Атмосфералық газдар. Көмірқышқыл газы (көлемі бойынша 0,03%) мен оттегінің (көлемі бойынша 21%) концентрациясы қазіргі уақыт атмосферасында организм үшін шектеуші болып табылады. Көмірқышқыл газының ұлғаюы, оттегінің жетіспеушілігі сияқты, тірі организмдер үшін өлімге әкеп соқтырады.
Су. Экологиялық көзқарастан ол шектеуші фактор. Шөгінділігі, ылғалдылығы, сыртқы сулардың қолжетімді запасы осы фактордың негізгі көрсеткіштеріне жатқызылады. Жауын-шашындарды жыл мезгілдеріне бөліп қарастыру – организмдер үшін өте маңызды шектеуші фактор. Олардың жыл бойы біркелкі түсуі немесе осы көлемде бір мезгілде түсуінің үлкен маңызы бар. Ылғал деп ауада болатын су буының көлемін айтады. Табиғатта ылғалдылықтың тәуліктік режимі (түнде жоғарылап, таң ертеңінен төмендейді) мен тік және көлденең бағытта оның көлсеткішінің ауытқуы болады. Бұл құбылыс, жарық пен температурамен қатар, организмдердің белсенділігін реттеуде және олардың таралуында үлкен рөл атқарады. Жер бетіндегі сулардың қолжетімді қоры ең алдымен атмосфералық жауын-шашынның көлемінен тәуелді. Алайда, бұл запастар жерасты көздерінен де толуы мүмкін. Кейде жаңбыр суы борпылдақ топыраққа жылдам сіңіп кетуінің әсерінен организм үшін қолжетімсіз болып қалады. Запастардың азаюы мен су көздерінің ластануы алдағы уақытта шектеуші факторлар болып қалуы мүмкін.
Әр шектеуші факторларды жекелеп қарастыру олардың тәуелсіздігі немесе қолжетімсіздігі деген ой тудырмауы керек. Экологиялық шектеуші факторлар бір-бірімен өзара байланысады. Мысалы, егер ылғалдылық шарты критикалыққа жақын болса, яғни егер ылғалдылық не көп, не аз болған жағдайда, температура организмге айқын шектеуші әсер көрсетуі мүмкін.
§3. ПОПУЛЯЦИЯЛАР ЭКОЛОГИЯСЫ – ДЕМЭКОЛОГИЯ
Демэкология немесе популяциялық экология тірі организмдердің популяциясын, жануарлар мен өсімдіктердің ішінара және популяцияаралық бірлестіктерінде өмірлік әрекетін зерттейтін биоэкология бөлімі.
3.1 Популяция түсінігі
Популяция – бұл ұзақ уақыт бойы белгілі бір кеңістікті мекен еткен, ортақ геноқоры бар, осы түрдің басқа популяциядан оқшауланған дәрежесінде дербес будандасу мүмкіндігі бар биологиялық бір түр ағзаларының бірлестігі.
«Популяция» терминін алғаш рет 1903 жылы даттық генетик В.Иогансен қолданған болатын. Популяция биологиялық жүйелердің иерархиясында екілік орынды алып отыр: ол генетикалық-эволюциялық иерархиясын, сонымен бір уақытта функционалды-экологиялық иерархия бастамасын алып жатыр (3.1 - сурет).
Популяция – тіршіліктің элементар формасы, табиғаттағы түр эволюциясы. Географиялық және экологиялық популяцияларды ажыратады. Популяциялар монолитті болады немесе субпопуляциялық деңгейдің топтарынан – отбасы, кланынан, үйірінен, табынынан т.б. тұрады.
3.1 – сурет - Биосфера биожүйесінің құрылымында популяцияның орны
Популяцияны зерттеу экология мен генетиканың қиылысында заманауи биологияның маңызды бөлімі болып табылады. Популяциялық экологияның практикалық мағынасы оның биомониторингтің, эксплуатация мен табиғи экожүйелердің қауіпсіздігінің нақты бірліктері екенінде. Табиғи ортадағы немесе шаруашылық бақылау астында адам мен организмнің өзара әрекеттесуі, ереже бойынша, популяция арқылы өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |