> Қозғалыстың баяулауы
Бүгінгі күні жеке үй шаруа-
шылықтарының қажеттіліктеріне
бөлудің осы бейресми ауыл-
шаруашылық
жүйесі
қызмет
көрсетіп отыр. Соған қарамастан
2013 жылдың соңындағы шарықтау
шегінен кейін қозғалыстың көлемі,
тәжірибесі мен тіпті бірегейлігі
өзгере бастады. Делдалдыққа қарсы
топтардың кейбірі қазіргі кезде
көрінбейді, сирек жиналады немесе
белсенділіктен толық бас тартты.
Делдалдыққа қарсы қозғалыстың
негізгі мәселесі - оған достық
ниеттің болмауы. Кооперационистер
өздерінің «стихиялық» базарларына
рұқсат алмаған кезде полицияның
қуғынына ұшырады және кейбір
фермерлер «қоғамдық кеңістікті
заңсыз басып алу» бабы бойынша
айыппұл төледі - құқықтық айып-
таулар, әдетте Салоники қаласының
ашық базарлар Ассоциациясы,
делдалдарға қолдаушылар тара-
пынан болып отырады. Көңіл
құлазитын жағдай да орын алады:
белсенділердің көбі фермерлердің
базарда сауданы ұйымдастыруда
жетекші рөл атқарғысы кел-
мейтініне ренжиді.
Екінші мәселе күрделірек және осы
бейресми қадамдар тұрақтылыққа
кепілдік бола ала ма деген күдікпен
байланысты. Белсенділердің басым
бөлігі ресми кооперациялануды
талқыға салды, бірақ ол прогресшіл
саяси және құқықтық шекараны
талап еткен болар еді.
Әрине, осы әрекеттер прогресшіл
үкімет тарапынан қолдау таба алар
еді. 2015 жылғы қаңтардың басында
Сириза үкімет басына келерден
бірнеше ай бұрын қозғалыс
қалғу кезеңіне қарай аяқ басқан
болатын. Мемлекеттік күштеуге
тап болып және фермерлерді
қозғалысқа белсенді қатысуға
толық көндіре алмаған белсенділер
«ынтымақтасу
экономикасына»
жасалатын игілікті жағдайларға
үміт артқан еді. Үкіметтегі
өзгерістерді күткен белсенділер
бейресми кооперативтерді күшей-
туге күш салудан алшақтады.
Топтық жиналыстардың кейбір
қатысушылары
«кооптацияға»
байланысты мазасыздық туғызды,
дегенмен белсенділердің бірі «бір
кезде
Солшылдар
мемлекетті
басқарады» деп атап өткендей,
ынтымақтасу
экономикасын
қолдайтын белсенділердің басым
бөлігі түбегейлі басқа саяси
жағдайдың пайда болатынын күтті.
Сайып келгенде, көптеген топтық
кездесулер «біз мемлекет жасауы
керек нәрсені жасап жатырмыз»
деген ойдың маңайында шыр
айналып жүрді және жетекші
белсенділердің бірі «қозғалыс
әлеуметтік мемлекеттің қолдауымен
фермерлерді жұмылдыруға оңай
ұласуы мүмкін» деген оймен
ассамблея
кездесуін
ұсынды.
Әсіресе, Сириза мүшелері қатыса
бастаған кезде (немесе, маған бір
белсенді қалжыңмен айтқандай,
жымысқы топтар), Сириза «әлеу-
меттік экономиканың жаңа дәуірін»
бекітеді деген нақты сенім болды.
> Сириза билікте
Өзінің сайланатынына сенімді бола
отырып, партия топтар, бейресми
топтар және мемлекет арасындағы
байланысты бекіту мақсатында
қолшатыр ұйым құрды. Осының
бәрі Сириза танымалдығының
жаңғырығын үдетіп, экономиканың
ынтымақтастығы үшін аса маңызды
халықаралық реңкке ие болды. Бірақ
партияның тұғырнамасы бейресми
әлеуметтік қозғалыстармен қаты-
настарды дамытуға бағытталмаған
еді. Осының орнына белсенділердің
кейбірінің
Сиризамен
тығыз
байланысын,
ал
басқалардың
қозғалыстан
аластатылғанын
көрсететін тым күрделі хал-ахуалды
байқаймыз.
Екі ортада кейбір прогресшіл
муниципалитеттер
делдалдарға
қарсы өз нарығын ұйымдастыра
бастағанына
қарамастан,
эко-
номиканың азық-түліктік ынтымақ-
тастығы саны жағынан да, көлемі
жағынан да біртіндеп баяулай
бастады. Бүгінгі күні неғұрлым
ерекше бейресми қозғалыстар,
кейбір белсенділер «кооптация»
деп атаған және екінші біреулері
«қатып қалу» деп атап отырған
жағдайдың бел ортасында не
істерін білмей түсініксіз жағдайды
басынан кешіріп отыр. Қозғалыстың
мемлекеттің
қамқорлығына
бөленіп, шамалап өзгеруін сипаттай
отырып, кейбір белсенділер дөрекі
түрде иелену деп аударылатын,
іс жүзінде иелену саясаты, яғни
бейресми әлеуметтік қозғалыстар өз
қуаты мен әлеуетін заңды саясатқа
сыйлай отырып, өзінің қызметін
тоқтатуын білдіретін танымал
«anathesi» іліміне жүгінуде.
Таң қаларлық жәйт, кооперативті
әлеуметтік экономика радикал
солшыл үкіметтің прогресшіл
саясатымен
төменгі
деңгейде
байланысты болғанына қарамастан,
билік басына келгеннен кей-
ін Сириза ынтымақтасу эконо-
микасының дамуына күтпеген
жерден кедергі болды, бұл партия
мен бейресми топтар арасындағы
байланыстардың шындығы және ең
бастысы, солшылдар ынтымақтасу
экономикасын
қолдайды
деп
күтілген еді (қаңтардағы сайлаудың
басты мақсаты «үміт ақталады»
болғаны мәлім).
Саяси мобилизация, ынтымақтастық
қозғалысының тіні тарқады, бірақ
Салоникидің азаматтық және саяси
бедерінде
делдалдыққа
қарсы
ма? Осы жаңа динамика ынтымақтасу
қозғалысын белсенді ете ала ма
немесе институттанған солшыл
саясат пен қатысушылар арасындағы
ыңғайсыз - өзара қарым-қатынасты
өзгерте алатынын әлі анықтау керек.
Хаттарды Теодорос Ракопоулоске
trakopoulos@gmail.
com
жолдауға болады.
1
Далалық зерттеулер Веннер-Грен Қорының
антропологиялық зерттеулерге арналған рет саны
8856 Гранты аясында жүргізілді.
21
күрестің маңызды ізі әлі күнге
жатыр.
Әлеуметтік
емханалар
мен дәріханалар белсенді және
салыстырмалы түрде заңды, ал бір
кезде делдалдыққа қарсы қозғалыс
құрған кооперативті азық түлік
дүкені табысты қызмет көрсетіп
отыр. Жаңа құтқарушы шаралар
мен үнемдеу әдістерін енгізуі
Сиризаның
аскетизм
саясатын
құрдымға сүйрей отырып, бейресми
әлеуметтік қозғалыстар мен үкімет
арасындағы алшақтықтың ұлғаю
мүмкіндігін арттырып, ынтымақтасу
экономикасына
қатысушылардың
көбінің көзі алдында институттанған
солшылдарды заңсыздандырды.
Жаңа қатаң үнемдеу саясаты
тұрғысынан үкіметтің кооперативті
және ынтымақтасу экономикасын то-
лығымен қолдайтын және дамытатын
құқықтық негізді дайындайтын артық
уақыты жоқ.
Бұл қадам бір белсенді айтқандай
«материалдық қажеттілік пен ашу-
ызадан туған» қозғалысты тірілте ала
22
GD
6/ 1 / 2016 НАУРЫЗ
>
Аргентинадағы
жаңғыртылған
Хулиан Ребон, Буэнос-Айрес университеті, Аргентина
2
014 жылдың 11 тамызы таңертең Буэнос-
Айрестің Гарин ауданы: Donnelley Graphic-
тің 400 жұмыскері фабриканың кіреберісінен
мультиұлттық компания өзінің Аргентинадағы
кәсібін жабатындығы туралы хабарламаны оқыды.
Жұмысшылар жиналыс ашып, зауытты бақылауға алды.
Олар кооператив болып ұйымдаса отырып, өндірісті
қайта қалпына келтіреді.
Donnelley жұмысшылары 2000 жылдан бері
Аргентинада 300 аса компания қолданған стратегия
– кәсіпорындарды қайта жаңғыртуға арқа сүйеді.
Компания жұмыскерлері дағдарыс кезінде өз
кәсіпорындарын басқару және өз жұмыстарын сақтап
қалу үшін еңбек кооперативтеріне жиі бірігеді. Осы
қорғаныс стратегиялары демократия, ерікті бірігу және
ұжымдық меншік сияқты кооперативтіліктің негізгі
белгілері компанияларды құруда бұрынғыға қарағанда,
әлдеқайда демократияшылдау және әділірек.
Аргентинада жұмысшылар 1990-жылдардың соңында,
әсіресе, 2001 жылғы дағдарыстан кейін кәсіпорындарды
жаңғырта бастады. 1990-жылдардың неолибералдық
реформалары экономиканы тығырыққа тіреді, бірақ
Аргентинадағы жалпы дағдарыс жұмысшылардың
кәсіпорындарды жаңғыртуының таралуына екі себепке
байланысты мұрындық болды. Біріншіден, осы
кезеңде жұмыссыздық деңгейінің шарықтап өсуіне
және жұмыспен қамтылудың тұрақсыздығына алып
келген көптеген зауыттардың жабылуы мен банкротқа
ұшырауы. Екіншіден, әлеуметтік қайшылықтар мен
күрестің үдеуі салдарынан пайда болған аса күрделі
саяси дағдарыс тұрғысынан кәсіпорындарды жаңғырту
әлеуметтік қозғалысқа айналды. Еңбек мәдениетімен
қатты ерекшеленетін қоғам үшін жұмыссыздыққа қарсы
наразылық кең тараған және заңды жобаға айналды.
Кейбір ғалымдар әлеуметтік-экономикалық және
саяси дағдарыстар бәсеңдеген кезде жаңғыртылған
кәсіпорындар жоғалады деп болжаған еді, бірақ олай
болған жоқ. Төмендегі суретте жаңадан жаңғыртылған
кәсіпорындар саны 2002 жылы өзінің шарықтау
шегіне жеткеніне қарамастан, экономикалық хал-ахуал
жақсарып, жұмыссыздық азайған кезде де басып алу
тоқтамағанын көрсетеді.
Жаңа
жағдайда
жұмысшыларды
әлеуметтік-
мойындалған құрал ретінде пайдалану жалғаса
берді. Экспансияның сақталуына жұмыссыздықтың
жоғары деңгейі қолайлы болды, ол төмендегеніне
Аргентинадағы жаңғыртылған кәсіпорындардың ішіндегі
ең табыстыларының бірі Zanon қыш фабрикасы 2001
жылы жұмысшылардың қолына өтті.
>>
кәсіпорындар
23
GD
6/ 1 / 2016 НАУРЫЗ
қарамастан бәрібір әжептәуір деңгейде қалып
отырды (соңғы жылдарда 7% мөлшерде) және
осы үдерістер үшін аса қайшы болмаған саяси
хал-ахуал (ең кем дегенде федералдық деңгейде).
Жұмысшылар жаңғыртқан кәсіпорындар әлі сақталатын
сияқты. Буэнос-Айрес университетінің Programa Facultad
Abierta сәйкес 2013 жылы Аргентинадағы жұмысшылар
жаңғыртқан 311 кәсіпорында 13,642 жұмысшы
болды. Осы компаниялардың жартысы Буэнос-Айрес
метрополиясында орналасқанына қарамастан елдің 24
ауданының 21 ауданында жаңғыртылған кәсіпорындар
бар. Негізінен олар тау-кен, тоқыма және тамақ
өнеркәсібі саласындағы шағын және орта кәсіпорындар
Жұмысшылар жаңғыртқан кәсіпорындар өздерін
сақтай алды және жаңа жұмыс орындарын ашты,
олардың арасында жабылып қалғандар саны аз. Соған
қарамастан саналуан түйткілдер мен қиындықтарға
тап болып отыр. Мысалы, қолданыстағы заңға
сәйкес кәсіпорынды қабылдап алушы жұмыскерлер
тәуелсіз жұмысшы болып есептеледі, бұл өз кезегінде
зейнетақыны, дәрігерлік сақтандыруды және отбасылық
жәрдемақыны төмендетеді. Қазіргі кезде еңбек
кооперативтері мемлекеттен жұмыскерлердің басқаруын
мойындауды, заңды тұрғыда жалдамалы жұмыскерлер
сияқты әлеуметтік жеңілдіктер беруді талап етуде.
Жұмысшылар жаңғыртқан кәсіпорындар өндірістік
құрылымдар жұмыскерлерінің заңды иелігін анықтау
мәселесімен де бетпе-бет келді. Жұмысшылар қоғамдық
иемдену заңдарын жергілікті жерде қолдану және
пайдалануға болады деп үміттенген, дегенмен кейбір
жағдайда бұл мүліктік құқықты шешуде жеткіліксіз,
себебі нәтиже жергілікті билік пен қазылардың
қолдауына байланысты.
2011 жылы Банкроттық туралы Заң немесе de Concur-
sos y Quiebras банкрот болған жағдайда кооперативке
біріккен жұмысшылар банкротқа ұшыраған компанияны
сатып алуға еңбек несиелерін пайдалануға болады
деп өзгертілген. Осыған қарамастан заң барлық
жағдайларды қамтымайды және ол енді ғана қолданыла
бастады. Осы тұрғыда меншікке құқықтың анықталмауы
жұмыскерлерді қуып шығу мүмкіндігін сақтайды.
Мен осы мақаланы жазуды аяқтаған тұста полиция
жақында ғана жаңғыртылған La Robla мейрамханасынан
жұмыскерлерді қуып шықса, жаңғыртылған Bauen
қонақүйінің жұмысшыларының қолына босату жөніндегі
қағаз тиді. Жаңғыртылған кәсіпорындар әлеуметтік
тұрғыдан мойындалғанына қарамастан, әлі де заңмен
мойындалмай отыр.
Хаттарды Хулиан Ребонға
julianrebon@gmail.com
жолдауға болады.
1
2012 жылы Буэнос-Айрес Университеті жанындағы Gino Germani Institute Буэнос-
Айрес метрополиясында сұрау жүргізді. Тұрғындардың 73% жаңғыртылған
кәсіпорындар туралы білетінін және 93% оны жағымды құбылыс деп санайтынын
көрсетті.
50
45
40
35
30
25
20
15
10
5
0
2000 20012002 20032004 2005 2006 200720082009 20102011 2012 2013
Жаңғыртылған
кәсіпорындар
Аргентинадағы жаңа жаңғыртылған
кәсіпорындар, 2000-2013
Дерек көзі: Буэнос-Айрес университеті Programa Facultad Abierta
деректері негізінде автор дайындаған
24
GD
6/ 1 / 2016 НАУРЫЗ
> Ақыр заман
әлде
Лесли Склейр, Лондон экономикалық мектебі, Ұлыбритания
Арбудың иллюстрациясы.
>>
капитализмнің соңы ма?
“
К
апитализм біткенінен ақыр заманның келгенін
елестетудің оңайырақ болуы» капиталистік
жаһандану дәуірінің шынайы болмысы.
Капитализмнен басқа, әсіресе, жаңа тарихта
орын алған социализм және коммунизм тұрғысында әлемнің
даму мүмкіндіктерін қарастырудың орнына, капитализм
зұлымдығы төңірегінде талай дүние жазылды. Мұндай
көзқарастардан тыс болу үшін, бәрін басынан талдаған жөн.
Прогресшіл өзгеріс туралы көзқарастар тарихта болған
әлемдік капитализм, әлеуметтік демократия және солардың
нәтижесінде пайда болған мемлекет түрлерін ұзақ уақыт
бойы жоққа шығарып, олардан қашқақтап, керек қылмады.
Бүкіл адамзатты гүлдену мен бейбітшілікке жеткізуде
капиталистік жаһандану неге сәтсіздікке ұшырап отыр?
Капитализмнің екі өте маңызды кемшілігі – таптық жіктелу
дағдарысы (байлар байи түседі, кедейлер кедейлене
түседі, ал орта тап түсініксіз жағдайда) және экологиялық
тұрақсыздық (капиталистік және социалистік өнімді
арттыру догмаларының екеуі де тұтынушылық мәдени
идеологияның дамуын жылдамдатты). Бұл (корпорациялық,
саяси, кәсіптік және консюмеристік фракциядан тұратын)
дағдарыстарды трансұлттық капиталистер және олардың
басым тұтынушылық мәдени идеологиялық құндылықтар
жүйесімен тікелей байланыстыруға болады.
1
Мұнда мен жай прогресшіл капиталистік емес
өзгеріс дамуының негізгі элементтерін көрсетпекпін.
Бірінші – көлемі. Алып трансұлттық корпорациялар
мен ірі корпрациялық мемлекеттер сияқты кәсіби
және тұтынушылық тауарлар мен қызметтер өндіретін
ұйымдар адамдардың барлық өмір салаларында басым
рөл атқарғанымен, шағын құрылымдар жақсырақ жұмыс
істеп адамдардың бақытты өмір сүруін оңай қамтамасыз
етеді деп ойлауға болады. Бұл ұялы локализм қиялы емес;
мен радикалды және прогресшіл жаһандануға балама
ретінде ғаламшардың әрбір тұрғынының жақсы өмір сүруін
қамтамасыз ету үшін әртүрлі деңгейдегі тұтыну заттарын
өндіруші кооперативтер (ТӨК) желісін ұсынамын.
Капиталистік емес әлемде жалпы жаһанданудың
эмансипациялық әлеуетін жеңілдету үшін ТӨК терді қалай
ұйымдастыру қажет? Бұған қарапайым әрі дұрыс жауап –
әлемдік анклавтарда жұмыс істеп жатқан миллиондаған
шағын кооперативтер сияқты трансформацияның алғашқы
25
GD
6/ 1 / 2016 НАУРЫЗ
кезеңдерінен бастап жұмыс істеуі. Осы мәселеге қатысты
өзге де шығармалар прогресшіл белсенділік пен сананы
көтеруді шабыттандырғанымен, күрмеуі қиын болып
қалып отыр. Шарын Касмир кооперативтік қозғалыстың
бір кездері ең үздік үлгісі болған Мондрагонның жаһандық
капиталистік жүйе шеңберінде бейімделуге мәжбүр
болғандығын көрсетеді. Өзінің Кераладағы Уралунгал еңбек
шарты кооперативі бойынша жүргізген кейстік зерттеуінде
Мишель Уильямс жұмысшылар билігі үшін қажетті ерекше
жағдайларды ашып айтады, бірақ қорытындысында мұндай
құрылымның болашағы бұлыңғыр екенін көрсететеді. Пол
Сингер берген сұқбатта Бразилиядағы Ынтымақтастық
экономикасының адамдарды кедейліктен құтқаруда
үміттендіретін нәтижесін ұсынады, бірақ бұл өте қиын
міндет және қоғамды толығымен өзгерту жолдары әлі
беймәлім. Джулиян Ребонның Аргентинадағы жұмысшылар
меншігіндегі зауыттарды талдау нәтижелері капталистік
мемлекеттің мұндай қозғалыстардың дамып, гүлденуіне неге
жол беріп отыр деген сұрақ туындатады, себебі Теодорос
Ракопулостың Грекиядағы делдалсыз нарықтарда жүргізген
зерттеулерінде Сиризаның солшыл «тартып алушылары»
қозғалыстарды қолдаудан гөрі басып жаныштауға бейім
екенін анықтаған.
Бұл бастамалардың ешқайсысы капиталистік қанау не
экологиялық тұрақсыздық мәселелерін шешпейді, сондай-
ақ, оңшыл, солшыл не центрист болса да, мемлекет
рөлін анықтамайды және бұл бастамалар капиталистік
тұтынушылық нарықта жұмыс істемейді. Барлық мемлекет
түбінде иерархиялы болады. Тек жергілікті және ғаламтор
арқылы байланысқан ғаламдық шағын ТӨК сияқты ұжымдар
осы шарасыз тайғақ мәселелерді шешеді деп ойлаймын.
Абақтыдағы жазбалар атты еңбегінде Грамши дағдарыс деп
ескінің жойылып, жаңаның қалыптасып үлгермеген кезеңін
айтады. Грамшидің өз уақытының (1930) ауыр нышандарын
көрсетуі біздің жағдайдан бөлек, мен қазіргі уақыттағы
капиталистік гегемониядан туындап отырған дағдарыстың
анағұрлым айқын белгілеріне назар аудармақпын.
Тәжірибеден өтпеген болжамдар арқылы бастама
өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін нарық бәсекелестігі мен
иерархиядан айналып өткісі келеді. Бірінші болжам бойынша
ТӨК тегі өздерінің күнделікті жұмыс істеп жүргендер
өз қызметін жалғастыра беруі: тамақ өнімдерін өндіру,
көлікпен қамсыздандыру, қабілеттерді игеріп, шыңдайтын
орындар дайындау, денсаулық сақтауды ұйымдастыру, қуат
көздерін игеру және т.б. қызметпен айналысатын жергілікті
ұжымдарға ТӨК-терді тікелей не жанама енгізу арқылы жеке
немесе мемлекеттік салада қызмет атқарып жүрген көптеген
адамдар. ТӨК тер осы жұмысты бүкіл әлемде аз көлемде
қазір де атқарып жүр, бірақ мұндай бастамалар капиталистік
нарықтармен сыйыспайды. Әлемнің түкпір түкпіріндегі
Ұжымдық қолдауға ие ауыл шаруашылығы жүйесі бұл
салада жетістікке жетудің ұзақ әрі қиын жолының алғашқы
қадамы болып табылады.
Неолибералды идеологтар капиталистік жаһанданудың
баламасы жоқтығын алға тартады. Олардың пікіріне құлақ
аспай, баламалар жасай бастап және олар өз ортасында
жемісті болса, нарық логикасы жоққа шығып, еленбей
қалады. Мен осыны жазғанда бұған сенгісі келетін, бірақ
мұны мүмкін емес деп ойлайтындардың жүзінен күлкі
байқаймын. Жүз жыл бұрын адам ағзаларының табысты
ауыстырылуы, әлемнің кез келген нүктесіндегі болып
жатқан оқиғаны тікелей эфир арқылы бақылай алу, Айды
басып жүре алу, бірнеше сағатта құрлық аралық сапар шегу,
бір мезетте визуалды байланыс орнату туралы ұсыныстар да
қияли деп жоққа шығарылған болатын. Әлемдік Әлеуметтік
форум ұранында көрсетілгендей: «Басқа әлемнің болуы
мүмкін».
Кейбір жағдайларды қоспағанда, әлеуметтану мұндай
мәселелер туралы үнсіз қалып отырады; тіпті ондай
мәселелерді көтеру Веберлік құндылықты ғылымға
араластырмау кәсіби қағидасын ұстанушылар тарапынан
мазақ болар ыңғайсыз орта тудырады. Білім ордалары
мен ғылыми мектептердің капиталистік емес мәселелерді
зерттеуге неге құлықсыз екендігі таңқалдырмайды.
Бір қызығы, капиталистік қоғамды сынайтын көптеген
зерттеулер бар, бірақ олардың ешқайсысы капитализмге
түбегейлі күдік тудырып, оған балама ретінде капиталистік
емес қоғам туралы мәселе көтермейді; тіпті, алдыңғы
қатарлы әрі прогресшіл ғұлама Е.О.Райт та Шынайы
утопияны болжау атты әйгілі еңбегінде осы қорытындыға
келген.
Бірақ, жаңа радикалды прогресшіл әлеуметтану үшін
капиталистік емес қоғам теориясы мен зерттеу сынағымен
беттесетін кез келді. Онда тоқтаусыз өнім өндіру догмасы,
капиталистік жаһандану негізі, әлеуметтік демократия және
ортодокстық Марксизм сияқты мәселелер қарастырылар
еді. Бұл мәселе думаншыл ғадетті тыю идеясы төңірегінде
қарастырылған еді. Оған сәйкес, материалдық жағдай
бойынша байлар азырақ байып, кедейлердің материалдық
жағдайы түзелсе, материалдық емес тұрғысынан барлығына
пайдалы болар еді. Тұтынушылықтың мәдени идеологиясы
адам құқығы мен жауапкершілігінің мәдени идеологиясына
ауысар еді және ең маңыздысы, барлық адамдардың әл-
ауқаты түзелер еді.
Тек нарықты қолдаудан бас тарту арқылы ғана біз
капиталистік жаһанданудың салдарынан құтыла аламыз.
Әрине, егер біз тұтынушылық капитализмнің әлсіз тұсын
таппасақ, бұл мүмкін емес болып көрінеді. Тұтынушылық
капитализмнің осал тұсы тұтыну еркіндігінде және
тұтынушыларға ылас тамақ пен сусын, ылас мәдениет пен
жаман әдетті зорлап қабылдатуға болмайды. Капиталистік
маркетинг, жарнама және корпорациялық мемлекеттік
идеологияның қуаты зор, бірақ балалары мен өздерін
нарықтың қалай тоздырып жатқанын ата аналарға түсіндірсе,
ғаламшар және оның барлық тұрғындарын құтқару үшін әлі
үміт бар. Капитализм мен иерархиялық мемлекет соңын
елестете бастау қиын болғанымен, жабулы қазан жабулы
қала берсе, капиталистік емес қоғам тек елес болып қала
бермек.
Хаттарды Лесли Склейрге
l.sklair@lse.ac.uk
жолдауға болады
1
Мен бұл мәселелер туралы The transnational Capitalist Class (Oxford: Blackwell, 2001)
және Globalization: Capitalism and its Alternatives (Oxford: Oxford University Press, 2002)
жазған болатынмын.
26
GD
6/ 1 / 2016 НАУРЫЗ
Достарыңызбен бөлісу: |