Контент (ДӘріс тезисі) «Клиникалық психологияға кіріспе» пәні бойынша Мамандық


Тақырып 6. Аномалды психикалық даму түрлері: бұрмаланған психикалы даму, зақымданған психикалық даму, дисгармониялық психикалық даму



бет7/19
Дата15.11.2023
өлшемі73,12 Kb.
#122629
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Тақырып 6. Аномалды психикалық даму түрлері: бұрмаланған психикалы даму, зақымданған психикалық даму, дисгармониялық психикалық даму.
Бұрмаланған психикалық даму заңдылығын зерттеудің көрсеткіші дизонтогенездің ерте балалық аутизм синдромы болып табылады. Аутизм кезінде қоршаған ортамен қарым-қатынас мүлдем болмайды немесе төмендейді, “өз-өзіне кету”, өзінің ішкі әлеміне кету, оның мазмұны баланың интеллектісінің даму деңгейіне, баланың жасына, аурудың ағымының ерекшелігіне байланысты болады. Қарым-қатнастың болмауы немесе әлсіз болуы жақын адамдармен қатар өзінің құрбы-құрдастарына да байқалады. Аутистік бала үйде өзінің туысқандарымен немесе балалар қоғамында болса да өзін жалғыз отырғандай ұстайды: ол басқа жаққа қарап отырады, шақырса қарамайды, басқалардың әрекетіне мән бермейді. Ол жалғыз ойнайды немесе баланың “жанында”,кейде өз-өзімен сөйлеседі, көбінесе үндемейді. Мұндай балалар ойнау кезінде де стереотипті қозғалыстар және мимикалардың кедей жиынтығымен шектеледі.
Бала көбінесе өзінің ішкі әлемін қоршаған ортадағылардан жасырады, көп жағдайларда өзбетінше ештеңе айтпайды, сұрақтарға жауап бермейді. Кей жағдайларда туысқандары қосымша белгілер арқылы, мысалы,кездейсоқ дыбыстар, кейде түсініксіз сөздер арқылы оның көңіл-күйі, фантазиясы, қорқыныштары жайында біле алады. Аутизм, контактіден қашу, бұл дегеніміз мұндай балалар жансыз заттарды жанды заттардан айыра алмайды, көбінесе олар жансыз заттарды жақсы қабылдайды, ал жанды заттарға онша жақын болмайды. Өзіне ғана мән береді, қоршаған орта жағдайларына эмоционалды резонанстың болмауы, жиі кездесетін туған туысқандарына деген салқындық және безразличие байқалады, оларда қорқыныштың, реніштің жоғарылылығы басым, резкий тонға деген сезімталдылық, қатты дауысқа, өзіне қатысты айтылған ескертулерге мән берумен сәйкес келеді. Аутистік балаларға қарапайым сенсорлы тітіркендіргіштерге деген гиперстезия тән:тактильді, температуралық, жарық, дыбыс. Күнделікті өмірдегі бояулар мұндай балаларға жаралаушы, жағымсыз болып көрінеді. Сондықтан дені сау балаларға қалыпты болып саналатын қоршаған орта аутистік бала үшін үнемі жағымсыз түйсіну және эмоционалды дискомфорт туғызатын қайнар көз болып есептеледі. Адамның бет-бейнесі әсіресе ең күшті тітіркендіргіш болып келеді, яғни көзқарастан қашу, тікелей көру контактісінен қашу. Бала өзінің ішкі әлеміне “кетеді”.
Аутистік баланың психикалық дамуына кедергі жасайтын негізгі қиындықтарға мыналар жатады:
-психикалық белсенділік дефициті
-психикалық инстинктивті –аффективті сфера бұзылыстарымен тығыз байланысты
-сенсориканың бұзылысы
-қозғалыс сферасының бұзылысы
-сөйлеудің бұзылысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет