Конспектісі «Экология»


Тірі қалудың экологиялық стратегиясы –



бет17/56
Дата25.11.2023
өлшемі1,1 Mb.
#126867
түріКонспект
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   56
Тірі қалудың экологиялық стратегиясы – организмдердің тірі қалуға талпынуы. Тірі қалудың экологиялық стратегиялары өте көп. Мысалы, 30-шы жж. А.Г.Роменский (1938ж.) өсімдіктер арасында тірі қалу стратегиясының үш типін ажыратады: виоленттер, патиенттер және эксплеренттер.
Виоленттер (силовиктер) – барлық бәсекелестерін басады, мысалы, байырғы орманды түзетін ағаштар,
Патиенттер – жағымсыз жағдайларда тірі қалуға қабілетті түрлер («көлеңке сүйгіштер», «тұз сүйгіштер» және т.б.)
Эксплеренттер (толтыратындар) – байырғы бірлестіктер бұзылған жерде, яғни кесілген және өртелген (көктерек), саяз және т.б. жерлерде тез пайда болуға қабілетті түрлер.
Экологиялық стратегиялардың барлық алуан түрлілігі логистикалық теңдеудің константаларымен, яғни r-стратегия және К-стратегиямен белгіленетін эволюциялық сұрыпталудың екі типі арасында бекітілген. R-стратегия типі немесе r – сұрыптау популяция өсімінің жылдамдығының жоғарылауына бағытталған және жоғары тұқымдылық, ерте кәмелетке толғандық, қысқа өмірлік цикл, жаңа мекен ету жерлерінде тез таралу және қолайсыз уақытты бастан өткізу қабілеті сияқты қасиеттердің жоғарылауына бағытталған сұрыпталумен анықталады. К-стратегия (немесе К-сұрыптау) тұрақталған сандардың жағдайында тірі қалудың жоғарылауына бағытталған. Бұл бәсекелесу қабілеттілігіне, жыртқыштар мен паразиттерден қорғанудың жоғарылауына, әр ұрпақтың тірі қалу ықтималдылығының жоғарылауына, санның ішкі түрлік жетілген механизмдерінің дамуына қарай сұрыптау.
Әр организм өзінде r – және К – сұрыптау комбинацияларын көретіні белгілі, бірақ r-сұрыптау популяция дамуының ерте стадиясында басым болады, ал К-сұрыптау тұрақталған жүйелер үшін тән. Бірақ, дегенмен, сұрыптаумен қалдырылған даралар жеткілікті жоғары тұқымдылыққа және бәсекелестік пен жыртқыштардың қысымы болған кездегі жеткілікті дамыған тірі қалу қабілеттілікке ие болуы керек. R – және К – сұрыптау арасындағы бәсекелестік стратегияның әртүрлі типтерін ажыратуға және организмнің кез келген тобындағы түрлерді r және К өлшемдері бойынша саралауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет