Контрастивті салғастырмалы лингвистика тіл біліміндегі ең жас саланың бірі


Көне қытай тіліндегі мөлшер сөздер



бет5/13
Дата19.02.2023
өлшемі114,95 Kb.
#69211
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
New Документ Microsoft Word

1.4.1.Көне қытай тіліндегі мөлшер сөздер. Екі хан(两汉) дәуірі кезінде сан мөлшер сөздерінің саны көбейіп, атқаратын қызметі нақтыланып, өзінше даралана бастады. Мысалы,  - атқа [pi] мөлшер сөзі ,  -  сиырға [tou] мөлшер сөзі, қойға [tou] мөлшер сөзі қолданылған. Бұл мөлшер сөздердің Чин (先秦)дәуірінде пайда болып, кейінгі Хан дәуірінде де өз қасиеттерін сақтай отырып дамыған. Жануарларға қатысты мөлшер сөздер: 马称匹 [ma – pi] жылқыға pi;羊,牛称头 [yang, niu – tou] қойға, сиырға мөлшер бірліктері қолданылған. Мұндағы tou сөзі әуелде дене мүшесі бас мағынасын берген, кейін сиыр мен қой сөздерімен тіркесіп, сол жануарлардың мөлшерін көрсетуде қолданылған. Оларды төмендегідей топтарға бөліп қарастыруға болады:
1. Зат есімдердің мөлшерін шамалағанда, сан есімді қолдану әдісі әлі кең көлемде жүйелі арнаға түспеген кез;
2. [数词+量词] «сан есім + мөлшер сөз» құрылымы зат есімнің алдында қолданылған, бірақ салыстырып қарағанда, бұл құрылымының әлі де зат есімдердің соңынан қолданылуы жиі кездеседі;
3. Мөлшер сөздер әлі де кемелдену деңгейіне жетпеген, орны нақтыланбаған мөлшер сөздердің біразы әлі де болса сақталып қалған. Бір-біріне ұқсамайтын зат есімдерді бір сөйлемнің ішінде мөлшерлеген кезде, оны тек қана бір мөлшер сөзбен білдіруге болады. Мысалы, 车马二百五十五匹 [che ma er bai wu shi wu pi ] Арба атымен – 250. Бұл мысалда атқа да, арбаға да[pi ] мөлшер сөзі қолданылған. 将万二千人骑 [jiang wan er qian ren qi.] Он мың әскер, екі мың ат. Адамға да арбаға да бір мөлшер сөз қолданылған.
Қорыта айтқанда, қытай тіліндегі заттық мөлшер сөздер сауыт-сүйек, металл дәуірлері кезінде пайда болып, Чин дәуірі кезінде заттық мөлшер сөздер қалыптасып, дамыды. Екі хан дәуірі заттық мөлшер сөздердің дамып, жетілген кезеңі болып есептеледі.
1-кесте – Қытай тіліндегі мөлшерді көрсетудің өзгерісі және мөлшер сөздерді қолдану барысындағы даму кезеңдері

Жетілу (даму) кезеңдері

І

ІІ

ІІІ

IV

V

Сөз таптарының бірлесуі

Зат есім
Сан есім

Сан есім
Зат есім

Зат есім
Сан есім
Зат есім

Зат есім
Сан есім
Мөлшер сөз

Сан есім
Мөлшер сөз
Зат есім

Мысалдар

马五
Ат бес

五马
Бес ат

马 五马
Ат бес ат

马五匹
Ат бес бас

五匹马
Бес бас ат

Қытай тіліндегі қимылдық мөлшер сөздердің пайда болу кезеңі – әлі анықталмаған сұрақтардың бірі. Қытай тілі грамматикасын зерттеуші Уаң Ли өз еңбектерінде: «Таң дәуірінен бұрын «екі рет» деген мағынаны, «тағы» деген сөзді қолданудан басқа, іс-әрекеттің рет санын айтуда етістіктің алдына сан қосу арқылы көрсеткен» деп жазған [9, 39].
Лю Шыжу: «Қытай тіліндегі қимылдық мөлшер сөздер Вэй жин оңтүстік, солтүстік (魏晋南北) дәуірінде пайда болды немесе сол кездерде біртіндеп пайда бола бастады»,– дейді. Сондай-ақ Қытайдың Цинь дәуірі кезіндегі жазбалардан да қимылдық мөлшер сөздердің де қолданыста болғаны аңғарылады. Мыс.: 小乐正立于西阶东,乃歌鹿鸣三终[Xiaole zhen li yu xi jie dong, nai ge lu ming san zhong], ге лу өлеңін үш қайтара айтып шықты.罗人欲伐之,使伯嘉谍之,三巡数之。[Luoren yu fa zhi, shi bo jia die zhi, san xun shu zhe.]
Ал қазіргі қытай тілінде бұл сөз мөлшерлік қызмет атқармайды, «终zhong» сөзіне сәйкес «遍 bian» мөлшер сөзі қолданылады. 2-мысалда «巡数之san xun shu zhe» «巡xun» сөзіне қазіргі қытай тіліндегі «遍 bian» сөзі сәйкес келеді.
Көне қытай тіліндегі шығармаларда көп кездесетін тағы бір мөлшер сөз «一成yi cheng» «ұрып болу, соғып болу» деген етістіктік мағынаны көрсетеді. «一成yi cheng» сөзінің қазіргі қытай тіліндегі мағынасы «一下yixia» іс-әрекеттің қысқа мерзімде істелуін білдіреді. «一成yi cheng» «击之ji zhi» тіркесінің соңынан жалғасып толықтырғыш (补语)болып, іс әрекетті білдіретін «击ji ұру, соғу» қимылының мөлшерін білдіріп тұр.
xia – қимылдық мөлшер сөзі қимыл-әрекеттің қысқа уақытта және сол әрекеттің төмен қарай бағытталған рет санына қаратылады. Мыс.:母乃仗祥背及两脚百余下。[Munai zhang xiang bei ji liang jiao bai yuxia]. Шешесі қолына таяқ алып, Сиаңның арқасынан және екі аяғынан нешеме рет ұрды.
Bian – іс-әрекеттің басталғаннан аяқталғанға дейінгі барысының мөлшерін білдіреді. Мыс.:但读千遍自得其意。[Dandu qian bian, zi de qi yi.] Мың рет оқысаң, мағынасын өзің түсінесің. 画眉千度拭梳头百遍撩。[Huamei qian du shi , shu tou bai bian liao.] Қасын мың рет сызып, шашын жүз рет тарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет