Кооперациялық балама > Үндістандағы ең көне жұмысшы кооперативі


ВЛАДИМИР ЯДОВТЫ ЕСКЕ АЛУ (1929-2015)



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата31.03.2017
өлшемі2,46 Mb.
#10929
1   2   3   4   5   6   7

ВЛАДИМИР ЯДОВТЫ ЕСКЕ АЛУ (1929-2015)

көп  кісілерге  көмектесті.  Шынтуайтына  келгенде, 

адамдарды  құтқарды  десе  де  болады.  Өмірімнің 

қиын кезеңдерінде мен оның қолдауына ие болдым. 

Өзімді  қаралаудан  қорғау  мақсатында  және 

жағдайды  бақылап  отыру  үшін  біздің  әлеуметтану 

кафедрасындағы  партия  комитетінің    хатшысы  

лауазымын  иеленуіме  де  мұрындық  болған  еді. 

Әлеуметтану  туралы  тартыстар  мен  пікірталастар 

үшін  коммунистік  партия  сол  кезде  ең  кең  тараған 

қоғамдық кеңістік болғаны дау туғызбайды.

Осы  кезеңде  зерттеу,  сауалнама  жүргізуді 

қойғанымыз жоқ, сонымен бірге детектив әңгімелер 

оқуды  жақсы  көретінбіз.  Ядов  осы  жанрды 

ұнататын,  себебі  бұл  оқиғалар  адамның  зеректігін 

дамытады,  зердесін  шыңдайды,  күнделікті  білімді 

толықтырады деп есептеді. Лауазымынан босағаннан 

кейін  Ядов  не  өзі,  не  Людмила  Николаевна  (әйелі) 

маған  қоңырау  шалып,  жаңа  детективті  оқиғалар 

туралы  сұрайтын.  Сол  кезде  менің  құрбыларым 

танымал шетелдік жазушылардың детективтері мен 

романдарының  рұқсат  берілмеген  аудармаларынан 

тұратын кітаптардың жеке коллекциясын ұстайтын. 

Олардың  Ресейге  заңсыз  кітап  өткізетін  шетелде 

достары мен туыстары да бар болатын. Мен сияқты 

жазу  машинасында  тез  басатындар  көшірмелер 

жасайтын  детектив  романдардың  қолдан  жасалған 

көшірмелері менің қолымда күні бүгінге дейін бар.

Ядовтың  сүйікті  әні  Александр  Галичтің  «Біз 

Нарваның  маңайында  жерленгенбіз»  болатын. 

Осы  әнді  гитара  немесе  шабыт  бар  жердегі  әрбір 

кездесуде  шырқайтын  едік.  Ядов  осы  әннің  белгілі 

бір жолдарын ерекше бағалайтын:

Ресей марқұмдарына үн тастаса, ол – қасірет!

Қара да тұр, қателесті – біз керек емеспіз!

Қырық үште сарбаздар босқа өлген алаңда,

Аң аулап, орманшы жүр кернейлетіп

Бірде мен одан дәл осы әнді неге жақсы көретінін 

сұрадым,  ол    ән    ресейлік  тарихтың  өне  бойында, 

соғыс  немесе  бейбітшілік  кезінде  болсын  ортақ 

мақсат  үшін  босқа  құрбандыққа  шалынғандарға 

арналған деп жауап берді.

Әлеуметтік-экономикалық  зерттеулер  институты-

ның  50  жылдығында  оған  бір  бөшке  шарап 

сыйлағанымыз  есімде.  Ол  қатты  риза  болды  және  

үйіне  ыдыс  үстіне  отырғызып  апарып  тастауды 

өтінді.  «Елестетіп  көріңдерші»,-  деді  ол:  «Люка 

[әйелінің  аты]  есікті  ашады,  ал  мен  бөшкенің 

үстінде  отырмын,  айнала  тым-тырыс,  ешкім  жоқ». 

Ядов осындай еді.

Менің алты айлық ұлыма Будапештен су өткізбейтін 

шалбар  әкелгені  есімде.  Ол  тар  болып  қалды.  «Сіз 

ұлыңызды  тым  көп  тамақтандырасыз»  деп  маған 

ренжігені бар. Соған қарамастан ол достары арқылы 

шалбарды керек өлшемге ауыстырып бере алды. Бұл 

Ядов  қой  –  адамгершілігі  жоғары,  жаныңа  жақын, 

түсінетін  және  өте  ақылды.  Кейде  оның  ойлау 

әдісі  түсініксіз  болатын,  себебі  таң  қалдыратын 

құбылыстарды бір бірімен байланыстыра алушы еді.

Ядов  туралы  менің  соңғы  және  жаныма  жақын 

естелікке  екі  жыл  болады.  Олег  Бозковпен  екеуміз 

оның  Эстониядағы  үйіне  бардық.  Ядовтың  сүйікті 

шәкірттерінің  бірі,  көп  уақыттан  бері  Эстонияда 

тұратын Алексей Семенов бізді көлікпен жеткізді. Ол 

кезде  Семенов  Таллиннің  заң  шығарушы  органына 

сайлауға  қатысуды  жоспарлап  жүрген.  Әйелі 

Ларисамен  бірге  Ядовтың  күтімін  жасады.  Шынын 

айтсам, сол кез менің өмірімнің ең бақытты және ең 

көңілді кезеңі болыпты. Біз естеліктермен бөлістік, 

әзіл-қалжың  айттық,  мартини  мен  қызыл  шарап 

іштік.  Әлеуметтанудың  бүгінгі  рөлі  мен  орнын, 

әлеуметтанушылар не істеу керек екенін, және олар 

заманауи қоғамның түйткілдеріне қалай жауап беруі 

керек  екенін,  әсіресе  билік  оларды  жағадан  алып 

тұншықтырғанда не істеуі керек екенін талқыладық.

Оның  адамгершілігін,  өмірге  деген  шексіз 

қызығушылығын 

және 


күтпеген 

болжамдар, 

қорытындылар  және  зерттеу  нысандарының  ұшы 

қиыры жоқ көлемін біз ұмытқан жоқпыз. 

Хаттарды Татьяна Протасенкоға 

tzprot@mail.ru

 жолдауға болады.

 39


GD 

6/ 1 / 2016 НАУРЫЗ



 

ВЛАДИМИР ЯДОВТЫ ЕСКЕ АЛУ (1929-2015)

> Менің естелігім 

Валентина Узунова, Кунсткамера, Ресей ғылым академиясы, Санкт-Петербург, Ресей

В

ладимир 


Александрович 

Ядов 


Философия  факультетінде  «Қолданбалы 

әлеуметтанулық  зерттеу»  курсын  оқыған 

болатын.  Бірде  дәрісті  беріліп  оқығаны 

соншалық,  дәріс  оқитын  сахнадан  кенеттен  қалай 

құлап түскенін өзі де байқамай қалды. Мәселе оның 

бормен жазып жатқан тақтасы дәріс оқитын сахнадан 

ұзын  болғандығында  еді.  Біз  не  істерімізді  білмей 

қалдық, бірақ Ядов түк болмағандай өзінің қалыпты 

жағдайына  тез  оралды  да  дәрісін  жалғастырды. 

Құлағанына  қарамай  дәріс  сахнасында  белсенді 

қимылдауын тоқтатқан жоқ. Ал математикадан дәріс 

оқитын жас оқытушы тақтаның бетін математикалық 

теңдеулермен толтырудың орнына, сахнадан құлаудан 

қорқып, орнынан жылжымаушы еді.

1967  жылы  менің  әлеуметтануға  қызығуыма  Владимир 

Александрович  себеп  болды.    Біз  оның  қорғауға 

шығарылған  докторлық  диссертациясына  стенография 

жүргіздік. 

Ұсынылған 

диссертациясы 

ғылыми 

қауымдастықтың  зор  ықыласын  тудырды.  Ашық  қорғау 



өткен  тарих  факультетінің  мәжіліс  залына  жиналған 

қауым  тосын  жәйды  күткен,  себебі  Ядовты  қолдаушы 

және даттаушы топтардың арасындағы бәсекелестік өрши 

түсті.  Қорғауда  болғандар  өз  пікірлерін  жарыса  білдіріп 

жатты.  Мұндай  жағдайда  стенография  жүргізу  қиынға 

соқты. Мен Ядовтың қобалжып тұрғандығын сездім. Биік 

трибунадан бойы көрінер-көрінбес. Ядов маған алдын-ала 

хаттамаға  сай  дайындалған  мәтінді  оқуға  мәжбүр  болып 

тұрғандай  көрінді.  Алайда,  ол  жиналғандарды  риторика 

мен пікірталас орын алу керек екендігіне сендіруді қалар 

еді. 

Ядов институттағы тойда.



Оның  пікірталасқа  жақындығы  ЖАК-қа  (Аттестаттау 

жөніндегі  жоғары  комиссия)  тапсыруы  қажет  үлкен 

үйінді  құжаттар  мен  қағаздары  бойынша  қыруар  жұмыс 

жасап  жатқан  кезімізде  де  байқалды.  Осы  қағаздармен 

жұмыс  жасап  жатырғанда  күтпеген  жерден  философия 

факультетінде  оқудың  перспективасы  туралы  не 

ойлайтынымды  сұрады.  Оның  пікірінше,  болашақ 

әлеуметтануда және әлеуметтанушы болу – мүмкіндігі көп, 

қызықты жұмыс. Мен оған толығымен сенім арттым және 

таңдауды дұрыс жасадым.

1970-ші  жылдары  орын  алған  оқиғаны  баяндайын. 

Ленинград 

әлеуметтанушылары 

комсомолында 

эмиграцияға  кеткен  екі  әріптесіміз  бен  досымызға 

қатысты.  Олар  Коммунистік  партия  бюросының  пікірін 

қажетті  деңгейде  қолдайтынын  көрсетпеді.  Бірі  шетелдік 

азаматпен отау құрса, екіншісі отбасының ізімен шетелге 

жер  аударған  еді.  Кездесуде  жазылған  пікірлеріміз  ресми 

ұсыныстарда қарастырылған шешімдермен сай келмеді. Біз 

«шетелге кету жеке бастың ісі және кез келген адам қай елде 

өмір  сүретінін  таңдауға  құқылы»  ұжымдық  позициясын 

ұстандық. 

Ынтымақтығымыз 

бен 

ашықтығымыз 



қадағалаушы  мемлекеттік  органдарды  мазасыздандыра 

бастады:  «Олар  өте  ашық  айтуда.  Мұның  артында  біреу 

болу керек…» деген пікірлер орын алды. Салдары кешірек 

белгілі болды. Басшылық еркін рухты үгіттеушілер, яғни 

артымызда тұрғандар тізімін анықтады. Оқытушыларымыз 

қара  тізімге  ілікті  және  Владимир  Александрович  тізімді 

бастап тұрды. Бұл – ешқашан өз арымен келісімге келмеген 

Ядов еді. 

Хаттарды Валентина Узуноваға 

ymnesterov@gmail.com

 жолдауға болады.

 40


GD 

6/ 1 / 2016 НАУРЫЗ



 

ВЛАДИМИР ЯДОВТЫ ЕСКЕ АЛУ (1929-2015)

> Кеңестік және посткеңестік

 

Геворк Погосян, Армения ҰҒА философия, әлеуметтану және құқық институтының директоры, Армян 

әлеуметтану қауымдастығы президенті, ХӘҚ Миграция (ЗК31) және апаттық жағдайларды (ЗК39) 

зерттеу комитеттерінің мүшесі

Е  

сімдері  ғылыми  мектептердің  немесе 

ғылыми  бағыттардың  қалыптасуымен 

байланысты  ғалымдар  бар.  Солардың 

бірі  –  кеңес  заманының  пионері, 

профессор  Ядов.  Оның  ғылыми  және  ғылыми-

зерттеу  жұмыстары  кеңестік  әлеуметтанудың 

дамуына  зор  ықпал  етті.  1960-шы  жылдардан 

бастап  Ядовтың  ғылыми  жұмыстары  армян  және 

кеңес  әлеуметтанушыларының  бірнеше  ұрпағын 

тәрбиеледі.  «Адам  және  оның  жұмысы»  (1967, 

А.Г.Здравомысловпен  және  В.П.  Рожинмен  бірге), 

«Әлеуметтанулық  зерттеу:  әдіснама,  бағдарлама, 

әдістер» (1972) және «Тұлғаның әлеуметтік ғадетін 

өзіндік реттеуі және болжауы» (қос авторлық) атты 

әйгілі үш монографиясы кеңестік әлеуметтанушылар 

үшін  ғылыми  бағдар  қызметін  атқарды.  Оның 

еңбектері  жас  адамдардың  біразының  әлеуметтану 

ғылымына келуіне себепкер болды.

Ядовтың  іргелі  жұмыстары  оның  көзі  тірі  кезде 

кеңестік 

әлеуметтанудың 

піріне 

айналдырды. 



Онымен  сұқбаттасуға,  дәрістері  мен  баяндамаларын 

тыңдауға  немесе  түрлі  зерттеу  мәселелеріне  қатысты 

пікірталастыруға не талқылауға сәті түскен кей армян 

әлеуметтанушылары  ұзақ  уақыт  бойы  әлеуметтануға 

және  Ядовтың  жұмысқа  қарым-қатынасына  қатты 

қызығатын.  Адамның  жасына,  ұлтына,  идеологиялық 

көзқарасына, ғылыми атағы мен дәрежесіне қарамастан 

ол  барлығына  ашық  еді.  Белгілі  бір  ортақ  келісімге 

келуді  көздемей-ақ  сұқбаттасушысына  үнемі  құрмет 

көрсетуге  тырысатын.  Мұны:  «Сіз  жаңа  бірдеңені 

түсінуде  жетістікке  жеткенде  және  оны  басқаларға 

жеткізе алғанда ләззат аласыз», - деген терең мәнге ие 

сөздерінен байқауға болады

Ленинград әлеуметтік және экономикалық мәселелер 

институтында  жұмыс  жасаған  Ядов  дарынды 

және  шығармашыл  әлеуметтанушылар  ұжымын 

қалыптастыра  алды.  Гуманитарлық  және  әлеуметтік 

ғылымдар  саласында  зерттеу  жүргізетін  басқа 

кеңестік  мекемелермен  салыстырғанда  бұл  жерде 

еркін  және  сыни  ойлау  ортасы  орнады.  Осы  ерекше 

жағдайды бойына сіңірген кез келген адам ғалымның 

еркін  зерттеу  және  шығармашылық  ойлау  рухымен 

шабыттанады.  Армян  әлеуметтанушылары  Ядовтың 

ғылыми-зерттеу лабораториясынан тараған өзгерістер 

мен жаңа идеяларды үнемі сезініп, қабылдадық. Оның 

ерекше тартымдылығы мен терең зерттеулері бұрынғы 

Кеңес  Одағы  республикаларының  жас  ғалымдарын 

еліктірді. Өздерін ғылымға арнаған жас ғалымдардың 

шығармашылығы мен ерекше ойлауына зор мән берді 

және  ортодокстыққа  қатысты  сыни  позицияларын 

қолдады.

Ядов еркін және сыни ойлауда ғылыми көзқарастары 

ортақ  виртуалды  қауымдастықты  құрып  және  ірі 

ғылыми  мектептің  негізгі  іргетасына  айналғанын 

өзі  де  білмеген  шығар.  Өмірінің  соңғы  жылдары 

әлеуметтанушылар 

«әлеуметтік 

планеталар 

қозғалысына»  ықпал  етуге  тырысуы  қажет  деген 

пікірін  Борис  Докторовқа  берген  сұқбатында  айтты. 

Монографиялары ғылыми зерттеудің жаңа саласының 

қалыптасуы  мен  дамуына  негіз  болған  Ядов:  «Егер 

біз,  әлеуметтанушылар,  тек  кітап  жазатын  болсақ, 

азаматтық  борышымызды  өтей  алмаймыз»,  -  деген. 

Ядовтың бұл ойын соңғы «ғылыми аманаты» ретінде 

қарастыру  керек.  Армян  әлеуметтанушылары  оны 

жоқтайтын болады.

Хаттарды Геворк Погосянға 

gevork@sci.am

 жолдауға болады.

 41

әлеуметтанудағы ірі тұлға

Ядов дәріс оқып тұр.



GD 

6/ 1 / 2016 НАУРЫЗ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет