Контрастивті салғастырмалы лингвистика тіл біліміндегі ең жас саланың бірі


Қытай тіліндегі мөлшер сөздің семантикалық ерекшелігі



бет8/13
Дата19.02.2023
өлшемі114,95 Kb.
#69211
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
New Документ Microsoft Word

^ 2.4 Қытай тіліндегі мөлшер сөздің семантикалық ерекшелігі. Мөлшер сөз жеке бір сөз табы болатын ерекше грамматикалық категорияға жатады, бірақ грамматика мен семантика тығыз қарым-қатынаста болады.



    1. Бір зат есім не етістік бір мөлшер сөзді талғап тіркесуі, олардың өзара семантикалық сәйкестік таба алу-алмауында. Бір зат есім не етістік бірнеше мөлшер сөзбен тіркесіп келе береді. Мәселен, «人адам» сөзіне «个, 位, 员, 名, 介» сынды мөлшер сөздер тіркесе алады. «个» мөлшер сөзімен тіркескен сөздердің көбі көмескі болып келеді. Мыс.:

    2. 访问了一所学校的学生 бір мектептің оқушыларымен кездесті.

访问了一位学校的学生 мектептің бір оқушысымен кездесті.
访问了一个学校的学生 бір мектептің оқушыларымен кездесті.
Заттық мөлшер сөз (名量词) бен қимылдық мөлшер сөзге(动量词)семантикалық талдау жасап, мөлшер сөз бен зат есім, етістік, сан есімдер арасындағы сәйкесу механизімін қарастырып көрелік.
1. Ұқсастық форма(相似型)формалық тип деп те аталады. Адамдардың әр түрлі тәсілдер арқылы іс-әрекетті бақылау нәтижесі, обьективті іс-әрекеті әр түрлі болғанымен, олардың арасында белгілі ұқсастық болып отырады. Мұндай ұқсастық семантикада көрінеді. Мыс.: 一叶轻舟[yi ye qing zhou], бір қайық (жапырақ, қайықты жапыраққа теңеген, қайықтың түрі кішкентай жапырақ типтес қытайлардың қайығы), 一钩明月 [yi gou mingyue] қияқтанған жарық ай, 一线天 [yi xian tian] көкжиек “一峰骆驼 [yifeng luo tuo] бір түйе( түйе өркешін тауға теңеуі). Осы мысалдардағы [ye], [gou], 线[xian], [feng] мөлшер сөздері зат есіммен тіркесіп келгенде, негізінен суреттеу, бейнелеу қызметін атқарады. Бұл сөздердің мөлшер сөздер болумен бірге олардың негізгі өз мағыналары да бар. Мыс.: [ye] жапырақ, [gou] ілгек, 线[xian] сызық, [feng] таудың шыңы.
2. Байланыстылық форма相关型.
1) Процестік форма 动状型. Кейбір заттық мөлшер сөздер семантикасы заттардың іс-әрекетпен байланысын анықтап, заттардың сыртқы пішіні мен іс-әрекеті арасындағы қарым-қатынасын, әсіресе, сол іс-әрекеттің себебін, салдарын анықтайды. Мыс.:串,堆,叠,挂, т.б.
2) Метонимиялық форма借代型. Субьективті заттардың сыртқы пішіні өзгеріске толы. Олардың кейбірінің пішіндік ерекшелігін бейнелеп беру өте қиын. Кейбірінің пішіндік ерекшелігі айқын болмағандықтан, зат есім мен мөлшер сөздің сабақтаса байланысу ерекшелігіне сүйене отырып, семантикалық жағынан символдық ерекшелігі ең жақын сөзді алып, мөлшер сөздің орнына қолданылады. Мыс.: 一口猪 [yi kou zhu] бір бас шошқа, 一头牛 [yi tou niu] бір бас сиыр, 一尾鱼 [yi wei yu] бір тұтам балық, 一刀纸 [yi dao zhi] бір кесім (жүз парақ) қағаз, 一碗饭 [yi wan fan] бір кесе тама,[che] машина, 飞机 [fei ji]самолет,碗[wan]кесе, [ping]бөтелке,柜子[gui zi ] шкаф, 一脸汗水[yi lian han shui]жүзін тер басу,一口白牙 [yi kou ya] ауызы толы ақ тіс,一手泥巴[yi shou ni ba] бір уыс балшық, т.б.
3. Арнайы форма (特指型). Бұл түрдегі мөлшер сөздер көбінесе қалыптасқан ұғымдағы немесе арнайы обьектіге арнайы қолданылатын сөздер. Олар негізінен екі түрге бөліп қарастырылады. 1) арнайы өлшем бірліктер: 一斤 жарты килограмм, 两0.33 грамм, 吨 тонна, 米метр, т.б. 2) адамды немесе затты білдіретін сөздер:个,位,名,员,群,伙,帮,窝; Істі-қимылды білдіретін сөздер: 件,项,桩,起,档,宗; Отбасын білдіретін сөздер: 世,代,辈,房,家,户; Дәрежені білдіретін сөздер:等,级; Түрді (вид) білдіретін сөздер:种,类,样,.
Қимылдық мөлшер сөз жеке бір жүйе ретінде ішкі құрылымы бірнеше бөлектен тұрады, оның етістікпен тіркесуі әртүрлі факторларға байланысты. Ол бірінші кезекте қимылдық мөлшер сөздің өзіндік семантикалық ерекшелігіне, екінші кезекте етістікке қатысты обьектіге байланысты болады.
Қимылдық мөлшер сөздің құрылымдық жүйесін төрт сатыға бөліп қарастыруға болады. Олар: жалпы қолданыстағы мөлшер сөздер (通用量词),тәуелсіз мөлшер сөздер (自主量词),көмекші мөлшер сөздер (借助量词),модальдық мөлшер сөздер(情态量词)
1) Жалпы қолданыстағы мөлшер сөз (通用量词). Сандық және уақыттық мөлшер бірліктерін білдіретін мөлшер сөздер:次рет, 回 рет, 年жыл, 月ай , 日күн, 季сезон, 周демалыс күндері, т.б.
2) Тәуелсіз мөлшер сөздер (自主量词 ): 看一看қарау, 学一学үйрену, 说一说 сөлеу,扫一扫сыпыру т.б.
3) Көмекші мөлшер сөздер (借助量词). а)Дене мүшесіне байланысты : 眼көз, 头бас, 腿аяқ, 手қол, 口ауыз, 拳жұдырық, 脚 аяқ, 巴掌алақан, 指头саусақ. ә)Құрал-саймандарға байланысты: 刀пышақ, 抢мылтық, 笔қалам, 鞭子қамшы, 斧子балта, т.б. б)Нәтижесінің қоса берілуіне байланысты: 步 қадам, 声дауыс, 圈қора , 程жол.
в) Модальдық мөлшер сөздер ( 情态量词): 番, 通,气, 阵, 遍, 顿, 场, 趟.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет