Контроль в вузе

Педагогикалық өлшеулердің ұйымдастыру қызметі

бет6/7
Дата20.02.2023
өлшемі159,67 Kb.
#69367
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
3 Пед -лшем

Педагогикалық өлшеулердің ұйымдастыру қызметі оқу үдерісінің қаншалықты дұрыс ұйымдастырылғанын анықтауда көрінеді. Зерттеу нәтижелеріне байланысты қосымша сабақтар мен консультациялар өткізу қажеттілігі туралы, үлгермеген, оқуында қиыншылық туындаған білімалушыларға көмек көрсету туралы, жақсы жұмыс істеген білімалушылар мен педагогтарды көтермелеу туралы шешім қабылданады.

Ұйымдастыру қызметін жүзеге асыруда қазіргі заманғы бағдарламалық-педагогикалық құралдарды әзірлеу арқылы білімалушылардың оқу іс-әрекетін белсендендіру маңызды рөл атқарады, олар: автоматтандырылған бақылау-оқыту бағдарламалары, Автоматтандырылған өзін-өзі бақылау модульдері, білімді автоматты бақылауға арналған құрал-саймандар, тестілерді әзірлеуге және тапсырмалардың сапасын тексеруге арналған статистикалық пакеттер және т. б.

Оқу үдерісін ұйымдастыруды педагогикалық өлшемдер арқылы жандандыру және жетілдіру идеясы бұрыннан пайда болды; оның тек жақтастар ғана емес, сонымен қатар көптеген қарсыластары да болды. Уақыт өте келе, біздің күнімізге дейін оқытуды бағасыз да, емтихансыз да, сынақсыз да жүргізу ұсынылды.

Міне, сондықтан мектептер мен жоғары оқу орындарында бағалаудың әр түрлі формалары енгізілді. Оппоненттер емтихан сессиясы кезінде студенттердің жүйке, психикалық жүйесіне қысым түсетіндігін, эмоциялық күйзелістерін, оқу еңбегінің, демалудың, ұйқының қалыпты тәртібінің бұзылуын, денсаулықтың нашарлауын көрсетті. Әлбетте, бұл қиындықтар бір жыл бойы нашар оқыған білімалушыларда кездеседі. Себебі олар кезінде жіберілген олқылықтардың орнын толтыруға тырысады. Дегенмен, емтихандарды және бағалаудың басқа формаларын жою басқа түрдегі жағымсыз салдарға - оқытудың әлсіз уәждемесіне және білімнің төмен деңгейіне әкеп соқты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет