлігі (Сырдария және төменгі Сырдария провинциясы). Қажеттіліктер: су ресурстарының экологиялық тазалығын қамтамасыз ететін технологиялардың шарттары мен ережелерін сақтау, тыңайтқыштар мен минералды тыңайтқыштардың пайдаланылуын бақылау.
- Шу өзендерінің алқапты сағасы (Мойынқұм провинциясы). Қажеттіліктер: Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекетаралық келісім негізінде жасалған су пайдалану шарттарын қадағалау.
- Ертіс өзенінің Қазақстандағы бөлігі (Батыс Алтай кен провинциясы). Қажеттіліктер: түсті металлургия, энергетика және тау-кен өнеркәсіптерінің күшімен өзендердің ластануын тоқтату, Ертіс өзенінің ағысын қадағалау.
- Сорбұлақ-Алматы қалаларының ағынды суларының жиынтығы (Іле провинциясы). Қажеттіліктер ағынды сулар жиналатын бөгеттерді беріктендіру; жағалаулар мен су ағыстарын беріктендіру үшін теректер отырғызу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет