Контроль в вузе

бет2/7
Дата20.02.2023
өлшемі159,67 Kb.
#69367
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
3 Пед -лшем

Объективтілік ұстанымы педагогикалық үдерісті өлшеу барысындағы субъективті әсерлерді азайтуға, осы үдерісте бағдарламалық құралдардың рөлін арттыруға, бағалаудың шарттары мен ережелеріне ортақ стандарттарды қолдануға бағытталады. В.Ф.Шаталов «Эксперимент продолжается» атты еңбегінде объективтіліктің талаптарына қарама-қайшы келетін, қазіргі заманғы білімді бағалау жүйесінің жағымсыз жақтарының пайда болу себептерінің бірі ретінде оқытушы асыра бағалауды атап көрсетті.

Бақылаудағы объективтілік алуан түрлі жолдар арқылы жүзеге асырылады
Бірінші, дәстүрлі жолы – коллегиалы бағалауды қалыптастыру, ол үшін алуан түрлі комиссиялар құрылады, олардың құрамы мен саны атқарылатын істің маңыздылығына байланысты болады
Объективтілікті арттырудың екінші жолы – бұл стандартты тесттер мен техникалық құралдарды қолдану
Объективтілікті жетілдірудің үшінші жолы –психологиялық болып табылады. Ол тұлғалық факторлармен байланысты.
Себебі әр оқытушы, мұғалім белгілі бір білім алушыға әр түрлі талаптар қояды. Кейбір педагогтар «мейірімді», кейбіреулері «қатал». Осыдан келіп, әрбір оқытушының баға қоюдағы, оған дәлел келтірудегі психологиялық бейімділігін анықтаудың қажеттілігі туындайды

Педагогикалық өлшемдердің білім берумен, оқытумен және тәрбиемен байланысы ұстанымы жалпы оқу-тәрбие үдерісіне үйлесімді енетін өлшемді ұйымдастыруға бағдарлайды, онда тестілер ғана емес, сонымен бірге, тест формасындағы тапсырмалар жүйесі тиімді қолданылуы мүмкін. Бұл ұстаным америкалық мектеп директорлырының ассоциациясының шешімінде қолдауға ие болды: «Тестілеусіз оқыту – мүмкін емес; тестілерді қолданудың қорытындысы бойынша ғана бақылаудан оқытуға деген қажетті кері байланыстың қажеттілігі туралы айтуға болады, сонымен бірге – неге қол жеткізілгені туралы, әрі қарай қандай бағытта жүрудің қажеттілігі туралы білуге болады».

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет