Әділеттілік және жариялылық ұстанымы. Бұл ұстаным сыналушылардың барлығына бірдей талаптар жүйесін, өлшеу үдерісіне қатысушылардың алдында белгілі бір ерекше құқықтар мен басымдылықтардың болмауын, талқылау мен конструктивті сын үшін процедураның ашық болуын, жағымсыз құбылыстардың көріс бермеуін білдіреді.
Әділеттілік және жариялылықұстанымы. Бұл ұстаным сыналушылардың барлығына бірдей талаптар жүйесін, өлшеу үдерісіне қатысушылардың алдында белгілі бір ерекше құқықтар мен басымдылықтардың болмауын, талқылау мен конструктивті сын үшін процедураның ашық болуын, жағымсыз құбылыстардың көріс бермеуін білдіреді.
Мағынасы бойынша объективтілік ұстанымына жақын бақылаудың әділеттілігі мен жариялылығы ұстанымы болып табылады. Бұл жақындықты логикалық түрде былай сипаттауға болады: жариялылық жеткіліксіз болған жерде, әділеттілік пен объективтілік жеткіліксіз болады.
Жариялылық тестілеуді ұйымдастырудың ажырамас элементі болып табылады. Бұл педагогикалық бақылаудың нәтижелерімен таныстырудың жалпы қолжетімділігі мен барлық кезеңдерінің ашықтығын, бақылаудың негізіне алынатын барлық ережелердің айқындығы мен бірдей қолдануын, бақылаудың нәтижелерін қайта тексерудің мүмкіндігін білдіреді.

Әділеттілік ұстанымы мораль мен құқықтық реттеу саласын да қамтиды. Протекционизм (франц. protectionnisme, латын. protectio - бүркеу, қорғау, қамқорлық жасау) , непотизм («тамыр-таныстык») және т.б. орын алған жағдайда құқықтық реттеушілік жүзеге асырылады.
Әділеттілік ұстанымын қолданудың басқа аспектісі моральды сананың кең саласын қамтиды. Білімалушылар тарапынан жоғары баға алу мақсатында көшіріп алу және жауап беруге көмектесу сияқты әрекеттер орын алады. Көп жағдайда бұл әрекеттер жолдастық өзара көмек, топтың ынтымақтастығының көрінісі ретінде қарастырылады.