Кешіккен психикалық даму олгофренияға қарағанда жиі кездеседі. Кешіккен психикалық даму-тұрақты психикалық жетілу емес, бұл психологиялық дамудың темпінің кешігуі. Ол мектепке барар алдында байқалады.Жалпы білімнің толық болмауы, ойлаудың жетілмеуі интеллектуалды мақсатқа бағытталуының аз болуы, ойын қызығушылықтары басым болуы интеллектуалді іс-әрекеттен тез шаршауда көрінеді. Олар этиологияға байланысты.
Лебединский бойынша кешіккен психикалық дамудың варианттары:
1.Конституционалды происхожденияның кешіккен психикалық дамуы.
2.Сомотогенді происхожденияның кешіккен психикалық дамуы.
3.Психогенді кешіккен психикалық даму.
4.Церебралді-органикалық гендердің кешіккен психикалық дамуы.
Кешіккен психикалық дамудың этимологиясы:
1.Конституционалді сипаттағы кешіккен психикалық дамуы дене құрылымымен байланысты. Мысалы, психикалық инфантилизм дене құрлымының инфантильді типі (мимикасымен моторикасы иілгіш болып келеді). Мұндай балалардың эмоцияналды сферасы өзінен кіші балалардың даму деңгейінде: эмоциялардың айқын болуы, эмоцияналды реакциялары жүріс-тұрысында басым көрінеді, ойын қызығушылықтары басым, сенгіш, толық дербес бола алмайды. Мұндай балалар ойыннан шаршамайды, жаңа бір нәрселер ойлап табады, бірақ интеллектуалды іс-әрекетке келгенде, тез шаршап қалады.Сондықтанда бір класта оқып жүргенде оларда интеллектуалды іс-әрекетке бағытталған тапсырмалармен қиындықтар туады, тәртіп ережелеріне бағынбайды. Осылайша эмоционалды сфераның артта қалуы әлеуметтік бейімделуді біршама қиындатады
2.Сомотогенді сипаттағы кешіккен психикалық дамуы ұзақ созылмалы соматикалық хроникалықаурулармен байланысты. Хроникалық, физикалық және психоастения іс-әрекетінің белсенді формаларын тежейді, ұялшақтық, қорқақтық, өз күшіне сенбеушілікті тудырады. Бұл қасиеттер ауру және әлсіз балаға шектеулермен запреттер қоюданда болады. Гиперопеканың нәтежесінде жасанды инфантелизм пайда болады.
3.Психогенді сипаттағы кешіккен психикалық дамуы тәрбиелеудің жағымсыз жағдайларымен байланысты.Психотравмалық факторлардың әсерінен балалардың жүйке-психикалық сферасында ауытқулар пайда болып, тұлғаның патологиялық дамуы болуы мүмкін. Мысалы, бала қараусыз қалса, психикалық тұрақсыздық. Өз эмоцияларымен әрекеттерін тоқтата алмайды, инпульсивті жауапкершілік жоқ.Гиперопека болса, эгоцентрикалық бағдарлар қалыптасады, ерік-жігер әрекеттерімен еңбекке қабілетсіздік болады. Бала қаталдықпен авторитарлық жағдайда өссе, тұлғаның невротикалық дамуы пайда болады:инициатива мен дербестік жоқ, қорқақтық және ұялшақтық.
4.Церебралді-органикалық генездердің кешіккен психикалық дамуы-олгофренияның себептеріне ұқсас:құрсақ кезіндегі және босану потологиясы, инфекция, интоксикация, алғашқы 1 жыл ішіндегі нерв жүйесінің травмалары. Олигофрениядан ажырату үшін мыналарды ескеру қажет: 1 онтогенездің алғашқы этаптарындағы ЦНС-ның зақымдалуының күшіне байланысты; 2 зақымдануының уақыты (олигофрения алғашқы 3 айда пайда болса, кешіккен психикалық даму біраз кейін пайда болады, ми жүйелерінің диференцациясы кішкене жетілген кезде). Бала 3-4 жасында әртүрлі зияндарға ұшыраса (инфекция, травма), оның қалыптасқан дағдылары регреске ұшырап тұрақсыз болуы мүмкін.