Конспектісі «Экология»



бет16/63
Дата03.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#133193
түріКонспект
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   63
Байланысты:
Дәрістер Экология 2 болим

12.1.5 Теңіз энергиясы. Теңіз энергетикасы акватория, теңіз ағыстары мен теңіз суының түрлі қабаттарының температурасының әр түрлілігінен туындайтын энергия толқындарын пайдалануға бағытталған.
Толқынды энергетика. Әлемдік мұхиттардың толқынды қуаты 2,7 млрд кВт бағаланады, ол әлемде тұтынатын энергияның шамамен 30% -ын құрайды. Толқынды электростанциялардың дұрыс орналасуы аумақтық ерекшеліктермен анықталады және ең алдымен, өтпелі энергияның тығыздығымен, яғни толқынды фронттың ұзындық бірліктерінің мәні. Толқынды электр станцияларының жұмыс принципі толқындардың потенциалды энергияларының соғудың кинетикалық энергияға айналуымен айқындалады. Ол одан әрі электр қозғалтқышының айналуына әкеледі. Мұндай электростанциялар жағалауда, жағалауға жақын акваторияда немесе ашық теңізде орналасуы мүмкін. Толқынды энергияның өзгерткіштері толқындық режимнің өзгеруіне әкеледі: толқындар амплитудасы әлсірейді. Кемшіліктері: энергия концентрациясының төмен болуы, толқынды тебелістері аумағының кең болуы, кеңістік пен уақытқа тәуелсіздігі.
Ағынды энергетика. Мұхит ағындарының энергетикасын пайдаланады. Энергетикаға алмастырғыштар қызмет ету принциптеріне байланысты су және көлемдік сорғыштарға бөлінеді. Біріншісі – жүзді дөңгелектер, екіншісі, типті алмастырғыштар Вентури шүмектерінен тұрады. Шүмектер қиылысқанда сұйықтықтар кірме ағындардың жылдамдығынан да үлкен жылдамдықпен қозғалады, бұл қысымды төмендетіп, нәтижесінде ауа атмосферадан ұшып кетеді. Шүмектің кеңейген бөлігінен қысылған ауа ағынды шүмекке өтеді, ол жерде пневмотурбина орналасқан. Кемшілігі: өзгерткіштер қажетті тереңдікке жетпеген жағдайда су температурасы өзгеруі мүмкін, бұл судың жоғарғы қабатында мекендеушілерге кері әсерін тигізуі мүмкін.
Теңіз суының түрлі қабаттарының температураларын пайдалану. Су қабаттарынан басқа да ауаның беткі қабатының арасында түрлі температуралар болуы мүмкін. Температураның өзгеруінен туындайды. Ресейде – 0,3% құрайды. Осыған орай Қазақстанда гидроэнергетиканы, желэнергетикасын, геотермалды энергетиканы дамытудың біршама артықшылықтары бар.
Қазақстанның гидроэнергетикалық потенциалы жылына 170 млрд кВТ*сағатқа бағаланады. Әсіресе экологиялық таза микро ГЭС салуға көп көңіл бөлінген. Жел энергетикасында 1,8 трлн кВТ*сағат потенциалы жүзеге асуда. Күн энергетикасының потенциалды мүмкін өнімі жылына 2,5 млрд кВТ*сағат, сондай-ақ, биологиялық жанармайды пайдалану ең пайдалы өндіріс болып табылады: ауылшаруашылық қалдықтарын өңдеу есебінен жыл сайын 35 млрд кВТ*сағат энергетикалық және 44млн Гкал жылу энергиялы қолданылуы мүмкін.
Қазақстанда 29 тамыз 2013 ж. №904 Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Энергия үнемдеу - 2020» бағдарламасы бар.
Бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының ВВП энергия сыйымдылығын төмендететін шарттар құру және энергия тұтынуды азайта отырып, тиімділікті арттыру жолдары, тиімсіз жанармай энергиялық ресурстарын пайдалануды азайту.
Бағдарламаның міндеттері:
- мемлекеттің кәсіпорындарының энерготиімділіктерін арттыру және жаңашалау;
- энерго және жылу желілерінің жоғалту деңгейін төмендету;
- халық арасында кең тараған энергия үнемдеушілікті орнату;
- энергоүнемдеу және энерготиімділікті арттыратын механизмдерді енгізу және өңдеу;
- энергосервистің өнеркәсіптердің қызметтерінің механизмдерін құру, жоспарлау;
- энергоүнемдеу және энерготиімділікті арттыру саласында мамандар дайындау;
- көлік секторында жанармайды тұтынуды азайту;
- 1кВТ*сағат электроэнергияның 1 Гкал жылу энергиясын және 1 м2 тұрғылықты секторлардың тұтыну жылуының нақты шығындарын азайту;
Бағдарламаның мақсатты индикаторлары:
1. 2013-2015жж аралығында ВВП энергосыйымдылығын жыл сайын 10%-ға төмендету;
2. 2020 жылға дейін 2008 жылғы деңгейден кемінде 40% ішкі валдық өнімдердің энергосыйымдылықтарын азайту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет