Контент (ДӘріс тезисі) «Клиникалық психологияға кіріспе» пәні бойынша Мамандық


Тақырып 2. Қазіргі заман медициналық психологисының әдіснамалық және теориялық мәселелері



бет2/19
Дата15.11.2023
өлшемі73,12 Kb.
#122629
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Тақырып 2. Қазіргі заман медициналық психологисының әдіснамалық және теориялық мәселелері.
«Норма» және «патология» түсініктері.
Эндогендік және экзогендік себептер.
Медициналық психологиядағы психологиялық диагностика.
Психологиялық диагноз деңгейлері.
Психикалық бұзылулардың себептері түрлі болуы мүмкін. Барлық факторларды екі үлкен топқа ажыратуға болады: сыртқы (экзогендік) және ішкі (эндогендік).
Эндогендік факторлар:
Генетикалық бейімділік.
Дамудың құрсақ ішіндегі және ерте балалық шақтағы бұзылулары.
Иммунологиялық бұзылулар және зат алмасудың бұзылуы.
Қан айналымының бұзылу салдарынан болатын бас миының күйіне әсер ететін және сол себепті пайда болатын соматикалық аурулар (жүрек ауруы мен артериалдық гипертония кезінде болатын дисциркуляторлық энцефалопатия), аутоинтоксикациялар (бауыр мен бүйрек ауруының ауыр түрлері) немесе гормондық тұспалдың бұзылуы (гипотиреоз, гипертиреоз).
Экзогендік факторлар:
Интоксикациялар (алкоголизм, наркомания, токсикомания, өндірісте немесе тұрмыста зиян заттармен улану).
Бас миының жарақаттары.
Инфекциялық процестер (энцефалит, менингит).
Радиациялық әсерлер.
Кенет немесе созылмалы стресс.
Психологиялық диагноз – бұл психикалық ауру туралы немесе белгілі психикалы ауруға бейімділік туралы қорытынды емес. Қазіргі психодиагностикада психологиялық диагноз психикалық ауру туралы болжаммен байланысты емес. Ол кез келген сау адамға қойылуы да мүмкін және ол өзара байланысты психикалық қасиеттер – тұлғаның қабілтеттері, тән қасиеттері мен мотивтері – туралы сипаттама болуы мүмкін.
Диагностикалық қорытынды  - бұл байқалатын белгілерден жасырын беліглер деңгейіне ауысу.
Психологиялық диагноз - адамның нақты күйін бағалау үшін, зерттеу міндеттерінің нәтижесінде берілетін нұсқаулар беру мақсатында тұлғаның жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау және сипаттау бойынша берілетін қорытынды нәтиже.
2. Психологиялық диагноз қою деңгейлері
Психодиагностикалық зерттеулер тәжірибесінде психологиялық диагноздың үш деңгейі анықталады:
1) симптоматикалық, зерттеу мәліметтерін математикалық жолмен қңдеуге негізделеді;
2) этиологиялық – белгілі ерекшеліктерді (симптомдарды) ескереді және олардың пайда болу себептерін де қарастырады;
3) типологиялық –зерттелінушінің тұлғаның динамикалық бүртұтас құрылымының мәліметтерінің орыны мен маңызын анықтау.
Медициналық психологтың қызмет салалары:
Диагностика.
Психологиялық әсер ету әдіс-тәсілдері.
сараптама түрлері.
Реабилитация.
Профилактика (алдын алу жұмыстары).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет