Контрастивті салғастырмалы лингвистика тіл біліміндегі ең жас саланың бірі


Мөлшер бірліктерді білдіретін тұрақты тіркесте



бет9/13
Дата19.02.2023
өлшемі114,95 Kb.
#69211
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
New Документ Microsoft Word

^ 2.5. Мөлшер бірліктерді білдіретін тұрақты тіркестер. Қазақ тіліндегі ат шаптырым жер, құнан шаптырымжер, козы көш жер дегендермен бірге бір елі, екі елі деген өлшем бірліктері сияқты өлшем бірліктері бар. Қытай халқында да ертеден елi өлшемi болған. Бұл өлшемдi күнi бүгiнге дейiн қолданады. Елi сөзінің қытай тiлiндегi баламасы指厚 zhi hou, тура мағынасын қазақ тiлiне аударсақ, «саусақтың қалыңдығы» деген ұғымды бiлдiредi: Екi елi:er zhi hou (шамамен 2 см) екi саусақтың енiне тең;үш елi: san zhi hou (шамамен 6 см) үш саусақтың енiне тең;Төрт елi: si zhi hou (шашамен 8 см) 4 саусақтың енiне тең). Бармақ елi: 大拇指da mu zhi (шамамен 2,5 см).
Ерте кезде қазақ халқы да қытай халқы да, жер көлемiн, ұзындықты өлшеу үшiн мына қарапайым әдiстердi пайдаланған. Мыс.: табан, қадам, таяқ өлшемдері, тас лақтырып өлшеу, садақ оғын атып өлшеу, арқанмен өлшеу т.б.
Алыс жолдарға, оған кететiн уақыттың ұзақтығына қарай төмендегiдей өлшемдер пайда болған: бiр күншiлiк жол (жер) – таңның атуы мен бату аралығы. Қытай тiлiндегi мағынасы 一天路 yitian lu бiр түстiк жол (жер) – ерте шығып кеткенде, күн дәл төбеге келгендегi аралық, қытай тiлiндегi мағынасы 半天路ban tian lu бiр түстiк жол (жер) – таң атып, жұлдыздар сөнiп, күн шыққан кез.
Қытай халқының негiзгi шаруашылығы – егiншiлiк. Осы егiншiлiкке байланысты туындаған қашықтық ұғымдары да жеткiлiктi. Мыс.: 千米qian mi 1000 метрге тең – 1 км; 公里[gong li] шақырымға тең十里[shi li] 0,5 км-ге тең – көз көрiм жер; 英里[ying li] 200-250 метрге тең – құлақ естiр жер; 海厘[hai li] судың бетiн өлшейтiн өлшем – 600 метрге тең尺寸[chi cun] 34 см-ге тең.
Үшінші тарау «Мөлшер сөздердің валенттілігі және грамматикалық ерекшеліктері» деп аталады. Бұл тарау қытай және қазақ тілдеріндегі мөлшер сөздердің морфологиялық ерекшелігі, валенттілік қызметі, мөлшер сөздің стилистикалық функциясы және түрлері, қазақ тіліндегі мөлшер сөздердің грамматикалық белгілері, қытай тіліндегі мөлшер сөздердің қазақ тілінде берілу жолдары қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет