4.2 Экожүйелердегі түраралық байланыстардың негізгі формалары
Бір экожүйе мүшелері арасындағы әртүрлі трофикалық деңгейлерге тиістілікті және топикалық айырмашылықтарды организмдер арасындағы түраралық биотикалық өзара қарым-қатынастың барлық нұсқалары анықтайды. Көпшілік жағдайда олар өзара әрекеттесетін популяциялардың санына әсері түрінде берілу мүмкін (1.1 - кесте).
1.1 - кесте – Бір түр санының басқа түр санына ықпал етуіне байланысты түраралық байланыстардың классификациясы
Бір түрдің екіншіге ықпал етуі
|
Екінші түрдің біріншіге ықпал етуі
|
Өзара әрекеттесу
типі
|
Мысал
|
0
|
0
|
Нейтрализм
|
Өзара әрекеттестіктің жоқтығы
|
-
|
0
|
Аменсализм (антибиоз)
|
Бір жақты қанаушылық (саңырауқұлақтар – антибиотиктер мен бактерияларды өндіруші; фитонцидтер және өсімдік зиянкестері)
|
+
|
0
|
Комменсализм
|
Бір жақты қолайлы жағдай (арыстан және күшіген – жыртқыштар; акула мен балықтар – жабысқақтар; ағаштардың бұтақтарындағы немесе қуысындағы құстар; өсімдік жемістерінің және дәндерінің таралуы)
|
-
|
-
|
Бәсекелестік
|
Тікелей қанаушылық немесе бәсекелестік ығыстыру түріндегі өзара шектеулік (қойлар және қояндар; түлкі және поляр жапалағы; орман кеміргіштерінің әртүрлі түрлері)
|
+
|
-
|
Ресурс-пайдаланушы
|
Бір жақты пайдалану (өсімдіктер және өсімдік қоректі жануарлар; жыртқыштар және олардың құрбандары (жыртқыштық); жануар-қожайын және жұмырқұрт-паразит (паразитизм)
|
+
|
+
|
Мутуализм (симбиоз)
|
Өзара қолайлы жағдай (қына – саңырауқұлақ пен балдырдың симбиозы; күрделі асқазанды күйіс қайыратын жануарлардың микроқоныстануы)
|
±
|
±
|
Протокоопе-рация
|
Пайдаланумен араласқан өзара қолайлы жағдай (гүлді өсімдіктер және оларды тозаңдандыратын құстар мен жәндіктер; құмырсқалар)
|
Ескерту: (0) – ықпалдың жоқтығы; (-) – қанаушылық; (+) – қолайлы жағдай.
Түраралық бәсекелестік қауымдастықтың түрлік құрылымын қолдаудың негізгі механизмдерінің бірі болып табылады. Бәсекелестік өзара әрекеттесетін түрлердің тікелей қанаушылығымен түсіндіріле ғана қоймай, сонымен қатар, ресурс үшін, яғни тамақ, кеңістік, баспана және т.с.с үшін қақтығыста популяцияларының санын шектейді. Осыдан популяциялар арасында динамикалық бәсекелес тепе-теңдігі орнатылуы мүмкін. Бір түрдің экологиялық тауашасы жоғары болған жағдайда басқа түрдің популяциясын бәсекелік ығыстыру немесе бәсекелік шығарып тастау байқалады, яғни аменсализммен жақындасу. Жыртқыштыққа қарағанда түраралық бәсекелестік өте әлсіз бәсекелестің өлімімен немесе оны қауымдастықтан ығыстырумен аяқталады. Бұл заңдылық Г.Ф. Гаузенің бәсекелестік шығарып тастау қағидасы деп аталады.
Бәсекелестік биоценоз құрылымына қатты әсер етеді. Ол арқылы белгілі бір иерархия орнатылады, қауымдастықтың үстем және орташа мүшелері бөлінеді, популяция санының арақатынасы қалыптасады.
1.1 - кестесінде көрсетілген көпшілік қатынастар түраралыққа ғана емес ішкітүрлік байланыстарға да тән. Олардың барлығы кез келген формада адамзат қоғамында да байқалады. Табиғатқа қатысты адам таза пайдаланушы ретінде болып табылады; кез келген жыртқышқа қарағанда оның құрбандарының аясы анағұрлым кең. Адам қоршаған ортаны бұзып және ластай отырып, көпшілік басқа түрлерді аменсалдарға және құрбандарға айналдырады.
Достарыңызбен бөлісу: |