Конспектісі «Экология»


Қазақстанда табиғатты пайдаланудың құқықтық негіздерін басқару



бет21/63
Дата03.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#133193
түріКонспект
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   63
Байланысты:
Дәрістер Экология 2 болим

13.4 Қазақстанда табиғатты пайдаланудың құқықтық негіздерін басқару
Экологиялық құқық - құқық саласы және нормалары қоғам мен табиғат қарым-қатынастары аумағындағы қоғамдық қатынасты басқару, яғни табиғат ресурстарын сақтау және пайдалануға байланысты қарым-қатынастар.
Экологиялық құқықтың басты мәселесі экологиялық қарым-қатынас болып табылады, ол - қоршаған ортаны сақтау және табиғат ресурстарын пайдаланудағы дұрыс қатынас. Бұл қарым-қатынас екі топқа бөлінеді:
1. Салалық экологиялық қатынас - бұл жер қорғау, орман қорғау және су қорғау, сондай-ақ жануарлар әлемі, жер қойнауын және атмосфералық ауа қорғау қатынастары;
2. Кешенді экологиялық қарым-қатынастарға табиғат кешендері мен аумақтарын қорғау, табиғат қорықтарының қорын, емдік — сауықтыру, рекреациалды, санитарлық және басқа да аумақтарды қорғау жатады. Кешендік және салалық экологиялық қарым-қатынастардың шегінде табиғат ортасының сапасын қамтамасыз ету мәселелерінің шешімі болып табылады.
Экологиялық құқық өзара байланысты элементтерден тұрады. Олар біріккенде оның жүйесін туғызатын институттар мен салалар. Ол жалпы, ерекше және нақты бөлімдерге бөлінеді.
Жалпы бөлім ортақ мәні бар құқықтық нормалар және институттардан тұрады, яғни оларға мыналар жатады:
- экологиялық құқықтық жүйелер мен олардың мәні;
- экологиялық құқықтың қағидалары мен ақпарат көздері;
- экологиялық құқықтық қатынас;
- жекеменшік және табиғат пайдалану құқықтары;
- экологияны басқару;
- экологиялық сараптамалар;
- экологиялық құқық бұзушылықтар жауапкершіліктері.
Ерекше бөлім құрамына табиғат ресурстарының жеке түрлерінің құқықтық режимін реттейтін құқықтық нормалар кіреді, яғни табиғат объектілерінің экологиялық-құқықтық режимдерінің тізімдерін пайдалану, экологиялық жүйенің экологиялық-құқықтық қорғау компоненттері; экологиялық жүйелерді қорғау және эколого-құқықтық тәртіп.
- жер қойнауының эколого-құқықтық тіртібі;
- су пайдаланудың эколого-құқықтық тәртібі;
- орманды пайдаланудың эколого-құқықтық тәртібі;
- жануарлар әлемін пайдаланудың эколого-құқықтық тәртібі;
- атмосфералық ауаның эколого-құқықтық қорғауы;
- табиғат объектілері мен кешендерінің эколого-құқықтық қорғауы;
- халықтың санитарлық — эмидемиялық әл-ауқатын эколого-құқықтық қамтамасыз ету.
Экологиялық құқықтың арнайы бөлімдерінде келесі мәселелер қарастырылады:
- қоршаған ортаның халықаралық -құқықтық қорғанысы;
- әлемдік мұхиттардың ластануы;
- экология және ғарыш.
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы, Республикамыздың кез келген басқа да құқықтары сияқты, өзіндік жеке құқық көздері бар және соған байланысты қоғамдық, экологиялық және табиғат қорғау қатынастарының құқықтары басқарылады, яғни экологиялық құқықтың ақпарат көздері құқықтық-нормативті актілер және құжаттар, ол экологиялық қарым-қатынасты басқаратын құқықтық нормалардан тұрады.
Экологиялық құқықтың ақпарат көздері болып:
- Жоғарғы құқықтық күш, тікелей әрекет ететін Қазақстан Республикасының Конституциясы және ол Қазақстан Республикасының барлық аумағында пайдаланылады. Қазақстан Республикасында қолданылатын заңдар мен басқа да құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Қонституциясына қарама-қайшы болмауы керек;
- Қазақстан Республикасының жарлығы;
- Қазақстан Республикасының кодексі;
- Қазақстан Республикасы үкіметінің жарлығы;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен министрлігінің басқа да нормативті актілері ж2не құрылымы;
- Қазақстан Республикасының Заңдары;
- Қазақстан Республикасының келісім шарттары мен құқықты -нормативті актілері;
- Қазақстан Республикасының субъектілерінің мемлекеттік күштерінің жергілікті мүшелерінің шешімдері;
Экологиялық құқықтың негізгі ақпарат көздері болып Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі, Қазақстан Республикасының су кодексі, Қазақстан Республикасының орман кодексі, Қазақстан Республикасының жер кодексі, «Ерекше қорғалатын табиғат аумақтары» жайындағы Қазақстан Республикасының заңы, «Жануарлар әлемін пайдалану және қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңы, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Президенттің жарлығы, Қазақстан Республикасының «Мұнай туралы» жарлығы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет