Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
«Болашақты бірге жасаймыз»
ғылыми-практикалық семинар
материалдары
№ 3
«45minut.kz Республикалық ұстаздарға
арналған басылым» редакциясы жинақтаған
шығармашылық еңбектердің
іс-тәжірибелік жинағы
Алматы - 2014
1
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
БАСТАУ СӨЗ
Қазіргі таңда дүниежүзілік білім жүйесі деңгейіне сәйкес келетін, сапалы білім беруге жағдай
жасайтын, жастардың үйлесімді дамуына бағытталған білім беру көзделіп отыр.
Осы орайда 2014 жылы білім беру мекемелерінде «Қазақстандық жол — 2050: Бір мақсат, бір
мүдде, бір болашақ» Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдауын қолдау барысында Республикалық 45minut.kz басылымы және жергілікті білім
бөлімдерінің қолдауымен «Болашақты бірге жасаймыз» тақырыбында ғылыми практикалық
семинарлар өткізілді.
Семинар мақсаты: Педагогикалық кадрлар біліктілігін көтерудегі 7 модулдік бағдарламаның
негізгі идеясын жүзеге асырып, мұғалімдердің кәсіби тәжірибесіне енгізу. Семинар барысында ІІ —
ІІІ – деңгейлік курстардан өткен мұғалімдер мен біліктілігін арттырудың негізгі тұғырына
байланысты тақырыптарында шебер кластарын ұйымдастыру.
Педагогикалық іс-тәжірибені насихаттау, педагогтың әдістемесін және шығармашылық
байланысын кеңейту. Осы мақсатты жүзеге асыруда, белгілі бір білім көзін меңгерген тұлға ғана
емес, сонымен бірге өзін-өзі жетілдіруге, таратуға, дамытуға, қолдана білуге қабілетті шәкіртті
тәрбиелеу – бүгінгі күннің қағидасы. Ал мұндай тұлғаны тәрбиелеу үшін мұғалім құзыретті болу
керек. Педагогтың кәсіби құзыреттілік ұғымы тұлғаның біртұтас құрылымындағы теориялық және
практикалық дайындығының бірлігі, кәсібилігі арқылы жүзеге асыру және тәжірибесін ортаға салу.
Семинар жұмысы пленарлық және секциялық бөлімдер бойынша өткізілді.
http://www.45minut.kz арқылы онлайн түрде басқа да облыстардан қатысушылар қатысуға
мүмкіндік жасалған.
Семинар бағдарламасы аясында білім мекемелерінің көрмесі ұйымдастырылып, семинар
қатысушылары және онлайн түрде http://www.45minut.kz (Күнделікті 40 мыңнан астам қолданушы)
Республика ұстаздарына ұсынылады. Cеминардың материалдары негізінде топтастырылған ұстаздар
жинағы шығарылды.
Тәжірибе алмасу бағытында топтама жинаққа Қызылорда облысы ұстаздарының материалдары
және Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе т.б облыс ұстаздарының еңбектері қосылды.
Семинар барысында көңілге түйгенім, ұстаздар арасында тәжірибе алмасу бағытында тақырыптық
семинарларға сұраныс бар. Семинардың мақсатына сай деңгейлік курстардан өткен ұстаздар
деңгейлік курстарға оқуға талаптанып жүрген әріптестеріне барынша қолдау көрсетіп, алған
білімдерімен бөлісуге әзір екендіктерін білдірді.
Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс тәсілдерді қолдану арқылы жоспарланған сабақтарының оқушылар
үшін қызықты да пайдалы екендігін өз тәжірибелерінде дәлелдеп, жаңашыл көшбасшы ретінде
әріптестеріне тәжірибе таратты. Ал, талаптанушы ұстаздар болса білім алуға деген құштарлығын
көрсетті.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ» атты кезекті Жолдауда айтылғандай: Біздің болашаққа барар жолымыз
қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы
дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз
керек?
Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің
барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай
Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту
жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар
ұсыну маңызды.
Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі
оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс.
Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау
машығын игеру болуға тиіс.
Ізгілік Байдрахманұлы Нағиев
Республикалық 45minut.kz басылымы редакторы
2
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН
ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУҒА ҮЙРЕТУ ТИІМДІЛІГІ
Темиргалиева Шынар Бактыгереевна
БҚО, Казталов ауданы, Казталов ауылы
Казталов ауданының білім беру бөлімінің
бірінші санатты бастауыш сынып әдіскері
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында жалпы білім берудің
мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін
бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді
шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Оны жүзеге асыру – мектептерде оқушылардың
танымдық белсенділігін арттыруға септігін тигізетін оқу процесін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен
нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді.Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламада, оқу процесіне педагогикалық
пайдалану - оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудың басты бағыттардың бірі екендігі атап
көрсетілген.
Баланың болашағы, оның интеллектуалдық дамуы мен адамгершілік бейнесінің қалыптасуы және еңбекке
қатынасы көп жағдайда бастауыш сыныптарда анықталады. Бастауыш мектеп балаға білім беріп қана қоймай;
яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде
бақылап талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне
үйретеді.
Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін логикалық есептердің оқу процесіндегі маңызы зор. Мұндай
есептер оқушының ойлау қабілетін, математикаға деген қызығушылыған арттыру үшін өте тиімді. Логикалық
есептер, математикалық олимпиадаларда, әр түрлі жарыстарда жиі қолданылады.
Логикалық есептер жиі орындату – сол тиімді әдістердің бірі. Ол балалардың ойлау белсенділігін арттырып,
оларды есептеуге деген үлкен қызығушылық тудырады, оқушылардың есте сақтау қабілеті арта түседі,
математикалық тілі жетіледі.
Жұмбақ есептер балаларға тез санауды үйретіп, дүние танытады, күлдіргі , қызықты әзіл есептер баланың
қисынды ойлауымен математикалық есептеу қабілетін дамытады, ал логикалық жаттығулар шапшаң ойлауға,
тапқырлыққа төселдіреді.
Логикалық есептер шығару арқылы қарапайымнан күрделіге қарай көңіл аударылады. Бірте – бірте ақыл
ойды жетілдіруге көмектесетін есептерді шешуге әкеледі.Логикалық есептерді шығаруға үйрету
арифметикалық амалдар, тапсырмаларды табиғи жолмен шешу, софизм ұғымын түсіндіріп, оны шешуге
үйрету, ойын арқылы шығару, логикалық сөздерді жіктеу, түсіну және дұрыс қолдану, терең ойлап, бір
заңдылықты қажет ету, қарапайым ой-қорытындыларды жасау тәрізді логикалық біліктілікті қалыптастыруға
берілген тапсырмалардан қарастырылды. Сонымен қатар оқушылардың ойлау жүйесінің дұрыс қалыптасуына,
тілдік қорының дамуына және оқушының өз ойын түйіндеуге аса мән беріледі. Оқу процесінде математика
сабақтарында педагогикалық және ауызша есептеу логикалық есептерді шығару тәсілдерін пайдалану арқылы
оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері мен танымдық белсенділіктерін арттырады.
Логикалық есептер
1.
Жолаушының бір ешкісі, бір капустасы, бір қасқыры бар. Ол өзеннің бір жағынан екінші жағына екі
орынды қайық арқылы өтуі керек. жолаушы ешкіні, капуста және қасқырды өзеннен қалай өткізді? Қасқырды
ешкімен қалдыра алмайды, ал ешкіні капустамен қалдыра алмайтыны белглі болса?
Шешімі: Ол үшін үшеуін де қадағалаусыз қалмауы керек. Бірінші қатынағанда жолаушы өзеннің ар жағына
ешкіні апарады. Екінші қатынағанда жолаушы қасқырды алады, капуста қалады. Өзеннің ар жағына жеткен соң
қасқырды қалдырып, ешкіні қайтадан өзеннің бер жағына әкеледі. Үш қатынағанда ешкіні қалдырып,
капустаны өзеннің ар жағына апарады. Капустаны қалдырады да, өзі бер жаққа қайта оралады. Төрт
қатынағанда ол ешкіні өзеннің ар жағына шығарады.
2.Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? Шешімі: Жанат – ұзын
3.Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?
Жауабы: шырпы
4.Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады?
Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса
5.Үш литрлік және бес литрлік суды қалай өлшеуге болады?
Жауабы: 3+3=6 6-5=1 3+1=4л
6.Тоғыз литрлік және төрт литрлік екі ыдыс берілген. Осы ыдыстардың
көмегімен бактан алты литр суды қалай алуға болады? (суды бакқа қайта құюға болады) Шешімі: 9-4-4=1 9-
4=5 5+1=6
7.Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы ұш
3
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр? Жауабы: Бір ғана мотоцикл
8. Бір елде 20 қала бар. Оның әрқайсысы бір-бірімен ауебайланыста жұмыс жасайды. Бұл елде неше
әуебайланыс бар? Шешімі:19+18+17+....+3+2+1=190
9. Поштада 5 әртүрлі конверт және 4 әртүрлі марка сатылады. Неше тәсілмен 1 конверт пен 1 марка сатып
алуға болады? Шешімі: 5*4=20
10.Егер кез келген хатты кез келген курьерге бере алатын болсақ, әртүрлі 6
хатты 3 курьер арқылы поштаға неше тәсілмен жіберуге болады?
Шешімі:3*3*3*3*3*3=729
11.Тақтада 7 зат есім, 5 етістік, 2 сын есім жазылып тұр. Сөйлем құрау үшін
әр сөз табынан бір сөзден алу керек. Мұны неше тәслмен жүзеге асыруға
болады? Шешімі: 7*5*2=70
12.Дөңгелек бойында он бес бала тұр. Әрбір қыздың оң жағында бір ұл
тұр.Ұлдардың жартысының оң жағында бір ұлдан тұр, ал қалған ұлдардың
жартысының оң жағында бір қыздан тұр. Неше қыз? Неше ұл бар?
Шешімі: Әр қыздың оң жағында ұл тұрғандықтан, қыздар мен ұлдардың
жұптары бар(қ,ұ). Бірақ ұлдардың жартысының оң жағында ұлдар
тұрғандықтан, дөңгелек бойында ҚҰҰ болуы керек. Ал қалған ұлдардың
жартысының оң жағында қыздар болуы керек. 5-қыз, 10-ұл.
Логикалық есептерді орынды әрі шеберлікпен пайдалана білу сабақтың нәтижелілігі мен сапасын
арттырудың да негізгі тәсілдерінің бірі екендігін тәжірибе көрсетіп отыр. Ең алдымен оқушылардың
зеректілігін, ойлау қабілетін дамытатындай есептер шығара білуге үйрету керек. Бастауышта әзіл есептер мен
сұрақтар ауызша есептеулерде зеректілікке, тапқырлыққа баулиды. Оқушыны ұшқыр ойлауға, тез шешім
қабылдауға дайындайды. Логикалық тапсырмалар арқылы жұмыстың тиімділігін байқауға болады.Оқушы
оқулық көлемінен шығып,оза оқыту, белсенділігі мен іскерлік қабілеттілігін арттырып, шығармашылықпен
жұмыс істеуге ұмтылады.
Қорыта айтқанда, оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны
көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан,
үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін
дайындай аламыз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.Логикалық ойлау қабілетін дамыту //Қазақстан мектебі. Республикалық ғылыми-педагогикалық журнал. –
Алматы, 2008, №11.
2.Тапқырларға тапсырма. Ескен Елубай. Алматы 1996
3. “Логика әлемі” 4 сынып К.Ерешова. Н.Үсенова. А:Фазылова 2011жылы
4.Дидактикалық материалдар мен ойындар және қызықты тапсырмалар.
5. Ә.Наурызбайқызы, М.Әубәкірқызы, С.Мұқамбетқызы.Алматы “Рауан”1994
********************************************************************************************
ТУҒАН ЖЕРІМДІ СҮЙЕМІН
Ақтөбе қаласы. Благодар орта мектебінің
4 А класс оқушысы Жүрсін Лаура
Жетекшісі: Исабекова Айманкүл Шайқұлқызы
Мен туған жерім - Кішіқұм бойындағы - Шалқар өңірі. Шалқарда Кеңес Одағының батыры - Ідіріс
Үргенішбаев, сықақшы, жазушы - Үмбетбай Уайдин, әнші Жанар Айжанова, белгілі жүргізуші, "Жайдарман"
бағдарламасының негізін қалаушы - Есен Елеукен, саясаткер, президент жанындағы аппарат басшысы - Марат
Тәжин сияқты елімізге әйгілі адамдар туып өскен. Менің туған жерім Тоғыздан Ақтөбе қаласының әкімі
болған Сержан Жаманқұлов, техника ғылымының докторы, профессор Нағашыбай Жадырасинов шыққан.
Осындай атақты адамдар туып-өскен ауылымды, туған жерімді мақтан тұтамын. Шалқардай шалқыған көлі бар
құтты мекенде көптеген білім ордалары, бала-бақшалар, мұражайлар, мәдениет үйлері, ескерткіштер бар.
Шалқар қаласының маңында ұлт-азаттық көтерілістің батыры Есет Көтібарұлының кесенесі орналасқан.
Басынан еш қар кетпеген,
Асқар-асқар тауларым.
Қозы-лақтар тойып жеген,
Көгал-көгал жайлауым.
Ақша бұлттар қалықтаған,
Көк-көңбек, мөлдір аспаным.
Жап-жасыл болып жайқалған,
Бой түзеген жас талым.
Балықтар жүзіп ойнаған,
Айдын шалқар көлдерім.
Табиғаты ерекше
Шалқар құтты мекенім,
Туған жерім бұл менің.
4
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
ҚАЗІРГІ ҚОҒАМҒА ҚАЖЕТТІ ДИЗАЙН ӨНЕРІ
Ақтөбе гуманитарлық колледжі
бейнелеу өнері пәнінің оқытушысы
Булеков Самат Жолдыбаевич
Дизайн - әлемдегі заттарды көркемдеп құрастыру, заттық ортаның рациональды тұрғызылуының
нұсқаларын жасау. Дизайн - шығармашылық қызмет , алға қойған мақсаты өндірістік өнімнің формальды
сапасын анықтау болып табылады:
- өнімнің сыртқы кескіні және өте ерекше;
- дара құрылымдық және қызмет көрсету байланысы, дайындаушының көз қарасын және
тұтынушының көз қарасымен өнімді бір бүтінге айналдырады .
Дизайн ( ағылшын сөзінен desin - жобалау, ойлау, сонымен қатар жоба, жоспар, сурет, термин, заттық
әлемдегі жобалау бойынша қызметтің жаңа түрін көрсетеді. Дизайн XX ғасырдың басында заттық
ортаның көрінуі және қызметтік қасиетінің берекесіздікте қалыптасу жері сияқты пайда болды. Дизайн
қазіргі қоғамға қызмет жасауға сәйкес рациональды тұрғызылуының күрделі нұсқаларын өңдейді . Кей -
кезде дизайн өндірістік өнімнің эстетикалық қасиетін жобалады. Яғни оның бір аумақты түсіндіреді
деп есептеледі. Бірақ, дизайн заттық ортада адамның тіршілік етуіне, тұтынушының, өндірістің қызмет
етуінде - өте кең әлеуметтік - техникалық мәселелерін шешеді. Дизайн жобалаудың барлық дәстүрлі
түрлермен , яғни нақты адамдардың өміріне енгізілуімен және толықтай жаңа заттық ұйымның қоғамына
байланысты, затты әлемде қиындықтарды шеше отырып ерекше қатынаста болады .
Дизайн сөзі жобалаудың түрлерінің нәтижесін білдіреді. Мысалы: заттың дизайны, автомобиль
дизайны, былай айтылғанда ол қазіргі тәжірбиемен байланыспайды және қоғамның әр кезеңде
туындауын ойлап тапқан нәрселік әлемнің морфологиясын білдіреді. Бұл ойда алғашқы тұрмыстық
дизайн жөніне, XYIII ғасырдағы дизайн жөнінде айтылған.
90 жылдарда графикалық дизайнда мамандар дизайнның жаңа мүмкіндіктерін көрсету үшін амалдар
іздей бастады және олар афиша, жарнама, ақпарат құралдарын пайдаланды . олар видеожазба , фото және
баспа қолданылды. Осы арқылы дизайнерлер өздерінің жұмысын жұртшылыққа таратты.
Компьютердің пайда болуымен жаңа дизайн саласы да туындады. Әңгіме компьютердің өзі
жөнінде емес , ол дизайнерлердің жұмыс істеуіне олардың шығармашылығын дамытатын жаңа
бағдарламалардың пайда болуында . Қазіргі таңда дизайнердің қалауында - теледидар, интернет, баспа
құралдарының бірнеше түрлері бар.
Дәстүрлі фотобейнемен қатар актуальды өнерде бірге жүреді. Мысалы. Американ суретшісі Люсинда
Девлиннің интерьерлі фотосы «Пари – Фото» Европадағы үлкен және бірегей жәрмеңкедегі фотосы онда
американ түрмелеріндегі камера, ондағы өлім жазасына кесілген шарт ( электр үстелі , дар ) кездері
суреттелген . Техника жөніндегі сөз қозғасақ, қазіргі кезде сәнде «металмен» - қолтаңба алюмини
пластиналарға жабыстырылып, оны ламинаттайды, осыдан өте әсерлі жылтыр суреттер пайда болды. Өте
белгілі сәнді кейіпкер және богемалар, моделдер мен әншілер суреттері қолмен боялып - олар өте құнды
жақтауларға салынып дәстүрлі кескіндеме секілді суретке айналдыру сәнге енген, сурет XIX
ғасырдағы сияқты суретке (видеожобаға , объектіге ) дайындалатын нобай ретінде қолданылады .
XX ғасыр мен XXI ғасырдағы дизайн тіліндегі сәнді сөз - жеңілділік пен мөлдірлік. Адамдар
механизмі көзге көрініп тұратын сағаттар тағып, мөлдір сөмке мен аяқкиімдер киіп , мөлдір үрмелі
креслолар да отырады. Мұнда түсінікті , анық болу керекті ұғындырады , ашықтылығымен де ерекшеленеді
және сонымен қатар белгі , ирония да бар. Жастар киімінде ең маңыздысы белгілік, себебі киімдердің ең
басты функциясы - белгі, сигнал. Сәнге нейлон қайта келді. Тіпті дивандарда күлгін, қарақызыл металлик
түстес, хаки, кэмел түстес резинкедегі нейлон тыстар кигізілген. Диванның арқалығында да қалталар
болуы мүмкін. Ал креслоның темір шынтақ қойғышында матадан тігілген журнал салуға арналған
қалталар қондырылған . Еркіндік , тұрпайылық қазіргі жастардың мінез - құлқына сай келетін сияқты:
себебі төмен және терең дивандар , дөңгелек және пішінсіз, аяқсыз пуфтар, пластик креслолар - бұларда
еркін отырып, демалуға болады. Ерекше есте қаларлық, ашық жиһаздар бүгінгі таңда сәнде .
Қызықты үлгілерді HIYOAO тобының жас итальян дизайнерлері ұсынды. Олардың кеңкөлемді иілген
құбыр мен тордан жасалынған темір металл үлгілері жинақты жаңаша көрінеді. TLN табындағы жұмсақ
жиһаздар үлгісі бір – бірімен сүйінпеншілікпен құшақ айқастырған денелердің бейнесін көрсеткендей .
Металл тетіктері мен пенорезина қолданылып жасалынған бұл жиһаз дизайн саласындағы жаңа
ашылым болды. Үлкен қызығушылықты боялмаған ағаш және ескі үлгімен ешқандай желімсіз тек қана
біріктіру арқылы құрылған суперэкологиялы жиһаздар оятады .
Сонымен қатар бүгінгі таңда адамзат жоғарғы технологиядан шарашады және олар қарама – қарсы
этностильге , шынайылыққа ұмтылады. Бұрынғыша қарапайым геометриялық пішіндерді пайдалану бірақ
міндетті түрде пропорция жағынан шектелмейді . Сәнде дәстүрлі материалдармен қатар: фарфор , ағаш ,
5
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
қағаз , мата және жартылай мөлдір пластик қолданылды. Дүниежүзілік шаруашылардың жаңа мата
үлгілерінде шынайы бояудағы жасанды жібек қолданылған. Осыған орай жаңашыл шығармашылық
өзінің көпмағыналығымен және жаңа материалды таң қаларлық өзгерістер енгізе отырып болашаққа
ұмтылып, ал ескіні ұмыттырмайды .Жаңаша өнердің ерекше ретінде эклектика саналады. Барлық өнер
үшін архетип талапқа сай .
Өте бірнеше түрлі ретроспективтер кезекпен және бірге жиһаз, кафе, көңіл көтеретін орындарды
безендіруге, тұрғын интерьерлерге кіргізіледі, бірақ барлық жерде жаңаша материал ,техникалық
жетістіктермен толықтырылады . Бар жерде жаңашылдық мәнмәтіде есептелінеді, ырғақта, үндестікте болу
қажет. Материалдар мен пішіннің біртұтас болуы: кездейсоқтық көп кездессе, соншалық қызықтырақ
болады .
Бұрынғының материалды ортасы ұжымдық және анонимді шығармашылықтың желісі болса, XX
ғасыр өнерімен архитектура тарихына қондырушылар, фарфор мен әйнекте жұмыс жасайтындар, кілем
тоқушылар, жиын - тойды безендірушілер, индустриальды дизайнерлер кірді. Осылардың ішінде Ле
Корбюьзе, Мис ван дер Роэ, Пабло Пикассо, Коко шанель, Френк Ллойд Райт, Вальтер Гропиос, Владимир
Татлин, Константин Мельников, Кристиан Диор, Реймонд Лоуи, Ээро Сааринен және тағы да басқалары .
Жұмыс барысында инені, түйреуішті киімге, үстелге немесе кездейсоқ затқа түйреп қоюға болмайды. Оларды
арнайы жастықшаларға түйреу керек.
Жіпті тіспен үзуге болмайды, өйткені ерінді зақымдауы мүмкін.
Инелерді арнайы ине салуға арналған заттарға не арнайы жастықшаларға, ал түйреуішті қақпағы бар қорапта
сақтау керек.
Сынған инені үйірмені жүргізушіге берген жөн. Электрүтігімен жұмыс кезінде:
Электр үтігін ток көзіне қосқан, не ағытқан кезде үтіктің бауынан емес, қосқыштан ұстау керек.
Үтік ыстыққа төзімді, жиегінде жіңішке тақтайшалар қағылған үстелге қойылуы тиіс, өйткені, еденге, не
аяққа түсіп кетуі мүмкін. Құлаған кезде үтіктің жұмыс істемей қалуы да мүмкін.
Үтікпен жұмыс кезінде басқа нәрсемен айналысуға, оны токқа қосулы күйінде қараусыз қалдырып кетуге
болмайды.
Мата түріне байланысты үтіктің терморегуляторының дискі дұрыс қойылу керек. Егер үтікте терморегулятор
болмаса, оның шамадан тыс ысып кетпеуін қадағалау қажет.
Жұмыс кезінде үтік табанының астына ток түсіп кетпеуін; жұмыс уақытында баудың оратылмауын қадағалау
керек, өйткені бұл сымнан үзілік кетіп, үтіктін жұмыс істемей қалуын тудырады.
Электр үтіктің дұрыс істеуін қадағалау. Оның дұрыс жұмыс істемей тұрғанын сезген бойда токтан ағытып,
жүргізушіге айту керек.
Жұмыс уақыты аяқталған соң үтікті электр тогынан ажыратып, оны әбден суыту керек. Сосын үтік бауын
оның құлақшасына орап, тік тұрған күйінде, құрғақ, жерге қою керек.
Қауіпсіздік ережесі:
1.Қайшының қолмен ұстайтын бөлігін өзіңізге қаратып, оң жаққа қою керек. (ұшты бөлігі қолды
жарақаттамас үшін). Қажет емес кезде қайшының ұшы жобық күйінде тұруы керек.
2.Қайшының еденге түсұп кетпеуін қадағалау қажет, өйткені жерге түскен қайшы сені немесе қасыңдағы
жолдасыңды жарақаттауы мүмкін.
3.Қайшыны біреуге берген кезде ұш жағын өзіңізге қаратып беру керек.
4.Машинаның қозғалатын бөлектерінің қасына қайшыныны немесе инені қоюға болмайды.
5.Инені саусаққа кіргізіп алмас үшін оймақты қолдану керек.
6.Тігу күйінде даттанған инені пайдаланбау керек, себебі матадан қиын өтеді, әрі сынып кетіп саусақ
жарақаттауы мүмкін.
7.Жұмыс барысында инені, түйреуішті үстелге немесе кездейсоқ затқа түйреп қоюға болмайды. Оларды
арнайы жастықшаларға түйреу керек.
8.Жіпті тіспен үзуге болмайды, өйткені ерінді зақымдауы мүмкін.
9.Инелерді арнайы ине салуға арналған заттарды немесе арнайы жастықшаларды, ал түйреуішті қақпағы бар
қорапқа сақтау керек.
10.Инені сабақ жүргізушіге берген жөн.
Электр үтігімен жұмыс кезінде:
1.Электр үтігін розеткаға қосқан немесе ажыратқан кезде үтіктің бау сымынан емес, қосқыштан ұстау керек.
2.Үтік ыстыққа төзімді жиегінде жіңішке тақтайшалар қағылған үстелге қойылуы тиіс, өйткені еденге және
аяққа түсіп кетуі мүмкін. Құлаған кезде үтіктің жұмыс істемей қалуы да мүмкін.
3.Үтікпен жұмыс кезінде басқа нәрсемен айналысуға, оны тоққа қосулы күйінде қараусыз қалдырып кетуге
болмайды.
4.Мата түріне байланысты үтіктің терморегуляторының дискі дұрыс қойылу керек. Егер үтікте
терморегулятор болмаса, өтік шамадан тыс кетпеуін қадағалау қажет.
6
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
5.Жұмыс кезіңде үтік табанының астына тоқ баусымы түсіп кетпеуін, жұмыс уақыттында баусымының
оратылмауын қадағалау керек, өйткені бұл сымнан үзіліп кетіп, үтіктің жұмыс істемей қалуын тудырады.
6.Электр үтіктің дұрыс жұмыс істеуін қадағалау. Оның дұрыс жұмыс істемей тұрғанын сезген бойда тоқтан
ағытып, жүргізушіге айту керек.
7.Жұмыс уақытты аяқталған соң үтікті электртоғынан ажыратып, оны әбден суыту керек. Содан соң үтіктің
баусымын оның құлақшасына орап, тік тұрған қүйінде, құрғақ жерге қою керек.
Негізінен мода дегеніміз латын тілінде «өлшем, әдіс, іс- әрекет түрі» деген мағынасы, ол уақытша
келісімді - сәнді киіне білу деген ұғымды білдіреді . Сонымен киім дегеніміз адам денесіне қонымды ,
қолайлы, әрі жарасымды болуы шарт . Сонымен қатар , ол адамның ажарын ашу, дене сұлулығы мен
сымбатын айғақтату үшін керек . Үшіншіден, сәнді киім адамға рухани және моральдық жағынан дем
береді. Төртіншіден, «Киіміне қарап қарсы ал , ақылына қарап шығарып сал» дегендей, сән ді киім
адамның қоғамдағы орнынан, білімінен , тұрмыстық жағынан хабар беріп отырады . Шындығында да ,
киіміне қарап адамның қандай ортаның мүшесі , қандай көзқарастың өкілі екендігін айқын байқауға
болады.
Әрине, бұл қазіргі таңда емес , ежелден бері қолданылып келе жатқан , киім үлгілеріне қарап , тұрмыс
тіршілігін, жас ерекшелігін айқын аңғартады. 19 ғасыр аяғы мен 20 ғасыр басында бұлардан басқа топтарды да
киіміне қарап тануға болады. Соның ішінде Орыс, Европа ыңғайына қарай киіне бастағандар ерекшеленіп
тұрады. Аты әлемге аян франсуздық Жан Коктаның « Модаға немқұрайлы емес сергек қараңыздар, өйткені ол
жап – жас қалпында өмір ден өтеді» деген сөзі жер шарын аралап кетті . Байқап отырсақ , мода барған
сайын қоғам өмірінің барлық жақтарына - экономикаға , саясатқа , әлеуметтілікке және басқаларына
дендей еніп келеді . Сол себепті де қоғамдық өмірдің барлық жақсылықтары мен қарама - қайшылық
тары сән үлгілерінен өзіндік көріністерін тауып отырады .
Киім дегеніміз – адам денесін жауып тұратын жамылғы. Ал «киеміз, жасану» сөздері қазірде ансамбль
сөздерінде алмастырылып жүр. Французша «бірге» немесе құрама бөліктерінің әшекейлерінің үйлесімділігіне,
маталардың түсіне, сапасына қарай таңдалып алынған, белгілі бір жерге киюге арналған костюм.
Киім түрлерін бірнеше топқа бөлуге болады. Маусымға байланысты, атқаратын міндетіне, матаның түріне,
пішіміне, дайындалу тәсіліне және тағы да басқа ерекшеліктеріне қарай киім бірнеше түрге жіктеледі.
Әйел - әдемілік деген ұғым егіз жаратылғаны анық. Әйел затын әдемі ететін оның жан дүниесі ғана емес,
көзге көрік, көңілге өрт құятын киім екендігі даусыз.
Сәнді арнайы көркемдеуші сәнгер жасайды. Ол сәнқой адамның талғамын ескере отырып, тұтынушы
халықтың талабына сай келетіндей етіп орындайды. Сән таңдау – жауапты іс. Адамның дене бітімі, талғамы әр
түрлі болғандықтан, сән таңдау да күрделі жауапты жұмыстардың бірі. Сән таңдағанда жасанды, дене
өлшеміңізді, бойың – толықтығыңды сән бағытында ескеру керек. Сонымен қатар дене бітімінің жарасатындай
етіп ойластырып, оның бірнеше эскиздерін сызған дұрыс. Ішінен керектісін таңдап, оған мата фурнитура
таңдау жұмыстарын жүргізеді. Сәнге байланысты матаның түс ерекшелігін шешіп, бұйымның қолданатын
орнын ескеріп, үлгі дайындалады.
Киімді сәндеу – ол жаңа сән коллекциясын шығарудағы шығармашылық процесс. Сәннің екі түрі бар:
техникалық және көркемдік сән. Көркемдік сәндеумен жоғарыда айтып кетендендегі көркемдеуші сәнгер
айналысады. Техникалық сәндеу – сәнді эскиз сурет, фото бойынша шығару. Онымен инженер –
конструкторлар айналысады.
Киім өнермен бірге пайда болған. Ол алғашқы қауымдық құрылыммен бірге туындаған. Киім-кешек ұғымы
адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес – сұлулық туралы белгілі бір ұғымын бейнелейтін
модамен тығыз байланысты болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни мода да
үнемі жаңарып отырады. Киім адам тәнінің 80%-ін жауып тұрады және сыртқы ортаның қолайсыз
жәйттарынан қорғайды, организмді күйлі ұстауға көмектеседі. Сондай-ақ адамға көрік береді.
Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен мода ағымына сүйенеді. Жақсы
киіне білу де - өнер. Киімді маусымдық киілуіне қарай: қыстық, көктем-күздік, жаздық деп бөледі.
Киімге қойылатын талаптар алуан түрлі болады. Оларды: гигиеналық, әсемдік, пайдалану, техникалық,
үнемділік талаптарға бөледі.
Сырт киім ассортименті алуан түрлі, ол киім сатып алушылардың талап-талғамдарының үздіксіз
өсуіхалықтың хал-ауқатының және мәдени деңгейінің әсерінен үнемі жаңарып отырады.
Сырт киім бұйымдары пайдалану тәсіліне қарай жоғарғы және белден төменгі киімдер болып бөлінеді.
Сәніне қарай әр түрлі болып негізгі бөлшектері мен сәндік элементтері ерекшеленіп келе береді. Сұлбасына
қарай киімдер:
Тік пішімді Жартылай қынамалы Қынама және кең етекті Трапециялық.
Киімнің мезгілге, жасына, өзінің тағамына ғана емес, оның өзіне сәйкес болуы керек. Өйткені біз кешкі сәнді
көйлекпен немесе костюммен заводтарға бара алмаймыз. Сондықтан әр киімнің өзіндік орны бар.
7
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең таралған анықтамалардың бірі - әсемдік, сәндік. Сән
денегіміз – қоғамдық өмірдің бір бөлшегі, әлеуметтік құбылыс. Сән әр адамның өзіне ғана тән ерекшелігіне
байланысты. Сән адамзат пайда болғаннан бірге жасалып келеді. Сондықтан костюм тарихын зерттегенде бұл
кәдімгі өз тарихымыздың бір бөлігі.
Сәнді әрбір адам өзінше қабылдайды, бұл оның жасына, тәрбиесіне, сеніміне, мәдениеті мен мінезіне, өзіне
ғана тән ерекшелігіне байланысты. Сән әр адам үшін ішкі әлеміміздің бір бөлшегі, жан дүниелерінің айнасы, ал
сәнге деген талғам – біздің тәрбиеміздің жемісі.
Талғам дегеніміз – бәрінен бұрын адамның өзіне шек қоя білуі, нені, қайда, қашан кию керек, өзінің сырт
келбетіне көз қарасы, өзін-өзі ұстай білуі және тағы басқалар.
Барлық дәуірдегі халықтың костюмдерінің көшірмесін немесе суретін жасауға да, тіпті оларды өзіне өлшеп
көруге де болады. Тек бұл жерде олардың барлық ерекшеліктерін кескінін, пропорциясын және бөліктерінің
мөлшер жағынан үйлесімін, пішім сызықтарын (егер олар көрініп тұрса), қосымша детальдарын зер сала
байқап, өзгеріссіз пайдалана білуге тырысу қажет. Аяқ киім, шаш сәні, бас киім түрлі қосымшалар (сөмке,
қолғап, қолшатыр және басқалар) да өте маңызды. Бөлме мүліктері, жиһаздары, үй сәулеті де киіммен бірге
дәуірдің немесе халықтың тұтыну мәдениеті жасайды, стилін анықтайды.
Өткен ғасырымызда адамдар армандап, қиялдауларының нәтижесінде ертегідегі құсқа айналып, заңның
қаталдықтарын артқа тастап, болашаққа ұшып кету ойлары туындаған. Тек ертегідегі құс қана, адам қолынан
келмейтін істерді істеп, армандарын орындап, адамдарды бақытты қылдыра білген. Егер өткен халқымыздың
әдебиетіне жүгінсек, сонда біз әйел көйлегіндегі бұйымда құс бейнесінің бейнеленуін көрген болар едік.
Енді бізге өткен ғасырымыздың тарихын қазбалап жатудың да қажеті жоқ. Мына тігілген бұйымда ғажайып
құс бейнесі бейнеленген. Ғажайып құс – ең әдемі құс қатарына жатады. Құстарды табиғатымыздың бір бөлігі
десек те болады, өйткені табиғатымызды көркейтуде айналамыздағы өсімдіктер, жан-жануралар, құстар,
шыбын-шіркейлердің атқаратын қызметінің ролі зор. Ал табиғат пен адам бір-бірімен байланыста.
Сол себептенде, осы киімді құс бейнесімен бейнелеудіңде табиғат пен адамның бір-біріне қатысты екенін
айқындау болатын.
Костюмде қалыпты пропорциямен қатар арнайы өзгертілген пропорцияларды да қолдануға болады.Бұл жерде
әртүрлі нұсқауларды мұқият талдау мүмкін емес, ол үшін композицияға зер сала үйрену қажет. Әдетте табиғи
пропорция қандай тұлға болса да қолайлы. Ежелгі орыс және көне Греция сәулет өнерінің мәңгі өлмес
сұлулығын еске түсіруде бұлар бір-бірінен соншама ұқсамайды және сонымен бірге өзінің үйлесімімен,
пропорциясының сызықтық әшекейлерінің керемет көркемдік шешімі табиғатқа етене туыстығы өзара жақын.
Костюм адаммен бірге үнемі ғимарат мекен-жай қоршауында болады. Ал ғимарат, әринеқаладағы сәулет
өнерінің туындысы кәдімгі табиғат аясында болады. Сондықтан әртүрлі дәуірлерде сәулет өнерімен костюм өз
уақытының көркем стилін бейнелейді, ал халықтық костюм ол стильдерді неғұрлым жетілгенін мәңгі
жасайтынын бойына сіңіріп, ғасырлар бойы сақтап келеді. Костюм массасы оны ауыр немесе жеңіл секілді
болып көрінуі әр түрлі себептерге байланысты. Киімдегі сызықтар, қосымша бөлшектер, әшекейлер неғұрлым
көп болған сайын тұлға соғұрлым зор болып көрінеді.
Бұйымның жоғарғы сапасын алу шарттың біріне бұйымның конструктивтік ерекшеліктерінің есебіменен
матаны дұыс таңдау, киюге және даярлау әдістемелерін қолдану жатады.
Кез –келген бұйымды тігер алдында оған қажетті мата таңдай білу керек. Матаны таңдағанда, оның
пайдалы, сәндік қасиеттеріне назар аударады. Пайдалы қасиеті деп отырғанымыз - мата талшығының
құрамы, денсаулыққа пайдасы, ауа мен ылғал өткізгіштігі , тез жуылуы, кебуі, өңінің түспеуі,
қыртыстанбауы. Мұндай қасиеттерді матаны қолмен ұстап, мыжғылап анықтайды. Сәндік қасиеттеріне –
таңдаған матаның түсі, сапасы, тігістің әдемі түспеуі, қатпарлардың дұрыс жатуы, созылмауы, түтілмеуі,
көп қыртыстанбауы жатады.
Табиғи маталар гигиеналық тұрғыдан денсаулыққа пайдалы, табиғи талшықтардан тоқылады. Бірақ олар
тез қыртыстанғыш, үтіктелмеуі қиын және тез отырады.
Қоспа маталар жылтырлау, тайғақ, тез сетінейді, тез қыртыстанады. Мұндай матадан тігілген киім жақсы
үтіктеледі, сабын суда оңай жуылады, тез кебеді. Үтіктің режимін дұрыс реттемеген жағдайда, матаның
бетіне жылтыр із қалуы мүмкін.
Қоспа маталарға қарағанда, синтетикалық маталардың гигиеналық сапасы төмен болғанмен жылу
сақтағыштық және ылғал өткізгіштік қасиеті жоғары. Көбінесе табиғи материалдарға ұқсас келеді. Мысалы,
лавсан мен нитронның сырт көрінісі жүн матасына жақынырақ.
Химиялық талшықтардан мата өндіру кезінде оларды әр түрлі үлеспен табиғи талшықтарға қосып
отырды, өйткені вискоза талшықтарды жүнге қосса, мата жұмсарады әрі жақсы бүрмеленеді. Ал капронды
жүнмен араластырса, мата екі есе мықты болады және онша қыртыстанбайды.
Мата өндірісі. Матаның қалай өндірілетіні туралы түсінікті болу үшін оқушыларға мына мәліметті
қысқаша айтып өтуге болады. Ерте кездің өзінде адамдар қысқа, жіңішке талшықтарды иіріп жіп жасап,
жіппен маталар жасауды білген. Олар жіпті дайындау үшін өздерін қоршаған ортадан алынатын
талшықтарды пайдаланады. Олар алдымен жабайы өсімдіктерді, киін жануарлардың жүнін, бертін келе
8
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
мәдени өсімдіктердің зығыр мен конопляның талшықтарын пайдаланды. Жердің құнарлығының артыуына
байланысты өте жақсы, әрі сапалы талшық беретін – матаны өндіре бастады. Кейіннен матаны әр түрлі
талшықтардан дайындады.
Өсімдіктердің сабағынан алынатын талшықтарға сұраныс артты. Мұндай талшықтар кендір деп
аталады. Өсімдіктің сабағынан алынатын талшықтар көбінесе қатты және сапалы болады. Бұл
талшықтар: кенаф, джута, конопля және тағы басқа өсімдіктерден алынады. Зығырдан киімдер және
ішкиімдер тігетін маталарға арналған жіңішке талшықтар алады. Бұдан кейін мата өндірудің мына
операциялардан тұратынын айта кеткен жөн, яғни иіру, тоқу, өңдеу. Талшықтардан мата, тоқыма мата,
тесьма , жиектеме, тігін жіптерін тоқитын жіп жасайды. Арнайы түту машинасының тістері мен инесі
арқылы талшықтарды бөліп алып түтеді. Кейін түту машинасында талшықтарды арнайы барабанның
көмегімен қоқыстардан тазалап, тағы да түтеді. Талшықтарды әр талшыққа айыру үшін тарақ
машинасында өңдейді де бір – біріне параллель етіп орналастырылады. Осы машинада олар жуандылығы
тегістелу үшін түтілген жгут – лентаға айналады. Бұдан кейін тегістелу машинасында лентаны арнайы
тегістегіш қондырғымен тегістелгенше созып жай орайды. Ленталы және тегістелу машиналарында
тегістеушілер жұмыс жасайды.
Иіру машинасында ровнициядан жіп алады: ровницаны созып, айналдырғыштың көмегімен шпульніге
орайды. Айналдырғыш тез айналып, минутына 8- ден 14 мыңға дейін айналым жасайды. Әрбір машинада
200-500 ұршық орнатылған, әр ұршық минутына 8-18 м жіп иіреді.
Қазіргі кезде жіп иіру өндірісінің дамығандығы сонша, машиналар жіпті ұршықсыз иіретіндігі туралы
айтуға болады. Бұл машиналарда таралған талшықтар ауамен тез айналатын машина камерасына беріледі.
Дайын жіп камерадан шығып, бабинаға оратылады. Ұршықты машинасымен салыстырғанда бұл
машиналар 2-3 есе артық өндіреді. Тоқыма станогының құрылысын, жұмыс істеу принципін түсіндіру
үшін қол станогының үлгісін пайдалануға болады. Қазіргі өндірістік тоқыма станоктары туралы, арқау
жіптердің шөлмек арқылы емес, ал әр түрлі тәсілдермен, яғни су және қысылған ауаның ағымы арқылы
толықтырылатындығын айтуға болады. Проколадчиктің әр қозғалысынан кейін арқау жібі қиылып
отырады. Бұндай станоктар- шөлмексіз станоктар деп аталады. Олар шөлмектегі станоктардан 2-3 есе артық
өндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |