Контрастивті салғастырмалы лингвистика тіл біліміндегі ең жас саланың бірі



бет13/13
Дата19.02.2023
өлшемі114,95 Kb.
#69211
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
New Документ Microsoft Word

Зерттеудің болашағы. Жұмыстың тұжырымдары мен нәтижелері болашақта туыстас немесе туыс емес тілдердегі мөлшер сөзді тіркестерінің табиғаты, байланысу формалары мен тәсілдерін, синтаксистік қызметтері мен құрылымдық түрлерін салыстыра және салғастыра зерттеуге жол ашады. Сондықтан оларды әр қырынан зерттеу ізденушілерге қызығушылық туғызады.

Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің дамуы мен грамматикалық ерекшеліктері және оның аудармада көрініс табуы


Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 15:19, дипломная работа
Описание работы
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жүйесі бір-біріне ұқсамайтын тілдердің негізгі ерекшеліктерін салғастырмалы зерттеудің жалпы тіл білімімен қатар шет тілдерін оқыту жұмыстарында да мәні зор, маңызы жоғары. Біздің зерттеу тақырыбымыз қытай тіліндегі мөлшер сөздерді қазақ тілімен салғастыра қарастыруымыз осындай қажеттіліктен туындап отыр.
Содержание
Кіріспе ………………………………………………………………………...2
І тарау. «Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің дамуы мен зерттелу тарихы»……………………………………………………………..6
1.1.Тіл біліміндегі контрастивті типология және мөлшер сөздердің зерттелуі…………………………………………………………………….6
1.2. Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің зерттелуі………………………...7
1.2.1. Орыс тіл біліміндегі қытай тіліндегі мөлшер сөздер мәселесі…...8
1.3. Қазақ тіліндегі мөлшер атауларының зерттелуі……………………..9
1.4 Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің шығу мен дамуы……………...10
1.4.1.Көне қытай тіліндегі мөлшер сөздер………………………………11
1.5. Қазіргі қытай тіліндегі мөлшер сөздердің даму жолдары………...13
ІІ тарау. «Мөлшер сөздердің лексика-семантикалық және дистрибутивтік сипаты» …………………………………………………14
2.1. Қытайда және қазақ тілдеріндегі мөлшер сөздердің дистрибутивтік ерекшеліктері……………………………………………………………...14
2.2 Қазақ тіліндегі мөлшер сөздердің мағыналық, құрылымдық жүйесі……………………………………………………………………...18
2.3 Қытай тіліндегі мөлшерлік сөздерді айқындайтын үстеулер……...19
2.4 Қытай тіліндегі мөлшер сөздің семантикалық ерекшелігі…………19
2.5. Мөлшер бірліктерді білдіретін тұрақты тіркестер…………………21
ΙΙΙ тарау. «Мөлшер сөздердің валенттілігі және грамматикалық ерекшеліктері»……………………………………………………………….23
3.1. Мөлшер сөздің қосарлануы және морфологиялық ерекшелігі……23
3.2.Мөлшер сөздің валенттілік қызметі…………………………………24
3.3.Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің стилистикалық функциясы…...24
3.4. Қазақ тіліндегі мөлшер сөздердің грамматикалық белгілері……...25
3.5.Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің қазақ тілінде берілу жолдары...25
Қорытынды……………………………………………………………...27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………..29
Қытай тіліндегі қимылдық мөлшер сөздердің пайда болу кезеңі – әлі анықталмаған сұрақтардың бірі. Қытай тілі грамматикасын зерттеуші Уаң Ли өз еңбектерінде: «Таң дәуірінен бұрын «екі рет» деген мағынаны, «тағы» деген сөзді қолданудан басқа, іс-әрекеттің рет санын айтуда етістіктің алдына сан қосу арқылы көрсеткен» деп жазған.
Лю Шыжу: «Қытай тіліндегі қимылдық мөлшер сөздер Вэй жин оңтүстік, солтүстік (魏晋南北) дәуірінде пайда болды немесе сол кездерде біртіндеп пайда бола бастады»,– дейді. Сондай-ақ Қытайдың Цинь дәуірі кезіндегі жазбалардан да қимылдық мөлшер сөздердің де қолданыста болғаны аңғарылады. Мыс.: 小乐正立于西阶东,乃歌鹿鸣三终。[Xiaole zhen li yu xi jie dong, nai ge lu ming san zhong], ге лу өлеңін үш қайтара айтып шықты.罗人欲伐之,使伯嘉谍之,三巡数之。[Luoren yu fa zhi, shi bo jia die zhi, san xun shu zhe.]
Ал қазіргі қытай тілінде бұл сөз мөлшерлік қызмет атқармайды, «终zhong» сөзіне сәйкес «遍 bian» мөлшер сөзі қолданылады. 2-мысалда «三巡数之san xun shu zhe» «巡xun» сөзіне қазіргі қытай тіліндегі «遍 bian» сөзі сәйкес келеді.
Көне қытай тіліндегі шығармаларда көп кездесетін тағы бір мөлшер сөз «一成yi cheng» «ұрып болу, соғып болу» деген етістіктік мағынаны көрсетеді. «一成yi cheng» сөзінің қазіргі қытай тіліндегі мағынасы «一下yixia» іс-әрекеттің қысқа мерзімде істелуін білдіреді. «一成yi cheng» «击之ji zhi» тіркесінің соңынан жалғасып толықтырғыш (补语)болып, іс әрекетті білдіретін «击ji ұру, соғу» қимылының мөлшерін білдіріп тұр.
下xia – қимылдық мөлшер сөзі қимыл-әрекеттің қысқа уақытта және сол әрекеттің төмен қарай бағытталған рет санына қаратылады. Мыс.:母乃仗祥背及两脚百余下。[Munai zhang xiang bei ji liang jiao bai yuxia]. Шешесі қолына таяқ алып, Сиаңның арқасынан және екі аяғынан нешеме рет ұрды. 
遍Bian – іс-әрекеттің басталғаннан аяқталғанға дейінгі барысының мөлшерін білдіреді. Мыс.:但读千遍,自得其意。[Dandu qian bian, zi de qi yi.] Мың рет оқысаң, мағынасын өзің түсінесің. 画眉千度拭,梳头百遍撩。[Huamei qian du shi , shu tou bai bian liao.] Қасын мың рет сызып, шашын жүз рет тарады. 
1.5. Қазіргі қытай тіліндегі мөлшер сөздердің даму жолдары. Қазіргі мөлшер сөздер қолданылуы жағынан көне қытай тіліндегі мөлшер сөздерден мүлде өзгеше. Кейбір мөлшер сөздер құралып-қосылу барысында зат есімдермен немесе етістіктермен біртіндеп тұрақты қатынастар орнатып, жиі қолданылуы дағдыға еніп, бірте-бірте қазіргі қытай тіліндегі мөлшер сөздерді қалыптастырған. Мөлшер сөздерді зерттеуде, болмаса қытай тілін шетелдіктерге үйретуде мұның мәні зор екендігіне сенімдіміз.
本 (ben)“本”-нің негізгі мағынасы – “тамыр, Cюй Шэнь 《说文解字》 («Иероглифтерді талқылау») кітабында былай деп түсініктеме береді: “本下曰本”, 徐笺“凡木命根为柢,旁根为根,通曰本”. Бұл “本”-нің бастапқы мағынасы өсімдік тамырын білдіреді. Ол мөлшер сөзге айналғанда, әрине, өсімдіктердің мөлшерін білдіре алады. Мыс.: 百本薤, 五十本葱 (汉书·循吏传) Жүз түп көк ағаш, елу түп шөп.
Адамдардың басым бөлігі өсімдіктердің мөлшерін білдіруде “本”-ді қолдану, оның “тамыр”деген мәнінен туындаған ауыспалы мағынамен, ал оны кітаптар мөлшерін білдіру үшін қолдану әдісі “本”-нің “түп-тамыр” (қазық, қайнар) мәнінен келіп шыққан ауыспалы мағынамен байланысты деп есептейді.
ІІ тарау.«Мөлшер сөздердің лексика-семантикалық және дистрибутивтік сипаты». Қытай және қазақ тілдеріндегі мөлшер сөздер, қазақ тіліндегі мөлшер сөздердің мағыналық құрылымдық жүйесі, қытай тіліндегі мөлшер сөздерді айқындайтын үстеулер, қытай тіліндегі мөлшер сөздердің семантикалық ерекшелігі, мөлшерлік бірліктерді білдіретін тұрақты тіркестер баяндалады.
2.1. Қытайда және қазақ тілдеріндегі мөлшер сөздердің дистрибутивтік ерекшеліктері. Мөлшер сөз – қытай тіліндегі ең негізгі грамматикалық ерекшеліктердің бірі. Қытай тілінде әдетте заттың сандық мөлшерін білдіру үшін сан есім мен зат есім бірден тіркесе алмайды, олардың арасында міндетті түрде мөлшер сөздер қосылып айтылады. Мыс.:一个人[Yi ge ren] бір адам, 一本书[yi ben shu] бір кітап, 一辆车[yi liang che] бір арба, 三件衣服[san jian yi fu] үш киім, 拉一把[La yi ba] тарту, 考一次[kao yi ci] бір рет сынақ тапсыру, 住一年[zhu yi nian] бір жыл тұру, 看了一遍[kan le yi bian] бір рет қарады. Айталық, бір тұтам шөп, бір қазан ет, бір сауым сүт, бір орам жіп, бір атым насыбай, бір уыс тары т.б. Осындағы тұтам, қазан, сауым, орам, атым, уыс сөздері аталған тіркестердегі зат есімнің мөлшерін (шамасын ) білдіріп тұр.
Бірақ мұндай сөздер қазақ тілінде жеке сөз табы ретінде қарастырылмаған. Өйткені, біріншіден, олар жеке тұрғанда тілімізде басқа сөз табына (жоғарыда келтірілген сөздер зат есімге) тәуелді сөздер. Екіншіден, қазақ тілінде әдетте сан есім мен зат есім сөздері тікелей тіркесе береді. Мыс.: бір адам, екі үстел, үш орындық т.б. Ал қытай тілінде олай емес, кей жағдайда болмаса, сан есім мен зат есімдер мөлшер сөздерсіз тіркесе алмайды.
Заттық мөлшер сөздер адам не заттың санын білдіреді. Мыс.: 一个人[yi ge ren] бір тал адам, 一张桌子 [yi zhang zhou zi] бір стол, 一斤米 [yi jin mi] бір фунт күріш, 两本书 [liang ben shu] екі кітап.
Көне қытай тілі кезінен бері келе жатқан мөлшер сөздер: 乘 [cheng],帙[zhi], 巡[xun], 寻[xun], 樽[zun],袭[xi]. Бір мөлшер сөзді бірнеше зат есімге қатысты мөлшер сөз ретінде қолданылады.Сондай-ақ басқа тілдерден енген мөлшер сөздер де бар: 便士[bianshi] пенси, 伏特[tute] вольт, 瓦[wa ] ватт, 英寻[yingxun], т. б.
Заттық мөлшерлік сөздердің тек мөлшер сөз ретінде ғана қолданылатын түрімен бірге басқа сөз таптарынан ауысып қолданылатын түрлері де болады. Заттық мөлшер сөздерді мағыналық сипатына қарай арнаулы және ауыспалы деп бөлуге болады. Арнаулы мөлшер сөздер бес топқа бөлінеді:
1. Жекелік мөлшер сөздер дегеніміз – жеке заттардың бірлігін білдіру үшін арнайы қолданылытын мөлшер сөздер. Мыс.: 个[ge], 位[wei], 件[jian], 本 [ben], 把[ba, 匹[pi], 块[kuai], 篇[pian], 支[zhi], 家[jia], т. б.
Заттардың формасына қарай қолданылатын мөлшер сөздер:条[tiao] сырт көрінісі ұзын, жіңішке заттарға қолданылады :一条板凳 [yi tiao ban deng] бір ұзын орындық, 一条绳子[yi tiao sheng zi] бір арқан, т. б.
张[zhang] тегіс, жалпақ және кейбір ашылатын заттарға қолданылады: 一张桌子[yi zhang zhuo zi] бір үстел,一张剧票 [yi zhang ju piao] бір театр билеті, т. б.
Екі тілде де талдап санау өлшеміндегі сөздерде сандық мәні анық болмайды және олар зат есімдерге қолданылады. Мыс.: бір қап астық, бір түп тал, үш парақ қағаз, екі том кітап, бір шоқ раушан гүлі, он бау шөп, екі кесе май, т. б.
Туыс емес екі тілді салғастыру нәтижесінде ең басты айырмашылық жекелік сөздердің қытай тілінде өте көп екендігі дәлелденді.
2.Жинақтық мөлшер сөздер заттардың және адамдардың жұбын, жиынын есептейтін,санайтын бірлік ретінде қолданылады:副[fu], 双[shuang], 对[dui], 帮[bang], 班[ban], 套[tao], 大[da], 伙[huo],群[qun] т.б. жатады. Мөлшер сөздердің бұл түрі заттардың жиынтығын білдіреді. Мыс.: 副 [fu] 一副手套[yi fu shou tao] бір жұп қолғап, 一副对联[yi fu dui lian] жұп жазбалар, 一副眼镜[yi fu yan jing] бір жұп көзәйнек, 群[qun] 一群马[yi qun ma] бір үйір жылқы, 一群孩子 [yi qun hai zi] бір топ бала, 一群人[yi qun ren ] бір қора кісі. . 
Қытай және қазақ тілдеріндегі жинақтық мөлшер сөздерге жасалған салғастырмалы талдау олардың өзіндік айырмашылықтары бар екенін көрсетті. Қытай және қазақ тілдеріндегі мөлшер сөздердің ұқсастығы туыс емес екі тілде де жинақтық мөлшер сөздердің болу, ал айырмашылықтары олардың жасалу жолдарында. Қытай тілінде көптік формасының жасалу жолдары көп жағдайда мөлшер сөздердің көмегімен жасалады. Қазақ тілінде жинақтық мөлшер сөздердің жасалу жолдары да әр алуан болып келеді.
3. Белгісіздік мөлшер сөздер әдетте белгісіз сандық шаманы білдіреді. Олар 些[xie], бірнеше, біраз және 点儿[dianr] біраз, азырақ сөздерінің көмегімен белгісіздік шаманы көрсетеді.. Мыс.: 一些 [yi xie ] бірнеше, 一些人[yi xie ren] бірнеше адам, 好些东西 [hao xie dong xi] біраз жақсы заттар, 点儿[dian er] азырақ, 一点儿东西[yi dian er dong xi] азырақ заттар. Белгісіздік шаманы білдіретін сөздер сан есімдермен тіркескенде, тек қана 一[уі] бір санымен тіркесе алады. Кейде мөлшер сөздер сан есімдерсіз зат есіммен тікелей тіркеседі. Мыс.: 来了些人[Lai le xie ren] бірнеше адам келді, 买点儿苹果[mai dianr ping guo] біраз алма сатып алады, т.б.
Заттық белгісіздік мөлшер мағынасы қоршаған ақиқат болмыстағы заттардың (адамдардың, жансыз және жанды заттардың, т.б.) болжалды санын білдіреді.
Қазақ тілінде заттық белгісіздік мөлшерді білдіруде көп, көбірек, аз (емес), азғантай, қалың, дүйім, сан, т.б. сөздері де қолданылады. Қытай және қазақ тілдеріндегі белгісіздік мөлшер сөздері ұқсас болып келеді. Қытай тілінде些[xie], бірнеше, біраз және 点儿[dianr] біраз, азырақ сөздерімен, қазақ тілінде көп, аз, азырақ, қалың, т.б., сөздерімен жасалады.
4.Уақытқа қатысты (потенционалды) мөлшер сөздер 准量词: 年жыл ,星期апта, 天күн, 小时сағат, 三年 үш жыл, 五天бес күн, 一小时бір сағат т.б.
5. Қытай тіліндегі өлшем бірлікті білдіретін мөлшер сөздер екі топқа бөлініп қарастырылады. Бірі – метрикалық санау бірліктері: ұзындық өлшемдері(长度):微米[weimi]микрометр т.б.;аудан өлшемдері(面积和地积 : 公亩[gong mu]ар,公顷[gongqing]гектар т.б;сыйымдылық өлшемдері(容量): 毫升 [hao sheng] миллилитр,升[sheng]литр т.б.; салмақ өлшемдері (重量):克 [ke]грамм,百克[baike]гектограмм,公斤[gongjin]килограмм,公担[gongdan] центнер,斤[jin]жарты килограмм,吨[dun]тонна;көлемдік өлшемдер (体积):立方厘米 [lifanglimi] куб сантиметр, 立方分米 [ lifangfenmi] куб.
Екіншісі –қытай халқының өзіне тән өлшемдік, салмақтық бірліктер: ұзындық өлшемдері: 市毫 [shi hao] хао,市里 [shi li] ли т.б.аудан өлшемдері: 平方市寸 [ping fangshi cun] шаршы сунь,平方市尺 [ping fang shi chi] шаршы чи, т.б. сыйымдылық өлшемдері: 市勺 [shi shao ],市合 [shi he ] т.б.салмақ өлшемдері:市丝 [shi si ], 市毫 [shi hao],т.б. көлемдік өлшемдер(体积): 立方市寸 [li fang shi cun], 立方市尺[ li fang shi chi] , 立方市丈 [li fang shi zhang].
Ауыспалы мөлшер сөздер (借用名量词) дегеніміз – сыйымдылықты білдіретін және басқа сөз табынан ауысып келіп (қосымша) қызмет атқаратын сөздер. Қазіргі қытай тілінде мұндай мөлшер сөздерді зат есім мен етістіктен ауысып келген сөздер құрайды. Мыс.:一杯茶 бір шыны шай,,一口井бір құдық, 一头牛 бір бас сиыр, 一户人家 бір жанұя, 一粒珍珠 бір тал інжу маржан, 一串葡萄бір сабақ жүзім,一朵花бір шоқ гүл, 一束鲜花бір бума гүл т.б.
Уақытша мөлшер сөздер (临时名量词) зат есім немесе етістік мөлшерлік мағынада қолданылып, зат есім немесе етістіктің өздері бейнелейтін зат немесе қимылдың көлемін екінші бір заттың мөлшері ретінде көрсетуін білдіреді. Мыс.:一 书架书бір сөре кітап, 一脸汗жүзін тер басу, 一瓶子牛奶 бір бөтелке сүт, 一屋子人адам толы бөлме, 一箱子衣服бір чемодан киім, 一身泥денесі тұтас балшық, 桌子[ zhuo zi] (үстел /зат есім/ 一桌子书[yi zhou zi shu] бір үстел кітап, 一裙子水етегі су болу , 捆 [kun] орам /етістік/一捆嫁[yi kun jia] бір орам жасау.
Қазақ тіліндегі ауыспалы мөлшер сөздерді тұрақты тіркестер жасайды, олар негізінен зат есім және етістіктен ауысып келген сөздер болады. Мұндай сөздер қазақ тілінде дара мөлшерлік сөздер деп те аталады. Мәселен, қазақ тілінде зат есімнен немесе етістіктен ауысқан мөлшерлік сөздер өте көп: бір кесе су, бір тостаған қымыз, бір бас сиыр, бір тал алма, бір кесе су т.б..
Қытай тіліндегі мөлшер сөздер жүйесін құрайтын екі топ болса, соның бірі – қимылдық мөлшер сөздер. Қытай тілін зерттеуші белгілі ғалым Лүй Шушяң өзінің «Қытай тілі грамматикасына кіріспе» атты еңбегінде қытай тіліндегі қимылдық мөлшер сөздерді арнаулы қимылдық мөлшер сөздер, қимылдың қандай құралмен атқарылғандығын білдіретін мөлшер сөздер және етістікпен бірлескен мөлшер сөздер деп үш топқа бөлген.
Арнаулы қолданылатын қимылдық мөлшер сөздер: 次[ci], 回[hui], 下[xia], 番[fan], 通[tong], 气[qi], 阵[zhen], 遍[bian], 趟[tang], 场[chang], 顿[dun].
Ауыспалы қимылдық мөлшер сөздердің шығуына қарай, бес үлкен топқа бөлінеді. Олар:
1.Уақыттық мөлшер сөздер:谈一小时бір сағат сөйлеу, 病一星期бір апта ауыру, 休息两天 екі күн демалу, т.б. 2. Дене мүшелеріне қатысты мөлшер сөздер: 看一眼бір рет қарау, 踢一脚бір рет тебу,打两拳 екі рет ұру, т.б. 3. Құралдық мөлшер сөздер: 砍一刀бір шабу, 放一枪бір мәрте атпақ洗一水бір жуар су, 敲一棍子 таяқпен бір рет ұру, 画一笔 бір сызу, 切一刀 бір мәрте кесу т.б. 4. Сүйемелдеу мағынасындағы мөлшер сөздер: 唱一曲 бір ән салу, 走一步 бір адым басу, 喊一声бір рет айғайлау, 转一圈 бір айналу т.б. 5. Тұлғалас мөлшер сөздер: 看一看 көру, 走一走 жүру, 说一说 сөйлеу, 摸一摸 сипалау, 敲一敲 қағу, т.б.
Қазақ тіл білімінде қимыл, іс-әрекеттің өту барысын (басталуын, жалғасуын, аяқталуын) білдіретін қимылдың өту сипатының категориясын профессор Н.Оралбаева: «Әрбір қимылдың үш кезеңі, сатысы бар: қимылдың басталу кезеңі, қимылдың процесс үстіндегі кезеңі, қимылдың аяқталу кезеңі», –дей келіп, қимылдың дамуының үш кезеңін көрсетеді. Алайда тіл фактілері іс-әрекеттің іске асуында да мөлшер түсініктерінің бар екендігін көрсетеді.
Күрделі мөлшер сөздер екі мөлшер сөздің бірігуі арқылы жасалып, күрделі бір бірлікті білдіреді. Күрделі мөлшер сөздер негізінен заттық мөлшер сөздер мен қимылдық мөлшер сөздерден жасалады. Қазіргі қытай тілінде күрделі мөлшер сөздер жасайтын заттық мөлшер сөздер саны көп, ал қимылдық мөлшер сөздер аз. Мыс.: 人次(адам рет), 架次(рейс), 吨公里 тонна километр, т.б.
2-кесте – Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің түрлері
2.2 Қазақ тіліндегі мөлшер сөздердің мағыналық, құрылымдық жүйесі 
Қaзaқ тіл білімінде құрылымдық грaммaтикa термині дәстүрлі грaммaтикa, деңгейлік грaммaтикa, тұлғaлық грaммaтикa терминдерімен синоним ретінде қолдaнылaды. Әртүрлі бaғыттaрғa бөлінетін грaммaтикaлық зерттеулердің (дәстүрлі грaммaтикa, құрылымдық грaммaтикa, функционaлды грaммaтикa, генерaтивті грaммaтикa және т.б.) дaмуы, қaлыптaсу тaрихы жaғынaн дa, зерттеу әдістері тұрғысынaн дa ерекшеленеді.

Қaзaқ тіліндегі мөлшер сөздер қaбaттaрының aрa-жігін aшпaй, яғни ежелден келе жaтқaн хaлықтық өлшемдер деген түсінікпен қaрaп, оның өлшемдік, мөлшерлік, межелік тaбиғaтын болжaудaн, жобaлaудaн қaлыптaсқaн тaным-түсініктер деп қaрaушылық бaсым. Ғaлым Е. Жaнпейісов қaзaқ тіліндегі сөздердің әр aлуaндығы мен әртүрлілігін aтaй келіп, олaрды клaссификaторлaр, счеттік сөздердің жиынтығы мен өлшемдік aтaулaрмен бaйлaнысы бaр құрылымдaр деп бөлуге болaтынын көрсеткен.


Сaндық мaғынaсы болжалданып берілген төрт түлік мaл есебінің тобын, жиынтығын көрсететін мөлшерлік сөздер қaтaрынa отaр, тaбын, үйір, қол, құшaқ, қорa сияқты сөздерді жaтқызуға болады. Мөлшерлік aтaулaрмен бaйлaнысы бaр құрылымдaрдың негізгі бөлігін сaн есім + мөлшерлік көрсеткіш + зaт есім үлгісіндегі қaзaқтың бaйырғы өлшемдік құрылымдaры құрaйды. Бұл өлшем мәнді құрылымдaрдaғы счеттік көрсеткішті етістік сөздерге -ым, -ім, -м қосымшaлaры жaлғaну aрқылы жaсaлaды.Мыс.: бір жұтым су, бір тілім нaн, бір үзім нaн, бір шымшым тұз, бір aсым ет, бір қaрын мaй, бір сaбa қымыз, бір aстaу көже. Сондaй-aқ -ым, -ім, -м қосымшaлaры жaлғaну aрқылы уaқыт, қaшықтық өлшемдерінің де жaсaлaтынын бaйқaймыз. Мыс.: aт шaптырым, шaқырым, ет aсым, сүт пісірім, т.б. Бұл қосымшaны өлшем мәнді тіл бірліктерін тудырудaғы өнімді жұрнaқтaрдың бірі деп қорытындылaймыз.
2.3 Қытай тіліндегі мөлшерлік сөздерді айқындайтын үстеулер. Қытай тілі – сөздік қоры бай тілдердің бірі. Осы тілдегі ерекше орынға ие сөз табы –үстеу. Қазіргі қытай тілінде «етістікті, сын есімді айқындап, шаманы, көлемді, мезгілді т.б. мағыналарды білдіретін сөздер үстеу» деп анықтама берілген.
Мөлшер сөздер сөйлемде баяндауыш болып келгенде,мезгіл мен көлемді білдіретін үстеулер оларды айқындап тұрады.Мысалы: 他们 结婚 已经 三年了。[Ta men jiehun yijing san nian le] Олардың үйленгендеріне үш жыл болды. 三斤苹果一共一块五毛钱。[San jin pingguo yigong yi kuai wu shi mao qian] Үш жин (0,5 килограмм) алманың барлығы бір юань бес мао тұрады. 他刚个二十岁。[Ta gan ge er shi sui] Ол жиырмада.
2.4 Қытай тіліндегі мөлшер сөздің семантикалық ерекшелігі. Мөлшер сөз жеке бір сөз табы болатын ерекше грамматикалық категорияға жатады, бірақ грамматика мен семантика тығыз қарым-қатынаста болады.
 Бір зат есім не етістік бір мөлшер сөзді талғап тіркесуі, олардың өзара семантикалық сәйкестік таба алу-алмауында. Бір зат есім не етістік бірнеше мөлшер сөзбен тіркесіп келе береді. Мәселен, «人адам» сөзіне «个, 位, 员, 名, 介» сынды мөлшер сөздер тіркесе алады. «个» мөлшер сөзімен тіркескен сөздердің көбі көмескі болып келеді. Мыс.:
 访问了一所学校的学生 бір мектептің оқушыларымен кездесті.
访问了一位学校的学生 мектептің бір оқушысымен кездесті.
访问了一个学校的学生 бір мектептің оқушыларымен кездесті.
Заттық мөлшер сөз (名量词) бен қимылдық мөлшер сөзге (动量词) семантикалық талдау жасап, мөлшер сөз бен зат есім, етістік, сан есімдер арасындағы сәйкесу механизімін қарастырып көрелік.
1.Ұқсастық форма(相似型)формалық тип деп аталады. Адамдардың әр түрлі тәсілдер арқылы іс-әрекетті бақылау нәтижесі, обьективті іс-әрекеті әр түрлі болғанымен, олардың арасында белгілі ұқсастық болып отырады. Мұндай ұқсастық семантикада көрінеді. Мыс.: “一叶轻舟” [yi ye qing zhou], бір қайық (叶жапырақ, қайықты жапыраққа теңеген, қайықтың түрі кішкентай жапырақ типтес қытайлардың қайығы), “一钩明月 [yi gou mingyue] қияқтанған жарық ай, 一线天 [yi xian tian] көкжиек “一峰骆驼 [yifeng luo tuo] бір түйе( түйе өркешін тауға теңеуі). Осы мысалдардағы 叶[ye], 钩[gou], 线[xian], 峰[feng] мөлшер сөздері зат есіммен тіркесіп келгенде, негізінен суреттеу, бейнелеу қызметін атқарады. Бұл сөздердің мөлшер сөздер болумен бірге олардың негізгі өз мағыналары да бар. Мыс.: 叶[ye] жапырақ, 钩[gou] ілгек, 线[xian] сызық, 峰[feng] таудың шыңы.
2. Байланыстылық форма相关型.
1) Процестік форма 动状型. Кейбір заттық мөлшер сөздер семантикасы заттардың іс-әрекетпен байланысын анықтап, заттардың сыртқы пішіні мен іс-әрекеті арасындағы қарым-қатынасын, әсіресе, сол іс-әрекеттің себебін, салдарын анықтайды. Мыс.:串,堆,叠,挂, т.б.
2) Метонимиялық форма借代型. Субьективті заттардың сыртқы пішіні өзгеріске толы. Олардың кейбірінің пішіндік ерекшелігін бейнелеп беру өте қиын. Кейбірінің пішіндік ерекшелігі айқын болмағандықтан, зат есім мен мөлшер сөздің сабақтаса байланысу ерекшелігіне сүйене отырып, семантикалық жағынан символдық ерекшелігі ең жақын сөзді алып, мөлшер сөздің орнына қолданылады. Мыс.: 一口猪 [yi kou zhu] бір бас шошқа, 一头牛 [yi tou niu] бір бас сиыр, 一尾鱼 [yi wei yu] бір тұтам балық, 一刀纸 [yi dao zhi] бір кесім (жүз парақ) қағаз, 一碗饭 [yi wan fan] бір кесе тама,车[che] машина, 飞机 [fei ji]самолет,碗[wan]кесе, 瓶[ping]бөтелке,柜子[gui zi ] шкаф, 一脸汗水[yi lian han shui]жүзін тер басу,一口白牙 [yi kou ya] ауызы толы ақ тіс,一手泥巴[yi shou ni ba] бір уыс балшық, т.б.
3. Арнайы форма (特指型). Бұл түрдегі мөлшер сөздер көбінесе қалыптасқан ұғымдағы немесе арнайы обьектіге арнайы қолданылатын сөздер. Олар негізінен екі түрге бөліп қарастырылады. 1) арнайы өлшем бірліктер: 一斤 жарты килограмм, 两0.33 грамм, 吨 тонна, 米метр, т.б. 2) адамды немесе затты білдіретін сөздер:个,位,名,员,群,伙,帮,窝; Істі-қимылды білдіретін сөздер: 件,项,桩,起,档,宗; Отбасын білдіретін сөздер: 世,代,辈,房,家,户; Дәрежені білдіретін сөздер:等,级; Түрді (вид) білдіретін сөздер:种,类,样,.
Қимылдық мөлшер сөз жеке бір жүйе ретінде ішкі құрылымы бірнеше бөлектен тұрады, оның етістікпен тіркесуі әртүрлі факторларға байланысты. Ол бірінші кезекте қимылдық мөлшер сөздің өзіндік семантикалық ерекшелігіне, екінші кезекте етістікке қатысты обьектіге байланысты болады.
Қимылдық мөлшер сөздің құрылымдық жүйесін төрт сатыға бөліп қарастыруға болады.Олар: жалпы қолданыстағы мөлшер сөздер (通用量词) , тәуелсіз мөлшер сөздер (自主量词),көмекші мөлшер сөздер (借助量词), модальдық мөлшер сөздер(情态量词)
1) Жалпы қолданыстағы мөлшер сөз (通用量词). Сандық және уақыттық мөлшер бірліктерін білдіретін мөлшер сөздер:次рет, 回 рет, 年жыл, 月ай , 日күн, 季сезон, 周демалыс күндері, т.б.
2) Тәуелсіз мөлшер сөздер (自主量词 ): 看一看қарау, 学一学үйрену, 说一说 сөлеу,扫一扫сыпыру т.б.
3) Көмекші мөлшер сөздер (借助量词). а)Дене мүшесіне байланысты : 眼көз, 头бас, 腿аяқ, 手қол, 口ауыз, 拳жұдырық, 脚 аяқ, 巴掌алақан, 指头саусақ. ә)Құрал-саймандарға байланысты: 刀пышақ, 抢мылтық, 笔қалам, 鞭子қамшы, 斧子балта, т.б. б)Нәтижесінің қоса берілуіне байланысты: 步 қадам, 声дауыс, 圈қора , 程жол.
в) Модальдық мөлшер сөздер ( 情态量词): 番, 通,气, 阵, 遍, 顿, 场, 趟.
2.5. Мөлшер бірліктерді білдіретін тұрақты тіркестер. Қазақ тіліндегі ат шаптырым жер, құнан шаптырымжер, козы көш жер дегендермен бірге бір елі, екі елі деген өлшем бірліктері сияқты өлшем бірліктері бар. Қытай халқында да ертеден елi өлшемi болған. Бұл өлшемдi күнi бүгiнге дейiн қолданады. Елi сөзінің қытай тiлiндегi баламасы指厚 zhi hou, тура мағынасын қазақ тiлiне аударсақ, «саусақтың қалыңдығы» деген ұғымды бiлдiредi: Екi елi:er zhi hou (шамамен 2 см) екi саусақтың енiне тең;үш елi: san zhi hou (шамамен 6 см) үш саусақтың енiне тең;Төрт елi: si zhi hou (шашамен 8 см) 4 саусақтың енiне тең). Бармақ елi: 大拇指da mu zhi (шамамен 2,5 см).
Ерте кезде қазақ халқы да қытай халқы да, жер көлемiн, ұзындықты өлшеу үшiн мына қарапайым әдiстердi пайдаланған. Мыс.: табан, қадам, таяқ өлшемдері, тас лақтырып өлшеу, садақ оғын атып өлшеу, арқанмен өлшеу т.б.
Алыс жолдарға, оған кететiн уақыттың ұзақтығына қарай төмендегiдей өлшемдер пайда болған: бiр күншiлiк жол (жер) – таңның атуы мен бату аралығы. Қытай тiлiндегi мағынасы 一天路 yitian lu бiр түстiк жол (жер) – ерте шығып кеткенде, күн дәл төбеге келгендегi аралық, қытай тiлiндегi мағынасы 半天路ban tian lu бiр түстiк жол (жер) – таң атып, жұлдыздар сөнiп, күн шыққан кез.
Қытай халқының негiзгi шаруашылығы – егiншiлiк. Осы егiншiлiкке байланысты туындаған қашықтық ұғымдары да жеткiлiктi. Мыс.: 千米qian mi 1000 метрге тең – 1 км; 公里[gong li] шақырымға тең; 十里[shi li] 0,5 км-ге тең – көз көрiм жер; 英里[ying li] 200-250 метрге тең – құлақ естiр жер; 海厘[hai li] судың бетiн өлшейтiн өлшем – 600 метрге тең; 尺寸[chi cun] 34 см-ге тең.
ΙΙΙ тарау. «Мөлшер сөздердің валенттілігі және грамматикалық ерекшеліктері». Бұл тарау қытай және қазақ тілдеріндегі мөлшер сөздердің морфологиялық ерекшелігі, валенттілік қызметі, мөлшер сөздің стилистикалық функциясы және түрлері, қазақ тіліндегі мөлшер сөздердің грамматикалық белгілері, қытай тіліндегі мөлшер сөздердің қазақ тілінде берілу жолдары қарастырылады.
3.1. Мөлшер сөздің қосарлануы және морфологиялық ерекшелігі. Мөлшер сөздің негізгі бөлігі бір буынды,олар қосарланып реттілік мағынасын білдіреді.Мыс.:同学们个个都很喜欢这位老师。Студенттердің әрқайсыс бұл мұғалімді өте жақсы көреді. 他说的句句都是实话。Оның айтқан әр сөзі шындық. 条条大路通罗马。Тарам- тарам әрбір жол Римге қатынайды 我去过好几回,回回都没有见到他.Мен бірнеше рет барғам, әрбір жолы оны кездестіре алмадым.
«个个» «әрбір» деген мағына береді, «句句» «әрбір сөйлем» мағынасын, «条条», «回回» олар «每一条[mei yi tiao] әр бір көше», «每一回[mei yi hui] әр ретте» деген мағына береді, барлығы грамматикалық заңға сәйкес, реттіліктің мағынасын көрсетеді.
3-кесте – Қосарланған мөлшер сөздердің грамматикалық мағынасының өзгеруі

Мөлшер сөздің қосарлануы

Синтаксистік қызметі 

Сөйлемдегі 
орны

Мөлшер сөз типі

Грамматикалық мағынасы

АА

бастауыш 


Заттық мөлшер сөз

әрбір

баяндауыш



көп

анықтауыш

толықтауыштың алдынан


көп

бастауыштың алдынан


әрбір

көп

пысықтауыш 


Қимылдық мөлшер сөз

әрбір

Заттық мөлшер сөз

бір-бірден

тізбектеліп

3.2.Мөлшер сөздің валенттілік қызметі. Қытай тіліндегі мөлшер мағынасының синтаксистік тәсіл арқылы берілуінің өзіндік жолдары бар. Мөлшер сөз бен сан есім, сілтеу есімдігі мөлшер сөз тіркесін жасағаннан кейін олар сөйлемде еркін қолданылып, сөйлем мүшесі бола алады. Бірақ сан есім заттық мөлшер сөздермен және қимылдық мөлшер сөздермен тіркесіп, мөлшер сөз тіркесін құраса оның сөйлемдегі синтаксистік қызметінде әртүрлі айырмашылықтары болады. Мөлшер сөздер әрқашан сан есімдермен тіркесіп қолданылатындықтан, олардың тіркесін сандық мөлшер сөз деп атау дағдысы бар.


数量词+名词(Сан мөлшер сөз +зат есім). Мыс.:一位工人бір жұмысшы ,一次机会бір жолғы жиын. Мөлшер сөздердің барлық түрін 动词 + 数 量 词+ 名词(етістік+сан мөлшер сөз+зат есім) үлгісінде қолдануға болады.
А. Бұл үлгіде заттық мөлшер сөздердің соңына зат есім қосылып айтылады. Мыс.:买了一本书бір кітап сатып алды,种了一棵树。
В. Аталған үлгі бойынша етістіктің соңында қимылдық және мезгілдік мөлшер сөздер қолданылғанда, олар алдындағы етістік білдіретін қимыл-әрекетті анықтайды. Мыс.:看了一眼бір рет қарау,听了一听бір рет тыңдау ,去过一次бір рет барды,来了三天 ,т.б. Мөлшер сөздер сөйлемде бастауыш,баяндауыш,анықтауыш,толықтауыш та бола алады. Мыс. :两本 都 看完了екі кітапты оқып болдым,我已经四十岁了Мен қырықтамын。 时 间 已 经六点了уақыт алты болды.
3.3.Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің стилистикалық функциясы.
1.Теңеулік функциясы. Белгілі бір заттың образын білдіретін сөз арқылы сол заттың мөлшерін көрсету, арнаулы теңеу сөзсіз-ақ заттың нақты да жанды теңеу мағынасын беру, міне, бұл мөлшер сөздердің теңеулік функциясы болып табылады .Мыс.:不信, 请看那朵流星, 是他们提着灯笼在走。 Сенбесең,ана ақпа жұлдызға қара, олар шамды көтеріп жүрді. 郭沫若 《天上的街市》
2. Кейіптеу функциясы.Тілдік стилистикалық қажетке қарай кейде бір затқа қолданылатын мөлшер сөз екінші бір затқа алмастырылып қолданылу арқылы зат, адам немесе көрініс өзгертіліп, оқырманды ойға қалдырып, ерекше сезімге бөлейді. Мөлшер сөзді бұлайша қолдану тәсілі тілдік бейнелеудің сезімдік бояуын арттыра түседі.Мыс.:潘月亭——一块 庞然 大物 裹 着一身绸缎。Фан Үиетиң – торғын –торқаға оралған алып адам. 曹愚《日出》
3. Синестезия функциясы. Мөлшер сөздер арқылы сезу түйсіктерін өзгертуге, алмастырып қолдануға болады. Яғни, көру, есту, сезу, иіс түйсіктерін өзара алмастыруға, сол арқылы қиялды шарықтатуға, шығармашылық ой өрісін кеңейтуге болады. Мөлшер сөздерді осы тәсілмен қолдану арқылы адамға ой салатын, толғантатын тілдік бейнелеудің өнімділігіне қол жеткізуге болады. Мыс.:
微风过处,送来缕缕清香,仿佛远处高楼上渺茫的歌声似的。Самал желпіп есіп өткенде, ауық-ауық мұрыныңа келген жұпар иісі алыстағы сарайдан үзіліп жеткен ән дауысы секілді. 朱自清《荷塘月色》
3.4. Қазақ тіліндегі мөлшер сөздердің грамматикалық белгілері.
М. Балақаев қабыса байланысқан eciмдi сөз тipкecтepi туралы мәлiмeт бергенде: «Нақтылы мағынасы бар сөздердің барлығы есімдермен тipкece алмайды. Бұлардың көпшілігі осыған қоса бip анықтаушы сан есімді де керек етеді»,- дeйдi. Мұндай сөз тіркестеріне бip арқа отын, үш қап астық; 6ip қайнатым шай, 6ip узім нан, екі асым ет, т.б. дегендерді мысалға келтіреді.
Е. Ағманов түрік тілдеріндегі сан есімдер жүйесі туралы құнды мәліметтер бере отырып, «еceптік сан есімді анықтауыштық сөз тіркестеріндегі сөздердің арасына мөлшерлік сөздер сыналуы мүмкін» екендігін айтады. Т.Сайрамбаев мөлшерлік ұғымды білдіретін сөздерді тек мезгіл зат есімдер деп санайды да, оларды «бағыныңқы қызметте жұмсалатын сан есімдердің аясын кеңейтетін күрделі сөз тіркестерін жасаудың бір тәсілі,» – деп көрсетеді.
Мөлшерлік сөздер сөйлемде кез келген сөздермен (зат eciмдep, сан eciмдep, өздepi секілді басқа мөлшерлік сөздер, eтicтiктep, шылаулар, үстеулер және сын есімдермен) түйдектеліп тіркесе алады. Қазақ тiлiндe «сан eciм + мөлшерлік сөз» құрылымындағы жай тipкecтep немесе «сан eciм + мөлшерлік сөз + өлшеу объектісі» құрылымындағы күрделі тіркестер «бұрын, кейін, бepi» сияқты шылаулармен (септеуліктермен) түйдектеліп, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады.
3.5.Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің қазақ тілінде берілу жолдары.
Салғастырмалы аударма жұмысының мақсаты – аударма барысында түпнұсқа тілмен аударма арасында тілдік қарым-қатынас орнату. Салғастыра аудару кез келген тілдік элементтің тілдік жүйеде алар орнын анықтап береді, ал тіларалық салғастырулар тілдерді синхронды түрде салыстыруға мүмкіндік тудырады. Мөлшер сөздер – екі тілді салғастыра зертеуде және аударуда кездесетін қиын да күрделі мәсәлелердің бірі. Қытай тілін шет тілі ретінде оқыту бағытын зерттеу жұмыстарында мөлшер сөздердің түрлері,олардың қолдану ерекшеліктері, жасалу жолдары, атқаратын қызметтері бұл жұмыста әжептеуір қарастырылды.
Заттық мөлшер сөздер заттың сан мөлшерін білдіретін сөздер болып есептелді. Олар міндетті түрде аударылуға тиісті, егер ол аударылмаса түпнұсқаның мазмұнына нұқсан келеді. Мыс.:一本书[yi ben shu] бір тал кітап, 一群人[yi qun ren] бір топ адам т.б. Жекелік мөлшер сөздерді көп жағдайда аудармаса да болады. Ал топтық мөлшер сөздер міндетті түрде аударылу керек. Мыс.: 一盒糖 [yi he tang] бір қорап кәмпит, 一个糖 [yi ge tang ] бір тал кәмпит, 一打铅笔[yi da qianbi] бір буда қалам, 一支铅笔 [yi zhi qian bi ] бір тал қалам. Бұл арада жекелік мөлшерлік сөздер: 个[ ge], 支 [zhi]. Бұлар аударылмаса да түпнұсқаға нұқсан келмейді. Ал 大[da], 盒 [he] мөлшер сөздері аударылмаса, аударманың мазмұны бұзылады. Аударма жұмысында мөлшер сөздерді ыңғайына қарай қысқартып жіберуге немесе басқа сөздермен жеткізуге де болады. Сондықтан аудармада мөлшер сөздерді қандай ыңғайда аударуға, қандай кезде аудармай қысқартып жіберуге болады деген мәселеге көңіл бөлінеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Әлемнің тілдік бейнесін танудағы негізгі ұғым-түсініктердің біріне мөлшер, өлшем мазмұны да кіреді. Қытай тілі мен қазақ тілінде, ауызекі тілде де, жазба тілде де белсенді қызмет атқаратын мөлшер лексемаларының аясы ауқымды болып келеді. Қалыптасқан үрдіске сәйкес қазақ тіл білімінде сандылық категориясына, әдетте, өзара ұқсас, бірақ белгілі бір тұрғыдан тәуелсіз екі ұғымға: көптік ұғымы мен мөлшер ұғымына байланысты құбылыстар жатқызылады.
Қытай тілі аса күрделі тіл болғандықтан, онда мөлшер сөздердің саны көп және әрбір мөлшер сөздің ойды анықтайтын, толықтайтын, сипаттайтын өзіне тән қызметі бар. Сондықтан олардың бірінің орнына бірін ауыстырып қолдануға келмейді. Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің қолданылуы сөз тіркесіндегі немесе сөйлемдегі білідретін мағынасы жағынан, мөлшерлік мағынасымен, құрылымдық қызметі жағынан жіктеліп, ерекшеленеді. Ал қазақ тіліндегі мөлшер сөздер жеке сөз табы ретінде қарастырылмағанымен, тілде атқаратын қызметтеріне қарай олар сан есімдердің құрамындағы нумеративті сөздер немесе өлшем сөздер, счетті сөздер, есептік сөздер деп аталып жүр.
Жұмыста қазақ тіліндегі мөлшер сөздердің пайда болуы мен жасалуының да өзіндік ерекшеліктері мен заңдылықтары айқындалды. Олардың саны аз және қытай тіліндегідей күрделі емес, сондай-ақ олардың қолданылуына ерекше қатаң талаптар қойылмайтындығы анықталынды.
Қытай және қазақ тілдерінің мөлшерлік сөздердің грамматикалық айырмашылықтарына тоқталып, қытай тілі даралаушы тілдерден екенін ескерсек, қытай тіліндегі сөздер ешқандай септелмейтіндігі, шақ формасы, тәуелденбейтіндігі сол тілдің басты айырмашылығы болып келеді. Қазақ тіліндегі мөлшерлік сөздер қабыса, матаса, меңгере байланыстарға түсе алады. Қытай тіліндегі мөлшерлік сөздер тек қана қабыса байланысқа түседі. Қытай тіліндегі мөлшерлік сөздер сөйлемде бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш, толықтырғыш бола алады. Ал қазақ тілінде анықтауыштық, пысықтауыш қызмет атқара алады.
Қытай тіліндегі мөлшер сөздер сан есіммен, есімдікпен тікелей тіркеседі. Ал зат есім, етістік, сын есім әдетте мөлшер сөздер арқылы ғана сан есіммен тіркесе алады. Бұл қазіргі заман қытай тіліндегі мөлшер сөздердің басты айырмашылығы.
Қытай тіліндегі мөлшер сөздер сан есім немесе сілтеу есімдігімен тіркесіп, сөйлем мүшесі болады. Сонымен қатар мөлшер сөздер сөйлемде анықтауыш, толықтырғыш, бастауыш, баяндауыш, толықтауыш қызметтерін атқарады.
Қытай тілінде мөлшер сөздер кеңінен қолданылады және олардың өзіндік қолдану ерекшеліктері, заңы бар. Әртүрлі мөлшер сөздер әртүрлі сөздерді шамалайды. Бір мөлшер сөз әртүрлі сөздерді шамалай алады. Бір сөзге бірнеше мөлшер сөздер қолданыла береді.
Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің бір түрі немесе бір тобы - өлшем бірліктері қазақ тілінде де дәл сондай болып кездеседі. Сонымен қатар, қытай тіліндегі бірнеше мөлшер сөз қазақ тіліндегі бір ғана мөлшер сөзбен және қазақ тіліндегі бірнеше мөлшер сөз қытай тіліндегі бір ғана сөзбен берілу құбылысы да жоқ емес.
Тілдерді салғастыра зерттеу барысында айқындалуға тиісті ұқсастықтар мен айырымдардың түрлерін бір ізге түсіре келе, салғастырудың осы күнге дейінгі көп жағдайда формадан шығып, мағына ашу бағытында жүргізіліп келгенін,сондай-ақ қазіргі тіл білімінің үрдісіне сай тілдің әр түрлі қолданыс аясындағы қызметін ашатын бағыттың басымдыққа ие болып отырғанын, соған орай тілдік айырым мен ұқсастықтар тілдердің барлық деңгейлерін біртұтас жүйе тұрғысынан салғастырудың маңыздылығын баса көрсетілді.
Қытай тіліндегі мөлшер сөздерді қолдануда ерекше қатаңдықты талап етеді. Егер сөйлемде мөлшер сөзді дұрыс қолданбаса, яғни сипатталатын обьектінің өзіне ғана тән мөлшер сөзді қолданбаса, немесе оны қалдырып кетсе, онда бұл сөйлем негізгі мазмұнынан айырылып қалады. Жалпы алғанда, «сан есім мен зат есімді» мөлшер сөздер құрайтын мөлшер сөз тіркесінің, ең басты синтаксистік қызметі - анықтауыш болу. Нақты жағдайларда ол бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш және толықтырғыш жасай алады. Ерекше тіл ортасында, бастауыштық, баяндауыштық қызметтерін атқара алады, бірақ толықтауыштық қызмет жасай алмайды. Сан есім мен қимыл мөлшер сөз және зат есім тіркесіп келгенде белгілі жағдайда сөйлемде ол бастауыш қызметін атқарады.
Мөлшер сөздердің сезімдік, формалық және тілдік реңктерін нақты білу мөлшер сөздерді дұрыс қолдануымызға көмектесіп қана қоймай, оларды шебер таңдай білуімізге көмектеседі, тілді одан да көрікті қыла түседі.
Қорыта келгенде, шетел тілінің жүйесін саналы түрде меңгеру барысында ана тілімен салғастыру қазақ тілінің ерекшеліктері мен айырмашылықтарын жүйелі түрде, тереңірек түсінуге, меңгеруге, пайымдауға жол ашады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Марр Н.И. Избранные работы . 2 том. Ленинград, 1936
2. Буранов Дж. Сравнительная типология английского языка и тюркских языков.–М.,1983. 264 с.
3. Бугаева Т.Г. Нумеративы в корейском языке // Исследования в области этимологии алтайских языков. – Ленинград: Наука, 1979. – с. 262-270
4. Ма Цзен Чжұң [马氏文通] .Грамматика сауаты. –Пекин,1898.
5. Драгунов. А.А.Исследования по грамматике современного китайского языка. 1 часть. М.- 1952, с.231.
6. Яхонтов. С.Е Категория глаголов в китайском языке.– Ленинград, 1957
7. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы, 1991. - 384 б
8. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1991. -384 б
9. Уаң Ли. Қазіргі заман қытай тілі грамматикасы.– Пекин.1943 ж.
10.Лүй Шушяң. Қытай грамматикасының қысқаша очеркі. –Пекин, 1956. – 290 б.
11. Жанпейісов Е.Этнокультурная лексика казахского языка.– Алматы, 1989-28 б.
12. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі .–Алматы: Ана тілі, 1992. -248 б. 
13. Агманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі. –Алматы, Мектеп, 1986. -240 б.
14.Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі күрдел сөз тіркестері.–Алматы, 
Мектеп,1981. -200 б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет