«Көп жүрген жер береке» «Ұлы дала жаңғырығы»



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата03.03.2017
өлшемі4,57 Mb.
#7306
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Алтын ИМАнБАевА,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

Қазақ радиосының «Алтын қор» 

бөлімінің жетекшісі

«100 нАқты қАдАМ»

жАнАйқАй

–Сел қаупі сақталуда ма? Болжам-

дарыңыз қандай?

–Аптап ыстықтың беті қайтпа ғанына  

бір айдың көлемі болды. «Қазгидромет» 

мамандары тамыз дың 4­нен 7­сіне 

дейін сел қаупі сақта ла тынын айтады. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, 

осы аптаның аяғы, яғни тамыздың 7­нен 

бастап Алматы қаласында, Жетісу Ала­

тауында ауа температурасы төмендейді. 

Яғни  түнде 15 градус, күндіз 25 градусқа 

дейін төмендеуі керек. Міне, осы берілген 

ақпараттарға байланысты біз өз бол­

жамдарымызды жасаймыз. Ыстықтың 

әсерінен таудағы мұздықтар деңгейі 4200­

5400 аралықтан түскен жоқ. Негізі бұл 

меже 4000­нан асса, бұл аптап ыстықтың 

әсерінен тау басындағы мұздықтардың 

еріп жатқанын білдіреді. Осы себепті сел 

қаупі аптаның соңына дейін сақталып 

тұр. Егер бұл меже 4200­ден төмен түссе, 

сел қаупі сейіледі деген сөз. 

–Қалпына келтіру жұмыстары қалай 

жүріп жатыр?

 –«Қазселденқорғау» мемлекеттік 

мекемесіне қарасты бөгеттердің барлығы 

жұмыс жағдайында. Атап айтсақ, Ме­

деу, Үлкен Алматы, Талғар, Қарғалы 

бөгеттерінде ешқандай ақау жоқ. Жалпы 

мамыр айының аяғынан тамыз айының 

соңына дейін, яғни жаз айларында  біз 

арнайы жоспар құрып, сол жоспарға 

байланысты тиісті шаралар атқарамыз. 

Яғни апаттық жағдайда қандай жұмыс 

атқарылу керектігін алдын ала жоспар­

лаймыз. Бүгінгі таңда бізде 91 бақылау 

бекеті бар. Соның 31­і маусымдық бе­

кеттер. Оның ішінде 11­і жоғары таулы 

аймақтарда сел қаупі болғанда ашылады. 

Одан бөлек биыл жаңадан 3 бақылау 

күзетін қойдық. Алдымен  Ақсай өзеніне 

қатысты бақылауды күшейттік. Себебі 

қазіргі таңда Ақсай өзенінің төңірегінде 

бөгет жоқ.

–Сонда Ақсай өзеніне бөгет салу 

қажеттілігі туып тұр ғой? 

– Ақсай өзеніне бөгет салу қажет. 

Бұл мәселе қазір Үкімет тарапы нан 

қарастырылуда. 2007 жылдан бері Ақсай 

өзеніне бөгет салу жөнінде техникалық­

экономикалық құжаттарды дайындадық. 

Төтенше жағдайлар комитетімен бірігіп 

әзірлеген құжаттарымыз дайын, енді сол 

бөгет құрылысын бастау қарастырылып 

жатыр. Сел қаупіне байланысты қосымша 

күзеттерді іске қостық. Біздің мекеменің 

бас диспетчерлік пунктіне күніне үш 

рет, ал сел қаупі кезінде әр 2 сағат сайын 

өзен суының деңгейі, судың лайлылығы 

жайында ақпарат беріліп отырады. 

Біздің бақылаушылар судың ағысының 

жылдамдығын, судың деңгейін, ауаның 

температурасы, судың тұнықтығын 

тексереді. Өткендегі Қарғалы өзенінде 

болған жағдай туралы айтсақ, бөгеттегі 

бақылаушымыз судың лайланып, өз 

деңгейінен көтерілгенін көріп, бұл ту­

ралы ақпаратты бізге жіберген болатын. 

Ал біз сол мезетте Төтенше жағдайлар 

департаментіне хабар бердік.  

–нарынқол ауданында Қаракөлдің суы 

тасиды деген әңгіме өршіп тұр. Бұл туралы 

не айтасыз?

–Бұндай алыпқашпа әңгімелерді кім 

таратып жүргенін білмейміз. Біз таяу­

да ғана тікұшақпен сол өңірді аралап, 

тексеріп шықтық. Ешқандай қауіп жоқ 

екенін айта аламыз. 



–Сел қаупінің алдын алуда  қандай 

жұмыстар атқарылуда?

–Ақсай өзенінің жоғары жағындағы 

төрт көл толды, бірақ арнасынан асқан 

жоқ. Су деңгейін қауіпсіз жеріне түсіру 

бойынша барлық шаралар  жасалды. 

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, су 

деңгейі едәуір түскен, одан келетін 

қауіп жоқ. 

Іле Алатауын алатын болсақ,  300­

ден астам көл бар.  Сондықтан үлкен 

не кіші көл болсын, барлығын бақылап 

отырамыз. Мәселен, Үлкен Алматы 

өзенінде №13 деген көл бар. Оны біз үш 

жылдан бері арнасын тазалап, сифон, 

яғни сусорғыш орнатқанбыз. Медеу 

шатқалынан жоғары қарайтын болсақ, 

Кіші Алматы өзеніндегі №6 көлде екі 

сифон жұмыс істеп тұрған. Өткен ап­

тада сол көлге үшінші сифон орнаттық. 

Қазір судың деңгейі тұрақты. Алаңдауға 

негіз жоқ. Талғар өзеніндегі 19­көлде, 

20­көлде суды сору жұмыстары  сифон 

арқылы жүргізілуде. Ал Тоғызақ көлінде 

қазір арнайы бригада арнаны тазарту 

ісімен айналысуда.    

Негізгі заң бойынша бөгеттен төмен 

қарай ешқандай ғимарат салынбауы 

керек. Су кодексі бойынша, жағалаудан 

50­100 метр арақашықтықта тұрғын 

үй салынбауы тиіс. Рұқсатсыз жаяу 

жүргіншілерге арналған көпір де салын­

бау керек. Міне, осы талаптар жергілікті 

әкімдіктердің назарында болуы керек. 

– Әңгімеңізге  рақмет!

Әңгімелескен

Ақбота ИСлӘМБеК


4

5

№31 (1289) 



6 – 12 тамыз 

2015 жыл


№31 (1289) 

6 – 12 тамыз 

2015 жыл

АНА ТІЛІ

АНА ТІЛІ

сөз төркіні



 «ЖАңА ӘлІППЕ ЖОлЫнДА» 

 (JANA ALYPBE JOLYNDA) жинАғы ТурАлы



ұлттық ойын атауларындағы сөзжасам 

Ана тіліміз, оның мемлекеттік деңгейде 

қолданылуы жайында кейінгі жылдары 

талай мақалалар жазылып, талай ойлар 

мен ұсыныстар айтылды. Бірақ әлі де 

болса тіліміз біз ойлағандай дәрежеге 

көтеріле қойған жоқ. неге? 

Меніңше, бұған алдымен өзіміз 

кінәліміз. Әлі жалтақпыз, басқаның 

көңіліне қарағышпыз. Әрине, Орталық 

Азиядағы басқа мемлекеттердей 

бірден орыс тілін ысырып қойып, өз 

тілімізді енгізе алмаймыз. Бұған оларға 

қарағанда елімізде  өзге ұлттардың 

көбірек тұратындығы, қазақтардың 

үлес салмағының аз болуы себеп. Былай 

қарағанда маңызды емес мәселе болып 

көрінгенмен, тіл саясаты ойланып-

толғануды қажет ететін мемлекеттік 

саясаттың маңызды бір саласы. Осыны 

жете түсінген Елбасымыз қазақ тілінің 

мәртебесін бірте-бірте көтеріп келеді...

Қазақстан Республикасының 

Президенті н.Ә.назарбаев 

«Қазақстан-2050» Стратегиясы:  қа-

лып тасқан мемлекеттің жаңа  саяси 

бағыты» атты Қазақстан халқына 

Жолдауында: «Біз 2025 жылдан бас-

тап әліпбиімізді латын қарпіне, латын 

әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. 

Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті 

мәселе. Бір кезде тарих бедерінде 

біз мұндай қадамды жасағанбыз. 

Балаларымыздың болашағы үшін 

осындай шешім қабылдауға тиіспіз 

және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, 

балаларымыздың ағылшын тілі мен 

интернет тілін жетік игеруіне, ең бас-

тысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай 

туғызады» деп атап өткен болатын. 

Осыған орай тілші-ғылымдар та-

рапынан латын әліпбиіне көшудің 

лингвистикалық, экономикалық, 

әлеуметтік, психологиялық негіздері 

зерттелу үстінде.

«ҚазаҚ тілін үйренеміз! 

Изучаем казахский язык!»

«ҚазаҚ тілін үйренеміз! 

Изучаем казахский язык!»

Продолжение рубрики «Қазақ тілін үйренеміз! Изучаем казахский язык!» будет 

в следующем номере газеты. Ждем отзывов и предложений по электронной почте: 

anatili_gazeti@mail.ru, а также по телефонам: 394-42-46, 394-41-30, 394-37-75. 

 Рубрику ведут: Дәуіржан ТөлеБАев, Динара МАСАКовА

Музыка – это исскуство, чувства жизни, моменты радости, залог хороше-

го настроения. А какую музыку вы любите? Как вы поняли следующая тема 

нашей рубрики называется «Музыка». 

Примеры

Мен түрлі жанрдағы музыканы 

тыңдаймын.

Я слушаю музыку в разных жанрах.



Сіз қандай да бір аспапта 

ойнайсыз ба?

Вы играете на каком­либо 

инструменте?

Мен домбыра тартамын.

Я играю на домбре.



Бүгін концертке барасыз ба?

Вы сегодня идете на концерт?



Сен маған концертке билет тауып 

бере аласың ба?

Ты можешь найти мне билеты на 

концерт?

Маған джаз музыкасы ұнайды.

Мне нравится джазовая музыка.



Концерттерге жиі барып тұрасың 

ба?

Ты часто ходишь на концерты?



осы әннің әуенін тыңдашы.

Послушай мелодию этой песни.



Жақсы көретін әншің кім?

Кто твой любимый певец?



Бүгін эстарада әншісі өнер 

көрсетеді.

Сегодня выступает эстрадная 

певица.

Бұл ән маған өте қатты ұнайды.

Мне очень нравится эта песня.



Мен билегенді ұнатамын.

Я люблю танцевать.



Бәріміз бірге халық әні 

«Балқадиша» әнін орындаймыз.

Все вместе исполним народную 

песню «Балқадиша».

Рэп оқығанды ұнатпаймын.

Я не люблю читать рэп.



«Кешю» тобының орындауындағы 

«Туған жер» әнін жатқа білемін.

Я знаю наизусть песню «Туған жер» 

в исполнений группы «Кешю».

Бұл әннің авторы кім?

Кто автор песни?



Бұл әнге бейнебаян түсіру қажет.

Надо снять клип на эту песню.



«Гәкку» музыкалық арнасынан 

тек қазақша әндер беріледі.

По музыкальному каналу «Гәкку» 

передается  только казахские песни.

Музыка тыңдасам, көңілім 

көтеріліп қалады.

Когда слушаю музыку, у меня 

поднимается настроение.

Жақсы ән таңдапсың.

Хорошо выбрал песню.



«Қызыл өрік» әнін қойыңызшы.

Поставьте песню «Қызыл өрік».



Сізді вальске шақырсам бола ма?

Можно вас пригласить на вальс?



Тілдің адамзат өмірінде қаншалықты маңызы 

бар екенін көптеген ғалымдар, ойшылдар 

жазып кетті. Бұл орайда әсіресе туған тілдің 

қадір-қасиеті ерекше. осы тақырып жайында 

жазылған дүниелерді үнемі қарап, зерделеп 

жүремін. Сонда түсінгенім, адамның өз ана 

тілі – күллі өмірінің мәні мен мағынасы ма 

деймін. өйткені ана тілін білмеген адам – өз 

ұлтының толыққанды перзенті бола алмасы 

анық. 

Әрине, мұны мен өз тілін білмейтін адамдар­

ды кемсіту мағынасында емес, солардың намы­

сын ояту мағынасында айтып отырмын. Менің 

бір алаңдайтыным, ол кейбір қала жастарының 

өз ана тілдерінен ажырап бара жатқаны. Сонда 

олардың ата­әжесі, ата­анасы да орыс тілінде 

сөйлетін болғаны ғой. Басқаша қалай түсінуге 

болады? Тәлім­тәрбие, өнеге отбасынан ба­

сталады емес пе? Тілді бала кезінен меңгеріп, 

үйреніп алмаса, өскен сайын қиындай береді. 

Осыны ата­аналар ескерсе дейміз. «Алдымен 

орыс тілін үйренсін, қазақ тілі өз тілі ғой, 

кез келген уақытта меңгеріп шығады» деген 

түсініктен аулақ болу керек. Балаға алдымен өз 

тілін оқытып, үйрету керек. Туған тілін жетік 

біліп шыққан бала орыс тілін де, жалпы бірнеше 

шет тілдерін де оп­оңай үйреніп алады. 

Т ә у е л с і з   м е м л е к е т і м і з д і ң   і р г е т а с ы 

жылдан­жылға нығайып, бекіп келе жатыр. 

Біз тәуелсіздігімізді нығайтудың бір жолы – 

мемлекеттік тілді нығайтумен байланысты 

екенін ұғынуымыз керек. Бұл орайда ерекше 

салмақ, жауапкершілік кейінгі ұрпақтарда, яғни 

өскелең жастарда. Өйткені тілді болашаққа 

апаратын жастар. Ал сол жастарымыз ана тілін 

білмесе, алаңдайтын мәселесіміз осы болуы 

керек. Кейбір ата­аналар балам шетел тілін 

жақсы біледі, ағылшынша жақсы сөйлейді деп 

мақтанады. Біздің басты мақтанатын қасиетіміз 

шын мәнінде ол болмауы керек. Ең басты 

мақтаныш ететініміз ол балаларымыздың өзінің 

туған тілін жетік білгені емес пе? Әрбір қазақ от­

басы қазақ тілін жат көрмей, өздерінің күнделікті 

өмірлерінде кеңінен қолданып жүрсе дейсің. 

Қымбат БАлАЖАнҚЫЗЫ

ПАВЛОДАР 

Өнеге 

отбасынан басталады



Саналы – елді мекен.  1975 жылы 

«Дермене» кеңшары аумағынан Бөген 

елді мекені құрылды. Алғашқы кез­

де бұл бөлімшеде екі үйлік сегіз там 

тұрғызылған болатын. Сол себепті 

«Сегізтам» бөлімшесі деп аталады. 

Бертін келе «Сегізтам» бөлімшесіне 

Бөген суқоймасынан канал тартыл­

ды, соның негізінде бөлімше  атауы 

«Бөген» деп өзгертілді. «Бөген» 

бөлімшесі құрылған кезде 100­150 гек­

тар жерге дәрілік шөптер егетін болса, 

жылдан­жылға олардың сапасы мен 

саны артып 850­970 гектарға дейін 

егіс егіледі. Осы егістің ішінде ең көп 

егілген түрі – сана дәрі шөбі болатын. 

Дермене ауылдық округіндегі егілетін 

барлық дәрілік шөптің 80 пайызы осы 

«Бөген» бөлімшесінде өсірілді. 1988­

1989 жылдары елді мекен атауын өзгерту 

мақсатында кеңшар (совхоз) басшы­

лары жұмысшылармен келісе отырып, 

«Бөген» бөлімшесін «Саналы» бөлімшесі 

деп атауға ұсыныс жасаған болатын. 

Алайда, бұл ұсыныс аяқсыз қалған. Он 

жеті жылдан кейін осы мәселе қайта 

көтеріліп, жергілікті тұрғындардың 

ұсынысы негізінде Оңтүстік Қазақстан 

облыстық мәслихатының 2006 жылғы 

29­қыркүйектегі №25/294­111 шешімі 

және Оңтүстік Қазақстан облысы 

әкімдігінің 2006 жылғы 2­қаңтардағы 

№332 Қаулысымен Бөген ауылы Сана­

лы ауылы болып өзгертілді.



Жиделі – ауылдық округі. Шарда­

ра ауданына қарасты «Жиделі» мақта 

кеңшары (совхозы) 1984 жылы Шым­

кент облыстық атқару комитетінің 

қаулысымен құрылған. Бұл жерде ертеде 

жиде ағашының алқабы болған. Ауыл 

ақсақалдарының ұсыныстарына орай, 

ауылға Жиделі атауы берілген. Жиделі 

ауылдық округінің құрамында Аққала 

елді мекені бар.



Аққала – елді мекен. Аққала елді 

ме кенінің құрылысы 1985 жылдан 

бас талып, құрылысшылардың құр­

метіне «Құрылысшылар поселкесі» 

деп аталған. 1989 жылы Шымкент об­

лыстық атқару комитетінің қаулы сы­

на сәйкес, Арыс қаласына қарасты 

«Аққала» жеміс­жидек кеңшары болып 

қайта құрылған. Арыс алқабындағы 

елді мекендер мен жер­су атауларына 

байланысты ел аузында біраз дерек­

тер сақталған. Мәселен, қариялардың 

айтуына қарағанда, көл маңында 

Аққала деген қала болған. Аққала елді 

мекенінің жанында Ешкілі көлі бар. 

Ауыл тұрғындарының ұсынысымен 

ауыл ел егемендігін алғаннан кейін 

Аққала деп аталды.



Дермене – ауыл.  Дермененің емдік  

қасиеті сонау ерте заманнан­ақ белгілі. 

Көне Рим тұрғындары дерменені 

шаршап­шалдығудан сақтайды деп 

есептеген. Егер осы өсімдіктің бір 

қысымын аяққа таңса, адамның 

шаршағаны сап басады екен. Ел ау­

зында дермене туралы мынадай  аңыз 

сақталған: «Ертеде осындағы елді 

ағайынды екі жігіт басқарыпты. Бірде 

сырттан жау тиіп, хандықты жаулап 

алыпты. Сол кезде биліктен айырылған 

ағайынды  екеудің бірі дала кезіп кетеді  

де, екіншісі сол жерде көптің бірі боп 

құлдықта қала береді. Арада көп жыл­

дар өтіп, елді басып алған жатжұрттық 

хан  қайтыс болады да, халық байырғы 

қалпына түседі. Сөйтіп, билік басына 

қайтадан оралған ағайынды жігіттердің 

үлкені кішісін іздеуге кіріседі. Жан­

жаққа шолғыншылар жіберіп, ауыл­

ауылдарға сұрау салады. Дүниенің төрт 

бұрышын осылай шарлап жүргенде, 

ақыры інісінің дерегі шығады. Бірақ 

кері оралуға намыстанған жігіт, еліне 

қайтудан бас тартады. Сол кезде 

ағасы бір түп дерменені орамалға 

түйіп, сәлемшілерден беріп жібереді. 

Орамалдың түйінін жазып, дермененің 

хош исін емірене иіскеген жігіт, сол 

замат көзіне жас алып, артынша 

туған жеріне оралған екен». Дермене 

Оңтүстік өңірінде көп өседі. Оның 

емдік қасиеті ескеріліп, тіпті кейбір 

жерлерде арнайы күтімге алынған. 

О с ы н д а й   ш а р у а м е н   а й н а л ы с а ­

тын ұжымдардьң бірі – «Дермене» 

кеңшары болған. КСРО Министрлер 

Кеңесінің 1949 жылғы 28­тамыздағы 

өкімімен емдік шөптерді өсіру 

үшін «Дермене» кеңшары (сов­

хозы) ұйымдастырылған. «Дерме­

не» кеңшары сол кезеңдерде дәрілік 

шөптерді дайындап, дәріханалар 

мен басқармаларға және зауыттарға 

шикізат түрінде жіберіп отырған. 

Жергілікті тұрғындар емдік қасиеті 

бар шөптерді өсірумен және өңдеумен 

айналысып келеді. 1994 жылы Арыс 

қаласында Дермене ауылдық округі 

құрылды. Дермене ауылдық округі деп 

аталу себебі де емдік қасиеті бар осы 

шөбіне байланысты қойылған. Дер­

мене ауылдық округінде дерменеден 

басқа дәрілік шөптердің (жалбыз, пас­

лен, итсигек, нагатки, мия, лагохимус, 

сана, т.б.) көптеген түрлері өсіріледі. 

«оңтүстік Қазақстан облысындағы 

жер-су, елді мекен атауларының 

қысқаша тарихы»  кітабы бойынша 

дайындаған өлкетанушы 

Молдияр СеРІКБАЙҰлЫ

өнер – исскуство.

Әуен – мелодия.

Аспап – инструмент.

Ән – песня.

Халық әні – народная песня.

Әнші – певец, певица.

Топ – группа.

Би – танец.

Билеу – танцевать.

Бейнебаян – клип.

Дыбыс – звук.

Музыкалық арна – музыкаль­

ный канал.



Шығыс музыкасы – восточная 

музыка.


Мәнерлі әуен – выразительная 

музыка.


Үрмелі аспаптар оркестрі – духо­

вой оркестр.



Аспапты музыка – инструмен­

тальная музыка.



орындаушылық өнер – исполни­

тельское исскуство.



Концерттік ұйым – концертная 

организация.



Музыкалық мәдениет – музы­

кальная культура.



нота жүйесі – нотная система.

орындаушы – исполнитель.

Алғаш орындаушы – первый ис­

полнитель.



Дәстүрлі музыка – традицион­

ная музыка.



Уақыт – время.

Уақыт аз қалды  – времени  осталось мало. 

Уақытын белгілеу – установить время.

Уақыт және кеңістік – время и пространство.

Уақыт зымырап өтіп барады – время летит быстро.

Уақыты келді – настало время.

Уақыт бәрінен қымбат – время дороже всего.

Уақыт озған сайын – с течением времени.

Уақытты босқа өткізу – попусту тратить время.

Уақытты мақсатсыз босқа өткізу – бесцельно тратить время.

Уақыттың босқа өтіп кеткеніне өкіну  – жалеть о потерянном времени.

Уақытым жоқ – мне некогда.

Уақытын жоғалту – потерять время, терять время.

Уақыт өткізу – проводить время.

Бос уақыт – свободное время.

Уақыт табу – найти время.

Дәл уақыт – точное время.

Кешкі уақыт – вечернее время.

Қайтатын уақыт болды – пришла пора возвращаться.

Дәл уақыты келгенде – в самый подходящий момент.

Қазіргі уақытта – в настоящее время.

Кей уақытта – иногда.

А теперь приведем примеры:

Концерттің басталуына аз ғана уақыт қалды – До начала концерта 

осталось очень мало времени.



Теледидар көретін уақытым жоқ – Мне некогда смотреть телевизор.

Уақытты дәл айтып жіберіңізші – Не подскажете точное время.

Бос уақытымда келемін – Приду в свободное время.

Маңызды жұмыстар үшін уақыт табыңыз – Находите время для важ­

ных дел.


Уақытыңыз болмаса, бұл жұмысты кейінге шегеруге болады – Если у 

вас нет времени, можно отклонить  дела на потом.



Қазіргі уақытта дүкенде сатушы болып істеймін – В настоящее время 

работаю продавщицой в магазине.



Бос уақытымда кітап оқимын – В свободное время читаю книгу.

Примеры:

Сіз әдетте жазда қайда демаласыз? – Где вы обычно отдыхаете летом?

Жыл сайын демалысымды теңіз жағасында өткіземін – Каждый год 

провожу свой отпуск на море.



Кешке мен бассейнге барамын – Вечером пойду в бассейн.

Желдеткішті қос – Включи кондиционер.

Күннен қорғайтын крем сатып алу керек – Надо купить солнцезащит­

ный крем.



Су – вода.

Салқын су – холодная вода.

Салқын лимонад – холодный 

лимонад.


Теңіз – море.

Күннен қорғайтын көзілдірік – 

солнцезащитные очки.



Күннен қорғайтын крем – солн­

цезащитный крем.



Қалпақ – шляпа.

Бассейн – бассейн.

Балмұздақ – мороженое.

Желдеткіш – кондиционер.

одно из четырех времен года это – лето. летом всегда столько интересных 

дел: пикник, бассейн, поездки, прогулки, море, солнце, жара. в такую жару 

хочеться отдыхать. Что может нас спасти от такой жары?

Қысқаша сөздік – Краткий словарь

еСТе САҚТАңЫЗ – ЗАПоМнИТе:

тілі мыҚтының – елі мыҚты

оңтүстік қазақстан облысы

ұлы дАлА АтАулАры

тАлшыбық


Бірақ тілімізге деген сүйіспеншілік 

пен құрмет әрбір қазақтың жүрегінен 

о р ы н   а л м а с а   қ а н ш а   ж е р д е н   з а ң 

шығарып, қанша жерден қаулы­қарар 

қабылданғанмен ештеңе шықпайды. 

Бұған алғаш Тіл туралы заң қабылданған 

1989 жылдан бергі уақыт куә. 

Тіл туралы заң демекші, осын­

дайда оны алғаш қабылдаған кездегі 

халықтың қуанышы, өзге ұлттардың 

әбігерге түскені есіме түседі. Ол уақытта 

біз Жаңаөзен қаласында тұратынбыз. 

Заң қабылданғаннан кейін сол кезде 

қазақтардан гөрі басқа ұлттар көп 

тұратын қалада қазақ тілін енгізу 

жұмыстары басталып кетті. Қалалық 

қазақ тілі қоғамы құрылып, оған 

тіл жанашыры Байбазар Ербақиев 

төрағалық етті. Қаладағы тұрғындармен 

тығыз қарым­қатынаста жұмыс жа­

сайтын автопарк автобустардың 

б а ғ ы т ы н   к ө р с е т е т і н   ж а з у л а р ­

ды, қапталдарындағы ескертулерді 

қазақшалады. Мәселен, «ҚазГПЗ» 

дегенді «ГӨЗ», «Не уверен не обгоняй­

ды» – «Сенбесең озба» дегендей. Соны­

мен қатар мекеме­кәсіпорындардың 

барлығында дерлік қазақ тілін оқытатын 

курстар ашылып, оған өзге ұлт өкілдері 

жаппай бара бастады. Қолдарына сол 

кезде шыққан «Қазақ тілінің 40 сабағы» 

деген оқулықты ұстап, абыр­сабыр 

болған олардың кейіптері әлі күнге 

дейін көз алдымда.  

 Сонымен қатар бұрын қалай 

жазылып, шаралар алынды.  Солардың 

ішінде газеттің сол кездегі тілшісі Ағиба 

Қатешованың қазақ тілін мойындамай 

шамданған бір балалар бақшасының 

меңгерушісі  туралы «Тарпаңдаған Та­

рабрина» деген мақаласы көпшіліктің 

әлі есінде.  

 Бір өкініштісі, қазақ тілін мойын­

дамай, әлі де жоғарыға қарап жалтақ та­

ғандар қала басшыларының арасынан 

да табылды.Олар да тіл жанашырлары 

тарапынан аяусыз сыналып­мінелді. 

  Б і р а қ   е л і м і з д е   о с ы н д а й   з о р 

бірі америкалық жігіт: «Біз алғашында 

Қазақстанға барасыңдар дегенде қазақ 

тілін білмейміз ғой, қиын болатын 

шығар деп жүрексіндік, барған бой­

да үйренуге бел байладық, сөйтсек 

мұндағы қазақтардың бәрі орысша 

сөйлейді екен, қазақ тілін білудің қажеті 

жоқтығын біліп, қазір орысша үйреніп 

жүрміз» деді. Мұны естіген біз не айта­

рымызды білмей төмен қарадық...

Тағы бір мысал. Қалалық емха­

нада учаскелік балалар дәрігері бо­

лып жұмыс жасайтын көрші келіншек 

үйлерді аралап жүріп, бір америкалық 

отбасына тап болады. «Амандық­

саулық сұрасқаннан кейін, мен баяғы 

әдетіме басып, орысша сөйлеппін 

ғой, сөйтсем баланың анасы басқа 

бөлмеден жүгіріп барып орысша­

қазақша сөздік алып келіп, менің 

орысшамды қазақшалай бастады.

Оның мұнысын көріп тұрсам да орыс­

шалап қоймаймын. Ол аударып әлек. 

Бір кезде барып, өзімнің  қылығымның 

әбестігін түсініп, кешірім сұрадым. 

Сөйтсем, Маңғыстауға жұмысқа кел­

ген олар отбасымен қазақша үйреніп 

жүр екен. Бір жағынан шетелдіктердің 

тілімізге деген құрметіне риза болып, 

екінші жағынан өзіміздің тілімізді 

құрметтей алмай жүргенімізге ыза 

болған мен үйден өзгеше бір сезімде 

шықтым...» деген болатын. 

Өмірде айта берсек мұндай мысал­

дар көп. Басқаларды былай қойғанда 

к е й б і р   і с   б а с ы н д а ғ ы   о р ы с т і л д і 

шенеуніктердің ел алдына шығып 

алып, қазақша жазылған тілдей қағазды 

ежіктей оқып тұрғанын көргенде, 

олардың ең құрығанда халықпен ана 

тілінде жарқын жүзбен амандаса ал­

майтын мүшкіл күйіне ызаң келеді. 

Әттең,  Бауыржан Момышұлындай 

ортадан олардың осынысын бетіне 

айтып, тойтарып тастайтын бір батыл 

азаматтың табылмағаны­ай дейсің 

ішіңнен. Айту былай тұрсын, олардың 

шикілі­пісілі айтқан сөздеріне ду қол 

шапалақтап, жарамсақтанатынымыз 

да біздердің қазіргі деңгейіміздің 

қаншалықты екенін көрсетеді емес пе?!

Бұдан да сорақысы сол ана тіліміздің 

қамын соғып, мұңын мұңдаған болып 

жүрген кейбіреулердің баласын неме­

се немересін орыс тілінде тәрбиелеп, 

оқытатын балабақша­мектептерге 

бергенін немесе бір өзге ұлт өкіліне 

бола жиналыстарды бастан­аяқ орыс 

тілінде өткізетін биліктегілерді көргенде 

баяғы құлдық психологиямыздан әлі 

арылмағанымызды, мұнымыздың өмірге 

жаңа келген жас сәбидің ана тіліміздің 

уызына қанбай, мәңгүрт болып өсуіне 

себеп болатынын жан­тәніңмен түсініп, 

күйінесің. Сөйтесің де ана тілінің қадір­

қасиетін әлі де түсінбей жүргендерді 

айқайлап оятқың келеді, жер­жебіріне 

жетіп ұрысқың келеді... 

Сөзімнің соңында  «Өз­өзіңді жат­

тай сыйла, жат жанынан түңілсін» 

дегендей, ана тіліміздің мәртебесін кө­

теріп, көсегесін көгерту өз қолымызда 

е к е н і н   ұ м ы т п а й ы қ .   « А н а   т і л і ң 

айбының. ұятың боп тұр бетте, өзге 

тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп 

ақын Қадыр Мырза Әлі жырлағандай 

ұлтымыздың ар­ұяты, асыл қазынасы 

ана тілімізді болашақ ұрпаққа саф таза 

күйінде жеткізейік ағайын дегім келеді.   



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет