Контент (ДӘріс тезисі) «Клиникалық психологияға кіріспе» пәні бойынша Мамандық



бет1/19
Дата15.11.2023
өлшемі73,12 Kb.
#122629
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Лекция каз 2017




КОНТЕНТ
(ДӘРІС ТЕЗИСІ)
«Клиникалық психологияға кіріспе» пәні бойынша
Мамандық: 5М050300 Психология
Құдайбергенова С.Қ.
Адилова Э.Т.
Кредиттер саны: 3
Оқу түрі: күндізгі
Білім беру тілі: қазақша


Алматы, 2017
ДӘРІС ТЕЗИСІ
Тақырып 1: Қазіргі медициналық психология пәні мен салалары. Клиникалық психологтың қызмет салалары.
“Клиникалық психология” терминi kline (төсек, аурухана кереуетi) деген грек сөзiнен тараған. Қазiргi пс-да “клиникалық” және “медициналық” терминдерi синоним ретiнде қолданылады. Бiрақ медиктер бiлiмнiң бұл саласын “медициналық психология”, ал психологтар “клиникалық пс.” деп атайтынын есте сақтаған жөн.
Клиникалық (медициналық) психология – түрлi аурулардан зардап шегетiн адамдардың психологиялық ерекшелiктерiн, психикалық ауытқулардың диагностикасын жасау әдiстерi мен методтарын, психологиялық феномендер мен психопатологиялық симтомдар және синдромдарды дифференциялауды, пациентке көмектесудiң психокоррекциялық және психотерапевтiк әдiстерiн, сонымен қатар психосоматикалық және соматопсихикалық өзара ықпалдың теориялық аспектiлерiн зерттейтiн ғылым.
Бүгiнгi күнде клиникалық пс-ға қатынасы бар көптеген пәндер бар: патопсихология, психопатология, нейропсихология, девианттық мiнез-құлық психологиясы, психиатрия, неврозология, психосоматикалық медицина және т.б. Айтылған әр пәннiң мазмұнында медициналық және психологиялық бiлiм бар. Бiрақ олардың бәрiнiң клиникаға қатынасы бар болғандықтан, олардың бәрiн клиникалық пс-ң құрамды бөлiктерi деп есептеуге болады.
Клиникалық пс-ң келесi салаларын ажыратуға болады:
патопсихологияпсихикалық дамудың, психикалық iс-әрекеттiң ауытқуын психологиялық әдiстермен зерттейтiн клиникалық психологияның саласы, дәрiгер ауруды көрсе, психолог ең бiрiншi науқастың тұлғасын көруi қажет, тұлға психикасының сақталған жақтарын байқау қажет;
нейропсихология бас миының зақымдану ошағын психологиялық әдiстермен зерттейдi, бұл ең жас саланың бiрi болып табылады, 30-40 жылдардан бастап нейрохирургияның ашылуымен байланысты дамыған, ми жұмысыныдағы ауытқу бастың зақымданған орталығына байланысты түрлi сипатта болуы мүмкiн;
психосоматика (soma - дене) соматикалық факторлардың психикаға және керiсiнше, психикалық факторлардың соматикаға ықпалын зерттейтiн сала, мысалы, бронхиальная астма, язва, т.б. адамның психологиялық ерекшелiктерi аурудың даму барысына ықпал жасайды (мысалы, асқазан жарасы алаңдауы жоғары адамдарда жиi кездеседi, жүрек ауруын бастықтардың ауруы деп атайды, себебi жауапкершiлiгi жоғары адамдарда жиi кездеседi);
деонтология пациент пен дәрiгердiң арасындағы қарым-қатынас психологиясы;
психогигиена, психопрофилактика – психикалық аурулардың алдын алу жолдары.
Клин-қ пс. туыс пәндермен тығыз байланыста, әсiресе, психиатриямен және патопсихологиямен. Клин-қ пс. мен психиатрияның ғылыми және практикалық ортақ iзденiстерiнiң сферасы болып диагностикалық процесс табылады. Психопатологиялық симптомдар мен синдромдарды олардың психологиялық антонимдерi – адамның жеке дара психологиялық ерекшелiктерiн суреттейтiн күнделiктi сарымды өмiр феномендерiн бiлмей анықтау мүмкiн емес.
Клиникалық психологтың жұмыс бағыты:
диагностика – (мысалы, ойлаудың ауытқуы, төмендеуi, ол шизофренияның сипатына қатысты болуы мүмкiн);
экспертизаның бiрнеше түрi:
а) соттық-психологиялық-психиатриялық экпертиза (сотталушының психикасында ауытқудың бар-жоғын айқындау, соған байланысты жауапқа тартылуы шешiледi);
б) дәрiгерлiк-еңбек экспертизасы (ВТЭК) психоневрологиялық аурулар бойынша;
в) психологиялық-медициналық-педагогикалық экспертиза – мектеп жасындағы психикалық дамуындағы кешiгуi бар балалардың бiлiм алу орнын, оқу программасын анықтау бойынша эспертиза, әсiресе, есту, көру қабiлеттерiнiң жетiлмеуiне байланысты болады;
г) әскери-психиатриялық экспертиза - әскер қатарына жарамдығын тексеру.
психокоррекциялық психотерапевтiк жұмыс – коррекция, консультация.
патопсихологиялық зерттеу жүргiзу, бұл зерттеудiң нәтижесiнде қорытынды жазылады.
1-кезең. Дайындық кезеңi. Зерттеудiң себебiн бiлу үшiн емдеушi дәрiгермен әңгiмелесу, ауру тарихымен (анамнез – адамның туғаннан бергi тарихымен, тiптi дүниеге келгенге дейiнгi тарихымен танысу) танысу;
2-кезең. Психологиялық зерттеудi жүргiзу. Интервью, адам өз құжатына сәйкес өзi туралы деректердi әңгімелеуiмен танысу. Бұл кезең пациентпен сенiмдiлiктi орнату үшiн маңызды, бұл зерттеу барысында пациенттiң мәдени, интеллектуалдық деңгейi анықталады. Зерттеу барысындағы барлық материалдар жазбаша түрде тiркелуi қажет, себебi мұнда байқау әдiсi де қолданылады.
3-кезең. Қорытынды жазу. Зерттеу барысында протокол жазылуы қажет. Қорытындыға зерттелушiнiң таным процестерiнiң сипатталуы, тұлғалық ерекшелiктерi (эмоциялық сферасы, мотивациялық сфера ерекшелiктерi, қарым-қатынас, темперамент, мiнез ерекшелiктерi) сипатталуы тиiс.
Қорытындыда психолог психика ауытқуының құрылымын жазуы тиiс.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет