Конспектісі «Экология»


Қоршаған ортаны сауықтыру туралы Қазақстан Республикасының негізгі стратегиялық бағыттары



бет22/63
Дата03.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#133193
түріКонспект
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   63
Байланысты:
Дәрістер Экология 2 болим

13.5 Қоршаған ортаны сауықтыру туралы Қазақстан Республикасының негізгі стратегиялық бағыттары

2010 жылдың 1 ақпанында Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» жарлығы қабылданған.


Жарлықтың қоршаған ортаны қорғау өрісінде және «Жасыл экономикаға» ауысуының стратегиялық мақсаты:
- ІЖӨ энергосыйымдылықты 2008 жылғы деңгейден 25% дейін төмендету;
- электроэнергия өндірудегі альтернативті көздерінің (күн және жел) үлесі 3% кем емес;
- Ақмола және Қарағанды облыстарын газдандыру жүйесін жүргізу;
- электроэнергияны өндіруде газды электростанциялар үлесі 20% құрауы керек;
- электроэнергияда шығарылатын көмірқышқыл газының үлесі 2012 жылғы деңгейге дейін төмендеуі керек.
Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшу Концепциясы (2013 жыл 30 мамыр) жаңа формалы экономикаға көшу мақсатында жүйелік өзгеріске терең негізделген. Ол Қазақстан халқының өмір сүру сапасын, әл-ауқатын жақсартуға және табиғат ресурстарының ыдырауы және қоршаған ортаға күш түсірмей 30 дамыған мемлекеттер құрамына қосылуға бағытталған.
Мемлекет алдындағы «Жасыл экономикаға» көшу саясатының басты мақсаты:

  1. Ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру және оларды басқару (су, жер, биологиялық ресурстар және т.б.);

  2. Жаңа инфрақұрылымның құрылуы және барларын жаңарту;

  3. Қоршаған ортаның сапасы мен халықтың әл-ауқатын арттыру;

  4. Су ресурстарымен қамтамасыз ету;

«Жасыл экономикаға» көшу шаралары Концепцияға сәйкес келесі жеті бағыт бойынша жүзеге асырылады:

  1. Су ресурстарын тиімді пайдалану;

Тұрақты және өндіргіштігі жоғары ауылшаруашылықтарын дамыту;
Энергия үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру;
Электроэнергияны дамыту;
Қалдықтарды басқару жүйесін дамыту;
Ауаның ластануын тоқтату;
Экожүйелерді сақтау және тиімді басқару.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет