13.3 Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі қоршаған ортаны қорғау шегінде негізделген заңнама болып табылады, ол 2007 жылдың 9 қаңтарында қабылданған; Қазақстанның ірі кәсіпорындарында жұмыс істейтін құқықтанушы мамандармен және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құқықтық бөлімінің қызметкерлерімен қарастырылған.
Мемлекет Президенті Н.Ә.Назарбаев қоршаған орта Министрлігіне 2010 жылға қоғамның тұрақты дамуының негізгі экологиялық стандарттарын енгізуді мақсат етіп қойды. Бұл бағыт бойынша алғашқы қадам 2007 жылдың қаңтарындағы Қазақстан Республикасының экологиялық кодексін қабылдау болып табылады.
Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі 15 бөлімнен тұрады (118 бап).
І бөлім. «Жалпы мәліметтер» 6 баптан тұрады;
ІІ бөлім. «Мемлекеттік билік мүшелері және экология аумағындағы басқару» 6 баптан тұрады;
ІІІ бөлім. «Экология аумағындағы қоғамдық ұйымдар және азаматтар» 8 баптан тұрады;
ІV бөлім. « Табиғат объектілерін пайдалануды басқару» - 9 баптан тұрады;
V бөлім. «Экологиялық қызметтердің экономикалық механизмі» 15 баптан тұрады:
VІ бөлім. «Қоршаған табиғат ортасының сапасын нормалау» 12 бап;
VІІ бөлім. «Экологиялық сараптама» - 10 бап;
VІІІ бөлім. «Шаруашылық және басқа да кәсіпорындарға қойылатын экологиялық талаптар» - 10 бап;
ІХ бөлім. «Экологиялық мониторинг»-6 бап;
Х бөлім. «Экологиялық апат және төтенше экологиялық жағдай аймақтары» - 4 бап;
ХІ бөлім. «Үздік қорғалатын табиғат аумақтары және табиғат объектілері» - 10 бап;
ХІІ бөлім «Экология аумақтарын бақылау және басқару» -6 бап;
ХІІІ бөлім «Экологиялық даулардың шешімі» - 2 бап;
ХІV бөлім «Экологиялық Заңнаманы бұзғаны үшін азаматтардың, шенеуніктердің, заңды тұлғалардың жауапкершілікке тартылуы» - 10 бап;
ХV бөлім «Халықаралық келісім шарттар және экология аумағындағы келісімдер» - 4 бап.
Экологиялық кодекс келесі маңызды мәселелерді шешуге бағыттарған:
- қоршаған ортаны қорғау деңгейіндегі сұрақтардың заңнамаға сәйкес жүйеленуі және қорытындысы;
- экологиялық талаптар мен ережелерді тіке іс-қимылды заңнама актілерінің деңгейі мәртебесіне жеткізу;
- біздің мемлекетіміздің қоршаған ортаны қорғау тәжірбиелік жұмыстарын халықаралық статусқа жеткізу;
Экологиялық кодекс қорғау шегінде, қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру, шаруашылық және басқа да кәсіпорындардың табиғат ресурстарын пайдалануды жүзеге асырады, бақылайды, басқарады.
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің негізгі қағидалары:
1. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету;
2. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3. Экологиялық қарым-қатынасты басқарудағы экожүйе;
4. Қоршаған ортаны қорғау шегінде мемлекетті басқару және табиғат ресурстарын пайдалану шегінде мемлекетті басқару;
5. Қоршаған ортаның ластануы және кез келген түрдегі оған зиян келтірулердің ескерту шараларын міндеттеу;
6. Қазақстан Республикасының Экологиялық Заңнамасын бұзғаны ұшін жауапкершілікке міндетті түрде тарту;
7. Қоршаған ортаға келтірілген залалға міндетті өтемақы;
8. Қоршаған орта әсерінің шешімдер тізімі және ақысы;
9. Табиғат ресурстарын пайдалануда және қоршаған ортаның әсерін пайдалануда ресурс сақтау және экологиялық таза өнімдерді пайдалану;
10. Қоршаған ортаны қорғаудағы мемлекеттік қызметтердің жарнамалары және үйлестірілуі, ынтымақтастығы;
11. Қоршаған ортаның ластануын, қоқыстарды азайтуға, табиғатты дұрыс пайдалануға шақыру;
12. Экологиялық ақпараттардың қолжетімділігі;
13. Қоршаған ортаның әсері және табиғат ресурстарын пайдалануда халықаралық қызығушылықпен қамтамасыз ету;
14. Қазақстан Республикасының заңнамаларының қағидалары мен халықаралық құқық нормаларының экологиялық үйлестірілуі;
15. Жоспарланған шаруашылық және басқа да қызметтердің экологиялық қажеттіліктерінің презумпциясы және қоршаған орта әсерінің міндетті бағасы, халық денсаулығы.