Конспектісі «Экология»


Негізгі абиотикалық факторлардың экологиялық мағынасы



бет11/56
Дата25.11.2023
өлшемі1,1 Mb.
#126867
түріКонспект
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   56
2.4 Негізгі абиотикалық факторлардың экологиялық мағынасы
Экологиялық факторлардың алуан түрлілігінің ішінде температура, жарық, жылу, ағыс, жел мен атмосфералық қысым, сонымен қатар, су сияқты климаттық факторлар маңызды орын алады.

  1. Температура. Тіршілік қабілеті мүмкін температура диапазоны шамамен 300 ˚С құрайды: -200 ˚С-тан +100 ˚С дейін. Көптеген түрлер, әрине, температураның тар диапазонында өмір сүреді: шамамен +88 ˚С-тан 50 ˚С дейін. Өсімдіктер мен жануарлардың тәуліктік не мезгілдік белсенділігі температураға тәуелді. Адам үшін температура сол сияқты шектеуші және реттеуші фактор. Атмосфераның төменгі қабатының күйін есепке алғанда ауа райының жеті санаттары әзірленген (˚С): қолайлы (+16...+27,9), аздаған салқын (+4...+11,9), салқын (төменгі шегі: -35,9-дан (жел жылдамдығы 2м/с) және -11,9 дейін (желдің кез-келген жылдамдығында)...+4), қаһарлы (-70...-35,9), жылы (+28...+33), құрғақ (+33...+40), ыстық (+33...+44).

  2. Жарық. Жарыққа қатысты организмдер дилемма алдында тұрады: бір жағынан, протоплазмаға жарықтың тікелей әсер етуі организм үшін өлім қаупін тудырады, басқа жағынан – жарық – энергияның бастапқы қайнар көзі, онсыз өмір жоқ. Сәулемен шағылыстыру спектрінен биологиялық әрекеті әртүрлі үш аймақты бөліп қарастыруға болады: ультракүлгін, көрінетін және инфрақызыл. Ультракүлгін сәулелер (0,005...0,4 мкм) адам көзімен қабылданбайды, қанық айқындалған химиялық әсері бар. Толқын ұзындығы 0,29 мкм дейінгі сәулелер барлық тіріні жою қабілеті бар. Жерде өмір сүру, осы сәулелер атмосферамен қатты жұтылатындықтан мүмкін және бұл сәулелер жер бетінде салыстырмалы түрде аз. Ультракүлгін сәулелер бактерияларды өлтіреді, күнге күюге себепкер болады көрінетін сәулелер (0,4...0,75 мкм) – спектр аймағының бір бөлігіне Жер бетіне жететіннің шамамен жартысы келетін, адам көзімен қабылданатын сәулелер, олардың организм үшін маңызы құнсыз. Жасыл өсімдіктер органикалық заттарды синтездейді және осы спектрдің бір бөлігінің энергиясы есебінен қалған барлық организмдер үшін тағамды жасап шығарады. Фотосинтез үшін ең маңыздысы көк және қызыл түс, себебі, олар өсімдіктермен көбірек жұтылады. Инфрақызыл сәулелер (0,76...350мкм) адам көзімен қабылданбайды және жылулық әсермен қанық айқындалған. Жердің инфрақызыл сәулелері энергияны дүниежүзілік кеңістікке алып кетеді, нәтижесінде Жер беті салқындайды. Берілген сәулелену организм тіндерімен жұтылып, оларды қыздырады. Қала құрылысының экологиясында тұрғын үйлер мен жалпы ғимараттардың күн сәулелеріне дұрыс бейімделуі ғана емес, сонымен қатар, жолдар мен транспортты магистральдардың оңтайлы жобалануы да жатады. Ашық жерлерді, күнмен жарықтанған аймақтар мен демалыс үшін көлеңкеленген жерлерді де жобалау керек. Жобалаушылар мен құрылысшылар тұрғын үйлер мен жақын аймақтарды кемінде 3 сағатқа үзіліссіз күн сәулесімен қамтамасыз ету қажет. Сәулелік радиацияның деңгейі ауаның ластану дәрежесінен тікелей тәуелді: ластаушы заттар (әсіресе қатты бөлшектер) күн сәулесін жұтады.

  3. Жылу. Бұл экожүйелер мен шектеуші факторлардың ең қуатты компоненттерінің бірі. Жылулық сәулелену температурасы абсолют нөлден жоғары болатын дене бетінен бөлінеді. Жылуды топырақ, су, өсімдіктер, бұлттар, тірі организмдер шағылыстырады. Жылулық энергияның тәуліктік және мерзімдік ауытқуының үлкен экологиялық мәні бар. Жылулық энергия судың булануымен, ауаның жылу ағынының пайда болуымен, дүниежүзілік кеңістікте таралуымен шығындалады. Энергияның ғарышқа шығуын баяулататын кез келген фактор булы эффектіге және биосферадағы температураның жоғарылауына әкелуі мүмкін. Жылулық энергия температураны қолдайды, топыраққа әсер етеді, су айналымын қозғалысқа әкеледі.

  4. Ағыс. Гидросферада толықтай тыныштық өте сирек және аз ғана уақытты қамтиды. Су ағысы газдардың концентрациясы мен қорек заттарына ғана емес, сонымен қатар, шектеуші факторларға түрлік деңгейде де, ұйым деңгейінде де тікелей әсер етеді. Ағынсыз сулар экожүйе үшін стрессті жағдай туғызады, ал ағынды және мезгілдік су басулар өнімділікті жоғарылататын энергияның қосымшасы қызметін атқарады.

  5. Жел. Ол организмдер үшін құрғақ жерде белсенділігі мен таралуына шектеуші әсер көрсетеді. Жел өсімдіктердің сыртқы түр-әлпетін өзгертуге қабілетті. Ауа қозғалысы, су ағысы сияқты, өнімділіктің көбеюіне жақсы әсер етеді; дауыл жануарлар мен өсімдіктерді үлкен арақашықтыққа ауыстырып отыруға және бірлестіктердің құрамын өзгертуге қабілетті. Құрғақ аймақтарда жел, булану жылдамдығы мен ылғалдылықты жоғалтуды күшейтетіндіктен, өсімдіктер үшін маңызды шектеуші фактор болып табылады. Қалаларды жобалағанда жел режимін, басымды бағыттары мен жел күшін, оның құрылыс орнын таңдауды есептеу үшін жыл мезгілдеріне байланысты кезеңділігін, құрылыстың белгілі бір жобаланған құрылымын, көшелердің бағыттарын және т.б. жетік біліп алған жөн. Қала, пәтер сияқты, жақсы желдетілген болуы керек, олай болмаған жағдайда түтін пайда болады – жер бетінде ластаушы заттар қабаттасып кетуі мүмкін. Қаланың ауа бассейнінің желдетілмейтін шартында, атмосфера ауасының тазалығын сақтауға бағытталған, қалдығы аз технологияны енгізу керек, шаң мен газұстағыштар қойылып, зиянды заттардан қосымша тазарту сияқты тағы басқа шаралар қолданылуы қажет.

  6. Қысым. Атмосфералық қысым тікелей әсердің шектеуші факторына жатпайды, алайда оның өзгеруіне әсері көп. Бірақ қысым шектеуші факторлар болып табылатын ауа райы мен климатқа тікелей қатысы бар. Мұхитта гидростатикалық қысым үлкен рөл атқарады. Су ішіне сүңгігенде әр 10 м сайын қысым 1 атмосфераға жоғарылайды. Таулы аймақтарла керісінше, әр 10 м биіктікке 1 атмосфераға төмендейді.



  7. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет