Контент (ДӘріс тезисі) «Клиникалық психологияға кіріспе» пәні бойынша Мамандық


Тақырып 3. Патопсихология негіздері. Патопсихологиялық зерттеудің әдістері мен жүргізілу барысы



бет3/19
Дата15.11.2023
өлшемі73,12 Kb.
#122629
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Тақырып 3. Патопсихология негіздері. Патопсихологиялық зерттеудің әдістері мен жүргізілу барысы.
Патопсихологиялық зертеулер жүргізуде бірнеше кезеңді ажыратуға болады.
Бірінші кезеңді психологпен танысқанға дейін науқаспен клиницист жүргізеді және клиникалық есепті қалыптастырады. Науқаспен әңгімелесу алдында патопсихолог науқас тарихы материалдарымен танысады. Онда психологты қызықтыратын мәліметтер болмаса, қосымша анамнез жинауға мәжбүр етеді. Психолог үшін тек анамнез ғана емес ауру ағымының ерекшеліктері, лабараториялық зерттеулер нәтижелері (биохимиялық, серологиялық, электрофизиялогиялық) қызығушылық тудырады. Ауру тарихында науқастың психикалық статусы туралы жазбамен танысады және осы материалдарды психолог лабараториялық мәліметтермен салыстырады. Бұл өте маңызды: науқастың бөлімшедегі психикалық жағдайы дәрігер жазбасымен лабараториядағы оның тәртібі сәйкес келмеуі психологқа зерттеу басталғанда симуляция немесе зерттелінуші жағынан агровация деп ойлауға негіз болады. Сонымен кейде зерттелуші күнделікті жазбалар бойынша психомоториканың нақты қарқынын анықталады, лаборотория жағдайында сенсоматорлық реакцияларды кенет баяулығы көрініс береді.
Науқастың жағдайы зерттеу жүргізу үшін өте маңызды. Эксперемент жүргізу алдында қандайда бір интеркуррентті соматикалық ауруы жоқ екеніне көз жеткізу керек. Зерттелу жүргізуге науқастың психотропты дәрілерді қабылдауы кедергі болады. Зерттеуді ұйқысыз түнде, физикалық күш түсуден аш немесе астан соң жүргізбеу керек. Қайталап зерттеу бірінші зерттеу жүргізген уақытта болғаны жөн. Ауру тарихы және науқас жағдайымен танысу зерттеушіге клиницист алдында қойылған сұрақты нақтылауға көмектеседі және зерттеудің алдын-ала жоспары әдісін таңдау, оларды қолдану кезегі белгіленеді.
Қортынды клиницист патопсихологиялық алдына қойған сұраққа жауап беруі керек.Патопсихогиялық эксперимент нәтижелері өзіндік маңызы бар,бірақ ол клиникалық жіктеуге ерекше көңіл бөлінеді.Патопсихологиялық эксперимент жүргізуде үш этапты бөледі:
Бірінші этап кез-келген науқасқа кез-келген психологиялық тесттер жүргізеді. Бұл негізінен зерттеудің бағытталулық этабы болып табылады. Зерттеуші психикалық процестерді темпі, көлемі туралы жалпы мәліметтер сипатталады.
Екінші этап патопсихолық зерттеуі бұзылудың психологиялық құрылымы өте үлкен мүмкіндіктер көрінуімен орындалатын психологиялық тесттерді іздеуге ауысады. Мұнда зерттелінуші назалогиялық арнайы эксперименттерді зерттеулер әдісін табуға ұмтылады.
Үшінші этап психологиялық тесттерді зерттеу кезінде қолданылған нәтежелерді қатар қою.
Қорытынды формасы біртұтас болмауы мүмкін. Қортындыда зерттеуге байланысты науқастың тәртібі, оның зерттеу фактісіне қатынасы ерекшеліктері көрінеді. Міндетті түрде белгіленген тәртіптің компонеттері болып тіркеледі. Белгіленген тәртіп зерттеу кезінде алынған кейбір мәліметтерді күмәнді етіп көрсетеді. Кейбір жағдайды зерттеуді қайталау керек немесе арасына бірнеше күн салып жүргізу керек.
Қорытындыда зерттеу процесінде қолданылған әдістер тізімін және оған ұсынылған тапсырмалардың орындалған және орындалмаман фактісін тіркеумен ғана шектелмеу керек. Патопсихолог өзінің зерттелінушісінің психикалық ақауы құрлымынан патопсихологиялық синдромын іздейді.
Қорытынды сипаты зерттелінушінің алдына қойған мақсатына байланысты. Сонымен қайталанған процестер кезінде зерттеулерде науқасты емдеуде табылған нәтижелерді салыстыруға назар аударады.
Зейінді және сенсомоторлық реакцияларды зерттейтін әдістер.
1. Корректурная проба зейінді зерттеуге бағытталған. Осы арқылы зейіннің шоғырлануы мен тұрақтылығы анықталады. Авторы – Бурдон,1895 жыл. Зерттелінушіге бланк беріледі, ол осы бланкте зерттеуші тапсырмасымен бір немесе екі әріпті сызып отыруы қажет. Сау адамдар 6-8 минутта 15 қате жібереді.
2. Крепелиндік санау – Крепелин, 1895 ж. Жұмыс қабілеттілігі зерттелінеді. Зерттелінуші бағанада берілген сандарды ойша қосуы керек.
3. кері есеп – Крепелин – Зерттелінушінің санау операцияларын жасауы мен зейінін зерттеуге бағытталған. Зерттелінуші 100 немесе 200-ден сандарды алып ауызша айтуы керек. Сандарды айту арасындағы уақыт есептелінеді.
3. Жанама есте сақтау /Леонтьев бойынша/ Бұл әдісте есте сақтау мен қатар ойлау процесі де зерттелінеді. Зерттелінушіге 10-15 сөз оқылады, ол осыған сәйкес келетін суреттерді көрсетуі тиіс.
4. Векслер шкаласы бойынша есте сақтауды психометрикалық зерттеу. Тест 7 субтестен тұрады жеке және қоғамдық мәселелерді білуі, бағдарлануды бағалау, психикалық бақылау, логикалық есте сақтауды зерттеу, сандарды тура және кері жаңғырту, визуалды репродукция, жұп ассоциациялар. Соңында әрбір субтестің көрсеткіштері қосылып, абсолютті көрсеткіш қосылады.
5. Бентонның көру ретенциясының тесті. 10 геометриялық фигура белгіленген карточкалардан тұрады. Және бұл тесте сау адам мен ауру адам жіберетін өзіндік қателер бар. Органикалық қателерге барлық фигураларды бірдей салу мен үлкен фигураларды бірнеше фрагменттерге бөліп тастау жатады.
3. Ойлау процестерінің деңгейі мен барсысн зерттейтін әдістер.
1. Әңгімелерді түсіну. Әңгіменің сюжетін мағыналы түрде түсіну мен есте сақтау ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Зерттелінушінің тыңдаған әңгімесін қайта жаңғырту барысында оның сөздік қоры, сөйлеу темпі, фразаларының құрылымы және ең маңыздысы оның әңгіменің жасырын мағынасын түсінуі есепке алынады.
3. Сюжетті суреттерді түсіну. Суреттерді сипаттау арқылы оның сөздік қоры, білімі, суреттегі жағдайларға өзіндік қатынасы мен сөйлеу темпі арқылы зерттелінушінің мағынаны түсінуі мен интеллектуалды деңгейі зерттелінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет