Контрастивті салғастырмалы лингвистика тіл біліміндегі ең жас саланың бірі


Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің стилистикалық функциясы



бет11/13
Дата19.02.2023
өлшемі114,95 Kb.
#69211
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
^ 3.3.Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің стилистикалық функциясы.
1.Теңеулік функциясы. Белгілі бір заттың образын білдіретін сөз арқылы сол заттың мөлшерін көрсету, арнаулы теңеу сөзсіз-ақ заттың нақты да жанды теңеу мағынасын беру, міне, бұл мөлшер сөздердің теңеулік функциясы болып табылады. Мыс.:不信,请看那朵流星,是他们提着灯笼在走。Сенбесең, ана ақпа жұлдызға қара, олар шамды көтеріп жүрді.郭沫若《天上的街市》
2. Кейіптеу функциясы.Тілдік стилистикалық қажетке қарай кейде бір затқа қолданылатын мөлшер сөз екінші бір затқа алмастырылып қолданылу арқылы зат, адам немесе көрініс өзгертіліп, оқырманды ойға қалдырып, ерекше сезімге бөлейді. Мөлшер сөзді бұлайша қолдану тәсілі тілдік бейнелеудің сезімдік бояуын арттыра түседі. Мыс.: 潘月亭——一块庞然大物裹着一身绸缎。Фан Үиетиң – торғын –торқаға оралған алып адам. 曹愚《日出》
3. Синестезия функциясыМөлшер сөздер арқылы сезу түйсіктерін өзгертуге, алмастырып қолдануға болады. Яғни, көру, есту, сезу, иіс түйсіктерін өзара алмастыруға, сол арқылы қиялды шарықтатуға, шығармашылық ой өрісін кеңейтуге болады. Мөлшер сөздерді осы тәсілмен қолдану арқылы адамға ой салатын, толғантатын тілдік бейнелеудің өнімділігіне қол жеткізуге болады. Мыс.:
微风过处,送来缕缕清香,仿佛远处高楼上渺茫的歌声似的。Самал желпіп есіп өткенде, ауық-ауық мұрыныңа келген жұпар иісі алыстағы сарайдан үзіліп жеткен ән дауысы секілді. 朱自清《荷塘月色》
^ 3.4. Қазақ тіліндегі мөлшер сөздердің грамматикалық белгілері
М. Балақаев қабыса байланысқан eciмдi сөз тipкecтepi туралы мәлiмeт бергенде: «Нақтылы мағынасы бар сөздердің барлығы есімдермен тipкece алмайды. Бұлардың көпшілігі осыған қоса 6ip анықтаушы сан есімді де керек етеді»,- дeйдi [12, 18]. Мұндай сөз тіркестеріне 6ip арқа отын, үш қап астық; 6ip қайнатым шай, 6ip узім нан, екі асым ет, т.б. дегендерді мысалға келтіреді.
Е. Ағманов түрік тілдеріндегі сан есімдер жүйесі туралы құнды мәліметтер бере отырып, «еcenтік сан есімді анықтауыштық сөз тіркестеріндегі сөздердің арасына мөлшерлік сөздер сыналуы мүмкін» екендігін айтады [13, 29-37]. Т.Сайрамбаев мөлшерлік ұғымды білдіретін сөздерді тек мезгіл зат есімдер деп санайды да, оларды «бағыныңқы қызметте жұмсалатын сан есімдердің аясын кеңейтетін күрделі сөз тіркестерін жасаудың бір тәсілі,» – деп көрсетеді [14, 200 ].
Мөлшерлік сөздер сөйлемде кез келген сөздермен (зат eciмдep, сан eciмдep, өздepi секілді басқа мөлшерлік сөздер, eтicтiктep, шылаулар, үстеулер және сын есімдермен) түйдектеліп тіркесе алады. Қазақ тiлiндe «сан eciм + мөлшерлік сөз» құрылымындағы жай тipкecтep немесе «сан eciм + мөлшерлік сөз + өлшеу объектісі» құрылымындағы күрделі тіркестер «бұрын, кейін, бepi» сияқты шылаулармен (септеуліктермен) түйдектеліп, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет