«Көп жүрген жер береке» «Ұлы дала жаңғырығы»


К.АБИевА АСТАНА ТІлІМІзДІң КӨСЕгЕСІн



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата03.03.2017
өлшемі4,57 Mb.
#7306
1   2   3   4   5   6   7   8   9

К.АБИевА

АСТАНА


ТІлІМІзДІң КӨСЕгЕСІн 

КӨгЕРТу Өз ҚОлЫМЫзДА 

6

7

№31 (1289) 



6 – 12 тамыз 

2015 жыл


№31 (1289) 

6 – 12 тамыз 

2015 жыл

АНА ТІЛІ

АНА ТІЛІ

пердесіз көңіл

шАбыт

1987­2002 жылдар аралығында 15 



жыл бойы жастарды өнерге баулыған 

білікті маман, өзі де қарап отырмай, 

тынымсыз еңбек етіп, шеберлігін 

шыңдай берді. Шығармашылық жо­

лында ол кезінде АҚШ еліне ауып 

кеткен атақты орыс суретшісі Нико­

лай Фешинді өзіне ұстаз тұтты. Со­

дан да болар, бояулары оңтүстік өңір 

суретшілеріне ұқсамай, күңгір түстері 

басымдау болды. Түрлі көрмелерге 

қ а т ы с қ а н д а ,   к а р т и н а л а р ы   ө з г е 

суретшілерден ерекшеленіп тұрады.

 Қылқалам шебері 1995 жылы 

суретші­оқытушылардың ұжымдық 

к ө р м е с і н е   қ а т ы с у ғ а   Г ү л с т а н 

қаласына шақырту алды. Көрмені 

ұйымдастырған Өзбекстан Суретшілер 

о д а ғ ы н ы ң   т ө р а ғ а с ы   Р .   Ч а р ы е в 

қазақстандық суретшілерге Шым­

кентте облыстық Суретшілер одағын 

құруға ұсыныс жасады. Нәтижесінде 

11 суретші іріктелініп алынып, үшеуі 

аталмыш филиалды басқаратын болды.

1996 жылы Ташкенттегі Мәдениет 

үйінде өткен көрмеде Жиенбай 

Орынбаевтың шығармашылығына 

шетелдік қонақтар назарын аударып, 

қызығушылық танытты. Сол жылы 

суретшінің, көне Самарқан қаласын 

бейнелеген 7 туындысы сатып алынып, 

Германияға жол тартты.

2004­2009 жылдар аралығында 

шеберлігін шыңдай түскен қылқалам 

шеберінің жұмыстары «Сарыағаш» 

санаторийінде ұйымдастырылған 

тұрақты сауда­көрмесінде жұрт наза­

рына ұсынылып, аукционға қойылып 

отырды. Оңтүстік өлкеге кеңінен таны­

лып қалған суретшіге түрлі ұсыныстар 

түсе бастады. Нәтижелері де жоқ емес.

2010 жылы Оңтүстік Қазақстан 

облыстық өлкетану музейінің көркем 

галереясы Жиенбай Орынбаевтың 

жеке көрмесін өткізуді мойнына алды. 

Аталмыш көрме «Қазақ вальсінің 

королі»  атанған  атақты  Шәмші 

Қалдаяқовтың 80 жылдық мерейтойы­

на арналды. Жиналған жұрт суретшінің 

шырайлы шығармашылығын тама­

шалап, «Шәкеңнің аруағы риза бол­

сын!» десті. Бұдан кейін де Жиенбай 

Орынбаевтың бояулары айшықтана 

түсіп, бейнелеу өнері жұрттың ыстық 

ықыласына бөленді. Енді оның 

көрмелері Сарыағашпен қатар Шым­

кент қаласында да жиі өтіп тұратын 

болды. 

Алматылық достары да талантты 



суретшінің жеке көрмесін өткізіп беру­

ге құлшыныс білдірді. Атап айтқанда, 

суретші, ақын, сазгер Ерсайын Жапақ 

пен жазушы Жан Тілеу қылқалам 

шеберіне өз шығармашылығын респу­

блика жұртшылығына кеңінен та ны­

туға ақыл­кеңес айтып,  түр лі көркем 

га ле реяның  қыз метін  ұсынды.  Де се­

дағы,  та би ғатынан  сыпайы,  қо шемет­

қол паш ты  онша  жа ратпайтын  жа ны 

нәзік суретші оңтүстік астананың 

шуы көп ортасында көрме өткізуден 

тартына берді. Сарыағаштық сыр­

баз суретшінің атына қанық «Ұлар» 

галереясының директоры Юрий 

Маркович бірнеше рет ресми шақыру 

жіберген соң ғана «Жарайды, тек мен 

арнайы көрме үшін жаңа 20 шақты 

жұмыс жасап апарайын» деп келісімін 

берді. Сөйтіп, ұзын саны 30­дан 

аса картина дайындап, оның 27­сін 

іріктеп алды. Көрменің атын «Бояулар 

үйлесімділігі» деп атады. 

Жиенбайдың жұмыстары түрлі 

тақырыпқа арналғанмен, негізгі бағыт­

бағдары – пейзаждық жанр, табиғат 

көріністері. Онда қазақы ауылдың да 

тыныс­тіршілігі де менмұндалайды. 

Қылқалам ұшындағы 

сезім сыры



Алматыда суретші Жиенбай Орынбаевтың көрмесі ашылды. Айта кету керек, бұл – 

осы уақытқа дейін Өзбекстанның гүлстан қаласы мен шымкенттегі түрлі көрмелерге 

қатысып жүрген қылқалам шеберінің өз көрмесін Алматыда тұңғыш рет өткізуі.

Жиенбай Байырұлы кәсіби білімді Өзбекстанның Ташкент қаласында алып, оқудан 

кейін Сырдария педагогикалық училищесіндегі  көркем-графика бөліміне көр кем су-

рет және композициядан сабақ беруге жұмысқа шақырылады. 

Қалайда, әрбір картинаның бо­

я у ы   т а б и ғ а т п е н   ү н д е с т і к   т а у ы п 

жатқандай әсер қалдырады. Әлбетте, 

бояулардың мұндай үндестігі сыр­

баз суретшінің бойында буырқанып 

жатқан сезімдердің үйлесімінен туын­

дайды. 


– Табиғат маған әрдайым шалқар 

теңіздей шабыт беріп, жаныма жай тап­

тырады. – Жиенбай алысқа көз тастап, 

қою қоңыр даусымен асықпай әңгімелей 

бастады. – Бала күнімнен қыр асып, 

әсем көріністерді тамашалап, сурет 

салғанды сүюші едім. Мектепте оқып 

жүргенде, ұстаздарым қабырға газетін 

шығаруды мойныма жүктеп қоятын. 

Әскери борышымды атқарып жүргенімде 

де, қолымнан қаламым түскен емес. 

Құпия әскери бөлімшеміз орман ішінде 

орналасқан­тұғын. Қарағайлары, 

қайыңдары мол болатын. Ақ қайың 

шіркінде сұлулық, сыр мен сымбат 

тұнып жатыр ғой. Айнала – ғажап 

көріністер. Оларды көре тұрып, қалайша 

сурет салмасқа?! Түнгі кезекшілік 

кезінде сол көріністерді кескіндеймін. 

Бірақ ешкімге бай қатпауым, сез дірмеуім 

ке рек: біліп қойса, бәле болады. Сон­

дықтан ме нің аңсар тірлігім туралы жан 

адам білмеді. Осы  құ пиям ды іштей ғана 

ұғатын ғашықтық сезімдей сақтай білдім. 

Сол іңкәр сезім мені суретші болуға 

итермеледі...

Жиенбай Байырұлы тек пейзаж 

жанрында ғана жұмыс жасап қоймай, 

басқа да жанрларға қалам тартты. 

Оның түрлі адамдарды бейнелеген 

портреттік жұмыстарының өзі тұтас 

бір галереяны құрайды. Сондай­ақ 

ол ұлттық әдет­ғұрып, салт­дәстүрді 

де бейнелеуді де ұнатады. «Жақсыны 

–   к ө р м е к к е »   д е г е н ,   с у р е т ш і   о л 

жұмыстарын келесі жеке көрмесінде 

жұртшылыққа таныстыруды ойла­

стырып отыр. «Ұлар» галереясының 

директоры Юрий Маркович:

–   Б і з   а л м а т ы л ы қ т а р д ы   ж а ң а 

есімдермен таныстырып отыруға аса 

қуаныштымыз. Оның үстіне, Жиен­

бай Орынбаевтың шығармашылығы 

Қазақстанның оңтүстік өңірінен 

шыққан суретшілерге тән емес. Әдетте, 

бұл аймақтағы қылқалам шеберлері 

ашық, жарқын, бояуларға құмар 

келеді. Ал Жиенбай Байырұлының 

п а л и т р а с ы   с а л м а қ т ы ,   б а й ы п т ы 

екені бірден көзге түседі. Мына 

пейзаждық жұмыстардың кейбірінде 

қ а з а қ т ы ң   ұ л т т ы қ   о ю ­ ө р н е к т е р і 

пайдаланылған. Негізі, қаншама 

көрме өткізіп жүрсем де, мұндай 

техниканы мен басқа суретшілерден 

байқамаппын. Осы әдісті қолдану 

Орынбаев шығармашылығының басты 

ерекшелігі болатын тәрізді, – деді.



Жангелді еСТенБАЙ 

абай Құнанбайұлының туғанына – 170 жыл

көзін ашып, «ананы­мынаны» дегізіп, бой­

ды сынататұғын нәрсе екен...» (Абай, он 

бесінші сөз, шығармаларының екі томдық 

толық жинағы, «Жазушы», 2­том, 103­бет). 

Түсінбедік.

Шындығында, «Құнанбай» фильмін ­

дегі Қодар мен Қамқа оқиғасы тұп­тура 

«Абай жолы» роман­эпопеясындағы 

эпизодтарды еске салады. Авторлардың 

бұл тұстағы бар қосқан жаңалығы: 

халықтың бетіне таңба, кинодағы билер 

әділін айтқандай, «мұсылман қауымында 

болмаған масқараны» күнәһар екеудің 

ашық мойындаулары. Соны экранға алып 

шығып, көптің көз алдында бетке басу 

немесе сондай дәстүр болған екен деп, 

әйел тәнін жалаңаштаудың жөні қайсы?.. 

Шетелдің бейәдеп жұртына арналғандай.  

Әрине, «біткен іске, сыншы көп», бірақ 

жаңағы екі жайдың өзі­ақ фильмдегі тың 

шешімдердің бағасын түсіретіндей.  Жал­

пы, Қодар мен Қамқа жайы әлеуметтік 

«дерт» емес, медициналық сырқат. Оған 

насихат, тіпті қандай өнер тілімен айтсаң 

да, құрғақ ақылдан дауа болмайды. Тегінде, 

шайтан иектеген сырқат, мүнәфық жан­

дар қай заманда да болған, қазір де бар, 

кейінгіге де кепіл жоқ. Бұл, жоғарыда 

айтқанымыздай, экранға шығарып, 

«сүйін шілейтіндей» де мақтаныш емес. 

Сондықтан авторлардың қазымырлық 

жасап, билер сотында дәлелдемей­ақ, 

сол оқиғаны асыл мұрада «болды, немесе 

болмады» деп кесіп айтылмағанындай, 

екіұшты қалпында қалдырған дұрыс еді. 

 «Фильмде жалпы Құнанбайдың 

өзге  де қырларын ашқымыз келді, – 

Құнанбай және қаламгер құпиясы

Ұ

лы даланы дана ой, дара өнерімен оятқан және адамды, әсіресе туған қазағын ерекше 

сүйіп, оның бақыты жолында арпалысқан тағдыр иесін жаратушының елшісі – 

Пайғамбарға теңесе лайық! Сондықтан, жүрегіне Алланы қондырып, жаратқанның 

пендесі – «Адамды сүю... жүрек ісі!» деп өткен халқымыздың ғұлама ақынын әрі парасатты 

перзентін тек поэзия аспанында ғана тану мен табыну мүлде аз.

Ибраһим Құнанбаев!

Биыл ұлы Абайдың туғанына 170 жыл. Ол – өмірге деген сүйіспеншілік пен адамгершіліктің 

мәңгілік Темірқазығы.Тірлікті талай жыр сүлейі тамсана жырласа да қазақ өлеңінің кәусар 

қайнары –  Абай поэзиясы.

Біртуар!        

Қазіргі көптуарлар осы сөздің де қадірін қашырды-ау! Абай шын мәнінде заманынан 

оза туып, «өлмейтұғын артына сөз қалдырған» данышпан. Оның өмірі мен өнерінің, 

әлбетте бір немесе бірнеше зерттеушінің, яки суреткердің, тіпті қанша ғұлама десек 

те, меншікті «өрісі» емесі түсінікті. Ұлы ақын мен оның ақындық мектебі туралы талай 

жазылды және алты Алаш аман болса, бұл талап пен талғамның алтын желісі үзілмек 

емес. Алайда соның ең озық дегенінің өзі Әуезовтің Абайының «шапанына астар» болмайды. 

Нашарлығынан емес,  жаңаның бір-ақ  рет жария болатын қасиетінен, сірә. Кейінгі небір 

терең ізденістердің кемеңгер ғалым еңбегі мен оның  жауһар романын  елге  сан қырынан 

түсіндіру міндетінен аса алмайтыны да содан. Ал, сол асыл мұраның бір арнасы – Құнанбай 

тақырыбы. Осы орайда  кейбіреудің «Абай жолында» адасып, романда бардың өзін аңдамай, 

жаңалық ашқысы келуі – жаңағы шапанға көрсеқызардың салған ою-өрнегіндей олақ 

талап, оғаш қылық.

бетінен иіскеп, демін ұзақ тартып алғандай 

болды...» (сонда, 2­кітап, 26­бет). 

АБАЙ: «ҚАБАТ-ҚАБАТ ШЫң СИяҚТЫ»

«...Қырын отырған әкесінің үлкен, ке­

сек пішіні Абайға жартылай ғана көрінеді.

Түсі суық. Қара сұр жүзіне бозғылданып 

түгі де шығып алыпты. Жалғыз өзі ұзақ 

сөйлеп отыр. Зор даусында ыза мен зіл 

бар. Кейде Абайға қызық көрінетін бір 

мақалдар, мәтелдер айтылып кетеді.

Абай әкесінің сөз желісін, түп мәнісін 

түсінген жоқ. Кейбір мақалдарын ғана 

таңдана шешіп отыр. Осы бар үлкеннің 

мұндай жердегі салты бойынша әкесі де 

тұспалдып, орағытып, ұқтырмай сөйлейді. 

Бір сөзімен бір сөзін жалғастыруға Абай 

үлгермей, адасып қап отыр... Кейбір өзі 

білмейтін қиын, жаңа сөздерін ұстап 

қалады... 

Әкесінің ат жақты келген, ұзын сопақ 

басының құлақтан жоғарғы жері қаз 

жұмыртқасындай көрінеді. Онсыз да ұзын, 

үлкен бетіне ұп­ұзын боп дөңгелей біткен 

сақалы қосылғанда, басы мен беті бір 

өңірдей. Сонда Құнанбайдың жалғыз сау 

көзі, оның көтеріңкі жал­тұмсығының сол 

иығына шығып алып, қалғымай, сақшыдай 

бағып, осы өңірді қалт етпей күзетіп тұрған 

сияқтанады. Қоя берсін, салғырттығы жоқ 

сергек, қатал күзетші» (сонда, 1­кітап, 

17,18­беттер). 

«Шынында Қодар мен Қамқаның осы 

сорына себепкер болған да дәл осы Жетпіс 

пен соның ағасы даукес, бәлеқор Жексен... 

Қодар қайғыдан сандалып, жаны күйіп 

отырып:


– Маңымда тұлдыр жоқ. Құдай маған 

қылды ғой. Кәпір өтсем де енді кәрінен 

аянарым жоқ. Құдай маған қылса, менің 

құдайға қыларым сол... – деген.

Осыны Жексен өз бетімен топшылап, 

«бұл Құдайға не қылады?» деп жүріп­жүріп 

кеп, ақыры: «Мұнысы келіні болды!» деп 

байлаған­ды...

 Құнанбай жағынан ықтап қайтқан 

Сүйіндік, көзі жетпесе де байлау етті. 

Сонымен ақыры, Қодар күйі кеп бұған 

соқты... Қодар құласымен Құнанбай:

– Әлі жаны шыққан жоқ. Енді анау 

кәпірден өз жанымызды ақтап, аулақ әкету 

үшін қырық рудың қырық кісісі кесек ат­

сын. Ал осы жиындағы әр атаның баласы­

нан бір­бір кісі кесек алыңдар қолдарыңа! 

– деген.


Өзі алдымен алды да, Бөжей мен 

Байсалға қарап жердегі тасты нұсқап: 

«Алыңдар» деді. Бұйыра айтты. Аналар 

бағынды да тас алды» (сонда, 1­кітап, 

33,34,38 беттер). 

 «...Қала ішіндегі молда, қалпе атаулы, 

ел ішіндегі атқамінер қарт­қария атаулы 

Баласы тақап келгенде Құнанбай:

– Немене, балам? Неден ширықтың, 

жөніңді айтшы! – деді.

Абай әкесінің төменгі жағына оты­

ра беріп, өз ішіндегі көңіл күйін дәл 

тапқанына таңғалды... Бұл Абайдың, 

әсіресе «жауап айтар, не айтар екен?» деп 

асығып күткен жайы еді.

Құнанбай баласының осы көңілін анық 

та ныды, білем. Қаратай мен Байдалы үшін 

бол маса да, өз баласы мен өз туысы үшін 

бір жауап керек. Ол, тіпті аналардың орай­

ын беру үшін, әсіресе керек.

– Қаратай жүйрік қой. Жер таниды. 

Айтқаны шын болса керек. Бірақ өз топ­

шылауым бойынша адамның қай мінезі 

қасиетті болса, сол мінезі міні де болады. 

Мен өмірімде ұстанған нәрсемді берік 

ұстанам. Жақсылық – кісінің айнымас 

табандылығында деп білемін. Соның 

түбінен мін шығатын кез де болатын 

шығар! – деп, үндемей түнеріп отырып 

қалды. Дау айтқан кісі жоқ.

Абай әкесінің жауабын ғана білмек еді. 

Ойландыратын жауап естіді. 

Құнанбай аздан соң барып, әлгіден де 

жуасыңқырай түсіп:

– Адам пенде ғой! Пенденің жоқ­жітігі 

толған ба? – деді.

Қияласа да өз мойнына кінә алып отыр.

Бұл кезде Абайға әкесі жадағай 

көрінбеді. Кінәға, дауға жүйрік Байда­

лы сияқты емес. Ол шешендіктен гөрі 

басқарақ түкпірі бар жан сияқты. Оңай жан 

емес. Қабат­қабат шың сияқты... (сонда, 

1­кітап, 159, 160, 161­беттер).

«...Түні бойы кітаптан жазып шыққан 

қағазын қайта алып, соған қарап отырып, 

шешесі мен Мәкіштің сұраған сөзіне енді 

жауап айтты. Мәкішке қарап отырып 

айтты.


– Әкең оңай сапарға бара жатқан жоқ. 

Жасы жетпістен асқанда ұзақ бейнет, ауыр 

михнат жолына барады... өзі бұның бәрін 

білмей отырған жоқ. Бірақ туыстан осы 

шаққа шейін тәуекелі таудай біткен бөлек 

жан еді. Біз білген бұл Арқаның қазағында 

осы сапарға ең алғаш қадам қойып отырған 

осы кісі... – деді» (сонда, 2­кітап, 6­бет).



ел ЖАҚСЫСЫ: « ...не КөКІП, 

АлЫСЫП ЖҮРМІЗ онЫМен»

 «Ырғызбайдың мына тобы Құнанбайды 

қоршап келе жатқанымен: «Қайда көшіп 

барамыз? Неге көштік дегенді сұраған 

емес­ті. Дағды бойынша «жаманға, залалға 

бастап бара жатқан жоқ! Күн ілгері көреміз» 

дескен... Жүріп келе жатқан топ намаздағы 

имамдай қып, аяңшыл торыны, зор денелі 

Құнанбайды алға салып келеді. Бірен­

саран жастардың аттарының басы оқыс 

ілгерілеп кетсе, қасындағы үлкендері зекіп, 

күбір етіп: «Тарт! Шегін!» деп тойтарып 

тастайды...

Қасында он шақты ғана үлкен кісілер 

қалған еді. Сүйіндіктерге осы тобымен 

кеп кездесті. Пішіні суық, ызғарлы екен. 

Жандық ызғары «қайте қоясыңның» ажа­

ры. Жота жүнін үрпитіп, үдірейтіп тұр. 

Ірге бермек емес. Атқамінер атаулының, 

әсіресе Құнанбайдың сырт айдыны осылай 

келетін. Соның домбытпа екенін білсе де, 

Сүйіндіктер әрқашан мұндай түстен ығыса 

жүретін. Бөкенші тобы бұрын сәлем берді. 

Құнанбай ернін қыбыр еткізіп қана, үнсіз 

сәлем алды...

– Бір Шыңғыс демесең, осы өңірде 

дейді Д.Жолжақсынов газетке берген 

сұхбатында. 

– Құнанбай – аса күрделі тұлға. Билік 

тізгінін ұстаған кезіндегі қайраткерлігі 

қарама­қайшылықтарға толы... Әрине, 

Құнанбайды ауызымызға алғанда, ал­

дымызда жартастай Мұқаң тұратыны 

хақ. Дейтұрғанмен, тұғырымыз Мұқаң 

болғанымен, біз өз жолымызды іздедік» 

(«Түркістан», 21.05.2015ж).

Құнанбай да пенде, әлбетте.

К

е з   к е л г е н   қ а й р а т к е р д і ң 



бойы, тегінде тұнып тұрған 

қара ма­қайшылық емес пе?! 

Мәселен, романдағы Қодар мен Қамқа 

оқиғасы да Құнанбайдың қайшылықты 

тұлғасының бір ғана қыры. Советтік на­

сихат «жауыздық» деп жаны кіре там­

санды, шындығында бұдан өткен ғазауат 

жоқ болатын. Әңгіме, тіпті оқиғаның 

болған немесе болмағанында, ал жазаның 

әділетті немесе әділетсіз екенінде емес­ті. 

Құнанбайдың шешімі мыңдарға, тұтас 

бір іргелі елге жабылған жаладан кінәсіз 

қарындастарын қорғаудың  амалы еді. 

Әрине, артық кететін кездері де жоқ 

емес: Мұсақұл соғысында Бөжейді са­

батуы ашутас әрі азапты шешім еді. 

Оның зардабы да аз емес... Құнанбайдың 

перзенті, жазықсыз Кәмшат нәрестенің 

тартқан қасіреті Бөжейдің шын бейнесін 

 жайып салады. Тап осындай қатыгездікке 

Құнанбайдың отбасында, Зере мен Ұлжан 

аналардың көз алдында жол берілмесін ро­

маннан анық ұғасыз. Ендеше, тым құрыса 

кінәсіз сәбиді аямаған бәтуасыз ортада 

Құнанбай арыстан болмаса, көрінген 

шибөрінің «көкпарына» түсіп, тоз­тозы 

шықпас па?! 

Рас, «Құнанбай» фильмі авторларының 

«өз жолдарын» іздегені құптарлық, бірақ 

оның тұсаукесеріндегі «Әуезов айта алмай 

кеткен, айтар еді, заман айтқызбады» деген 

сөздер тағы да көңілге еш қонбайды. Ұлы 

Абайды және оның заманын кең ауқымда әрі 

терең жырлаған Әуезов қаламынан Құнанбай 

тұлғасының, жоғарыда айтқанымыздай, тит­

тей де «жапа шекпегені» айқын. Осы орайда 

теледидардан сөйлеген белгілі абайтану­

шылар Төкен Ибрагимов, Бекен Исабаев, 

Тұрсын Жұртбай мен Бейбіт Сапаралының 

сабырлы ұстанымдары мынаған келіп саяды: 

әдеби шығармадағы көркем образ тарихи 

тұлға Құнанбай қажының көшірмесі емес. 

Ендеше, көркем шындықпен таласудың 

жөні қайсы?! Бәрінен бұрын романдағы Құ­

нанбай келбетінен мін табу мүмкін бе, өзі!? 

Сондықтан Әуезов мұрасына жаңалық 

қосамын дегендердің мықтап ойланулары 

және қоғам да ондай ізденістерге аса қатаң 

талап қоюы тиіс деп білеміз. Жаңалыққа 

құмар зерттеушілерге қазақтың ашылмаған 

тұлғалары, шүкір баршылық. Олай болса, 

кешегі көшіміздің «құм басқан ізі аршы­

лып, жоғалған жүгі табылып» жатқанда 

барымыздың қадір­қасиетін бағалай алып 

отырмыз ба?! Өткеннің айтылмаған не­

месе «қызыл» диктатура айтқызбаған 

ақтаңдақтарын айқындауға жан сала жүріп, 

асылын арзандатып алмасақ жарады. 

Шындықты, әрине, тіпті қаншалықты 

жағымсыз болса да, білу керек. «Абай 

жолының» бізге мәлім ақиқаты Құнанбай 

тұлғасын өз заманының біртуар қайраткері 

ретінде мәшһүр етеді. 

Болат ЖҮнІСБеКов,

жазушы-журналист

қыстаулық жерің аз да емес, олқы да емес 

еді ғой, мырза! – деп Сүйіндік енді арала­

сып еді. Құнанбай іле сөйледі:

– Ей, Кішекең, Бөбең, – деп бастады. 

Жігітек пен Бөкеншіні сыпайы айтқанда 

осылайша: «Кішекең, Бөбең» десетін. 

Құнанбай қазір солардың бар руын бір 

араға жиып ап, соның бар қауымымен 

бетпе­бет кінәласып, жүгінісіп тұрған 

кісі тәрізді. – Аға болдың, бұрын жеттің. 

Көлденең созылған Шыңғысқа көлбей 

орнадың. Ырғызбай аз еді. Сенен кіші еді. 

Ен Шыңғыстан бірде­бір құйқалы қыстау 

бермепсің. «Өзге қыстау» дейсің... Шыңғыс 

тұрғанда өзге жер қыстау ма? Мен болсам, 

енді қашанғы көне берейін. Қашанғы құр 

қалайын. Ырғызбайға да Шыңғыстай арқа 

тірек пана керек... Ырғызбай да етек алған 

ел болды. Жатың емес, туысқаның. Есе 

бермей құмадан туып па? – деді. Дауын да, 

байлауын да өзі айтты…

Ж

ұрт еріксіз басылып қалды...» 



(сонда, 1­кітап, 63, 66, 67­ 

беттер).


«Жаңағы ашумен күйген Байдалы 

енді майда қоңыр үнге түсіп:  ...Тақауда, 

әнебір күндерде Қаратай, Бөжей, Байсал 

бар­барлығымыз Қаумен үйінде түстеніп 

отыр едік. Жиын бір сөзден бір сөзге түсіп, 

шалқып отырып, ақыр аяғы: «Жә, өзіміз 

көргенде мырза кім?» дегенге келді. Жұрт 

ойланып қалды. Байсал күншуақта жатқан 

тағыдай көзін бір ашып, бір жұмып, бүк 

түсіп сырт қарап жатқан. Жаңағы сөзге ол 

қатысқан жоқ­ты. «Мырза кім?» дегенге 

Қаратай жауап беріп, «Мырза – Құнанбай»  

деді. Тағы біраздан соң ол жиын: «Шешен 

кім?» деді. Тағы Қаратай жауап беріп, 

«Шешен – Құнанбай»  деді. Екі бел асты. 

Аздан соң және бір оралып кеп: «Жақсы 

кім?» десті. Әлгі Қаратай және жауап 

беріп: «Жақсы – Құнанбай»  деді. Сол 

кезде Байсал басын жерден жұлып алып, 

саңқ етіп:  «Уай, Көкше, не оттап отырсың 

өзі?»  деп, Қаратайға қадала түсіп: – Мырза 

Құнанбай екен, шешен Құнанбай екен, 

жақсы Құнанбай екен! Ендеше, не көкіп 

алысып жүрміз онымен?»  деді. Соған 

Қаратай іле жауап беріп:  «Уай, тәйір­ай, 

мен Құнанбайдың өзге жағынан мін та­

уып алысып жүрмін бе? Жалғыз­ақ, «не 

қылайыны» жоқ қой, сондықтан кетіп 

жүргем жоқ па?»  деді. Сөз ұғатын бала 

сияқтысың ғой! – деп, Байдалы осы тұста 

Абайға сығырая қарап отырып: – Дәл осы 

сөзді сенің әкең естімеген болар. Осыны 

да айта баршы...»  деді... (сонда, 1­кітап, 

158­159 беттер). 

«Өзі күйіп келген Абай әке жүзінен 

қаймыға алмады.

– Көріп, біліп келдік. Кәмшат ауру... 

Рақым, мейірбандық жоқ, не деген жаны 

ашымас, қатыбас байлау – сол байлаудың 

өзі? Тату етер байлау да емес... 

Әкесіне Абай сөзі ұтықты көрінді. Өзі, 

тіпті ойға келмеген соны сөз. Бірақ бұл 

баласы бірбеткей кетіп отыр. Қазақ жолы, 

ел салты емес, өзге бір сүрлеуге түсіп кетті. 

– Әй, шалағай балам­ай, көңілің түзу 

болғанмен, жолдан тыс жайылып отырсың 

ғой!

... Тағы біраз үндемей отырып барып:



– Ағайын жолы бұлай ма? Араз елді 

жамастырам деп, қалыңға қыз да беріседі. 

Күң есепті, қатын есепті береді. Біз берсек, 

етбауыр бала қыл деп беріппіз. Қорлыққа 

бердік пе? Тек сын Бөжей басында ғой. Біле 

білсе, менің балам оның баласы болмайтын 

несі бар еді? Жат деп, жау ұрпағы деп, 

дұшпан көріп кірпідей жиырылса, қарыз 

оның мойнында емес пе? Тіпті жазықты 

болсам, мен жазықты шығармын. Бесіктен 

шығарып, адам ұлы деп, соның бауырына 

берген балам жазықты ма еді? Қатын­

қалаш, ауыл­аймағына, тым құрыса, соны 

ұғындыра алмаса, Бөжейдің аяқтағы суға 

ағып өлгені ғой! – деді.

Бұл сөзінде Бөжейді жеңер дәлелі бар 

еді (сонда, 1­кітап, 167, 169, 171­беттер).

 «Базаралы шығып кетті, Құнанбай 

жалғыз көзін жұмды да, қабағын түйіп, 

ойланып қалды... 

– Өзгелер бір төбе, Базаралы бір 

төбе емес пе еді? Аянышты білсе, нетті 

шіркіндер? – деп күрсініп қалды» (сонда, 

1­кітап, 353, 354­беттер).               

«Құнанбай осы өткен қыс аяғында, 

төрт жылға тақау үрдіс, ұзақ жол жүріп, 

Мекке сапарынан қайтқан еді. Бұл күнде 

ол қатты ағарып, үлкен кәрілікке жет­

кен. Сүйекті денесі әлі де қапсағай, зор 

болғанмен, бет әжімі мол... Даусы қай 

сөзді, қай жайды сөйлесе де, бұл күнде 

бұрынғыдай қатқыл, қою үнмен білінбейді. 

Ақырын, баяу ғана сөйлейді. Қасындағы 

Қаратайға, Ұлжандарға қарағанда, қазіргі 

Құнанбай бөлекше ортадан, өзгеше ұстаз 

көріп өскен жан тәрізді.

Осы қалпы Құнанбайдың сырты ғана 

емес, үш жылдық өкініш мінәжат са­

парынан Құнанбай, шынында, іштей, 

мінездей қатты өзгеріп қайтты. Сағынған 

ел Семейдің ар жағынан, алдынан шығып, 

ой мен қырдың барлық тілеулес дос­

жараны шұбыра оралғанда да, Құнанбай 

«елге жеттім­ау» деп бір сәт те болса 

өзгерген жоқ­ты, тек ұзақ жолдың көп 

бекетінің біріне келгендей ғана салқын, 

көбінше аз сөзді, өз ішіне үңілген кісідей 

келген­ді. «Шаһарда, сахарада болсын той 

етеміз, аман келсін қуаныш етіп, мереке 

етеміз» деген дос­жаран, бала­бауырдың 

бар лығына тартымды салқын сөзбен тый­

ым салған...» (сонда, 2­кітап, 128, 129­бет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет