Контент (ДӘріс тезисі) «Клиникалық психологияға кіріспе» пәні бойынша Мамандық


Тақырып 4. Психикалық дизонтогенез түсінігі. Аномалды психикалық дамуды анықтаушы факторлар



бет4/19
Дата15.11.2023
өлшемі73,12 Kb.
#122629
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Лекция каз 2017

Тақырып 4. Психикалық дизонтогенез түсінігі. Аномалды психикалық дамуды анықтаушы факторлар.
Дезонтогенез түсінігі. «Дизонтегения» терминін алғаш рет 1927 жылы Швальбе қолдады. Ол дизонтогенияны ағза құрылымының құрсақ ішінде қалыптасуының қалыпты дамудан ауытқуы деп түсінді. Кейінірек ол кең мағынаға ие болды, яғни дизонтогения онтогенездегі ауытқулардың алуан түрлі формалары болып табылады.Бірақ біз мұнда ересек кезеңге дейінгі ағза туралы айтып отырмыз. Бәріміз білетіндей, ересек миға, кез-келген потологиялық әсер ету психикалық дамудың ауытқуына алып келуі мүмкін. Жалпы, ауытқудың көрініс табуы этиологияға, локолизацияға, таралу деңгейіне, пайда болу кезеңіне, әсер ету ұқсастығына, ауру баланы қоршаған әлеуметтік жағдайларға байланысты әр түрлі болып келеді.Отандық дефектологияда «дизонтогения» терминінің орнына аномальді даму қолданылды.
Дизонтогенездің психикалық заңдылықтары.
Психикалық аурулардың клиникалық және патологиялық кваликациясының өзара қатынысы. Клиницистер психикалық ауытқуларды ауру тұрғысынан қарастырады. Олар үшін негізгі бірліктер ауру формалары, олардың этиологиясы, патогенез, симптомдар мен синдромдар. Ауытқуларды патофизиология жасынан зерттейді. Патопсихологтар клиникалық симптомдар арқылы қалыпты психологиялық іс-әрекет ауытқуларының механизмдерін қарастырады. Сондықтан да психологтар психологиялық процестердің қалыпты және потологиялық заңдылықтарын зерттейді.
Дизонтогенездің психологиялық параметрлері.
Психологиялық ауытқуларды топтастыруда патопсихолог қалыпты онтогенез заңдары мен қалыпты және аномалды даму заңдылықтарына сүйенеді. Выготскийдің көрсетуінше, қалыпты және аномалды онтогенез үшін маңызды жағы - биологиялық және әлеуметтік –психологиялық дамудың өзара байланысы. Ауру биологиялық дамуда ауытқулар туғызса,ол әлеуметтік психологиялық дамуға кедергі жасайды. Бұл баланың білім алуына, тұлғалық қалыптасуына кері әсер етеді.
Бірінші параметр - Ауытқудың фунционалды локолизациясы.
Мұнда 2 дефект ажыратылады:
1. Жеке - жеке функциялардың дефицитарлығы. Мысалы, сөйлеудің, көрудің жетіспеушілігі.
Жалпы - реттеуші жүйенің бұзылуымен байланысты. Мысалы, эмоционалды, интеллектуалды сфералардың бұзылуы немесе тіпті қалыптаспауы.
Екінші параметр - Бұзылудың пайда болу мезгілі.
Аномалды даму жүйке жүйесінің қай кезде бұзылатынына баланысты.
Бұзылыс неғұрлым ерте болса, жетілмей қалу соғұрлым ауқымды болады.
Жүйке жүйесінің ауытқуы неғұрлым кеш пайда болса, психологиялық функция құрылымының бұзылысы соғұрлым байқалады.
0-3 және 11-15 жаста психологиялық ауытқулардың пайда болу мүмкіндігі үлкен, Себебі бұл кезеңдер сензитивті деп аталады.
Ал 4-11 жас аралығында түрлі зияндылықтарға қарсы тұру деңгейі төмендейді.
Жүйке жүйесінің бұзылуы неғұрлым күрделі болса, регрессияның ұзақ уақытқа сақталуы соғұрлым мүмкін болады, оның күйреуіне, яғни сол функцияның мүлдем жоғалуына алып келуі мүмкін.
Үшінші параметр – бірінші және екінші реттік дефектілердің өзара қатынасы.
Бірінші реттік дефект – биологиялық, екінші реттік дефект -әлеуметтік, 1 ретті дефектіге байланысты туады.
Төртінші параметр - Аномальді системогенез барысындағы функциялар арасындағы өзара әрекеттесуі.
Қалыпты онтогенез функциялары арасындағы қатынас түрлері:
а) функциялардың уақытқа тәуелділігі -
алғашқы кезеңге тән 2 жасқа дейін ойлау мен сөйлеу бөлек дамиды да, кейін бірігіп, өзара әсерлесіп, дамудың жаңа формасына айналады.
б) ассоциативті - онтогенездің алғашқы кезеңдеріне тән. Түрлі әсерлер (впечатления) біртұтастыққа бірігеді.
в) иерархиялық – заттық іс-әрекет пен қарым-қатынас негізінде қалыптасады. Бұл жерде жетекші және тұспалдық деңгейлер болады.
Дизонтогенез түрлері:
1) Психикалық жетлімей даму,
2) Кешіккен психикалық даму,
3) Зақымданған психикалық даму,
4) Дефицитарлық психикалық даму,
5) Бұрмаланған психикалық даму,
6) Дисгармониялық психикалық даму.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет