Контент (ДӘріс тезисі) «Клиникалық психологияға кіріспе» пәні бойынша Мамандық


Тақырып 7. Психикалық аурулар туралы жалпы түсінік. Аффективті саланың бұзылулары



бет9/19
Дата15.11.2023
өлшемі73,12 Kb.
#122629
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Тақырып 7. Психикалық аурулар туралы жалпы түсінік. Аффективті саланың бұзылулары.
Психикалық аурулар түсінігі және себептері. Психикалық аурулар – бұл басым жағдайларда бас миының зақымдануымен байланысты адам ағзасының түрлі жүйелерінің қызметінің күрделі және түрлі бұзылуларының нәтижесі әсіресе, оның жоғары бөліктерінің зақымдануы психикалық функциялардың бұзылуының негізгі белгілері болып табылады, әсіресе сын мен әлеуметтік бейімделудің бұзылуына әкеліп соқтырады.
Бірқатар психикалық аурулардың пайда болуы мен дамуына тұқым қуалау факторы зор әсер етеді. Қазіргі кезде нақты клиникалық зерттеулер нәтижесінде анықталған патологиялық белгілердің нақты клиникалық суреттемесінде біршама ауруларға қатысты ғана айтылады және олар олигофрениялық топқа қатысты.
Психикалық аурулардың топтастырылуы:
1) эндогендік психикалық аурулар тобы, мұнда ішкі факторлардың әсері басым;
2) экзогендік факторлар тобы, мұнда сыртқы факторлардың әсері басым;
3) даму патологиясына байланысты күйлер (психопатиялар, олигофрениялар).
Эндогендік психикалық ауруларға шизофрения, маниакалды-депрессивтік психоз, эпилепсия және басқа ауралар жатады (Коновалов-Вилисон ауруы, Геттингтон хореясы, инволюциондық психоздар және т.б.).
Экзогендік психикалық ауруларға ми сифилисі кезіндегі прогрессивті сал ауруы, бас миының жарақаттану салдарынан немесе бас миының органикалық ауруларының салдарынан, интоксикациялар, инфекциялар салдарынан болатын психикалық жарақаттар (психогендік стрестік бұзылулар) жатады.
В. Н. Мясищев эмоциялардың келесі топтастырылуын ажыратады:
Эмоционалдық реакциялар, оларды болдыратын стимулдарға жауапты реакция;
Эмоционалдық күйлер, мұнда жүйкелік-психикалық тонустың тқмендеуі байқалады;
Эмоционалдық қатынастар (сезімдер), бұл эмоциялардың белгілі адамдармен, объектілермен немесе процестермен байланысты эмоциялардың таңдамалы және тығыз байланысты болуымен сипатталады.
Эмоциялардың бұзылуы түрлі психикалық ауруларға тән: невроз ауруына эмоцциялық-аффективті тітіркену реакциялары, негативтілік, қорқыныштар және т.б.б тән.
Эпилепсия кезінде дисфорияға бейімділік байқалады (қорқыныштар, үрей, көңіл-күйдің тқмендеуі, ашушадық).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет