«Көп жүрген жер береке» «Ұлы дала жаңғырығы»



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата03.03.2017
өлшемі4,57 Mb.
#7306
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

«Көп жүрген жер 

береке»


«Ұлы дала жаңғырығы»

www.anatili.kz

e-mail: anatili_gazetі@mail.ru

www.twitter.com/anatilikz

www.facebook.com/anatilikaz

№31 (1289) 

6 – 12 тамыз 

2015 жыл


Сөзi жоғалған 

жұрттың 

өзi де жоғалады

1990 жылғы 

наурыздың 22-сiнен 

бастап шығады

12

өзіне тікелей хабарласып анықтап 

сұрадық. 

– Мен хаттаманың мемлекеттік 

тілде толтырылуын талап еттім. 

О с ы ғ а н   а ш у л а н ғ а н   п о л и ц и я 

қызметкері: «Ты задержанная, мен 

саған жол ережесін бұзғаның үшін 

және полиция қызметкеріне қарсы 

шыққаның үшін қылмыстық іс 

қозғаймын. 1 жылға қамаймын» деді. 

«Хаттаманы орыс тілінде толтырсаң 

10 мың теңге төлейсің, қазақ тілінде 

толтырсаң 20 мың теңге төлейсің» 

деді. «Мен өзімнің кінәлі екенімді 

мойындаймын. Одан қашып тұрған 

жоқпын. Менің бар талабым тек 

мемлекеттік тілде хаттама нұсқасын 

талап етемін» дегеніме қарамай, хат­

таманы орысша толтырып, соңында 

«Я проехала на красный свет» деп өз 

қолыңмен жаз деді. Мен қазақша: 

«Мен қызыл түске өттім» деп 

жазған едім, одан бетер ашуланып, 

айқайлады. Психологиялық қысым 

көрсетіп, денсаулығым нашарлап, 

жедел жәрдем шақыртуға мәжбүр 

болдым, – дейді А.Жәнібекова

Ол бұл істен соң өзіне қол­

даушы іздеп, қалалық Ішкі істер 

департаментіне, қалалық әкім­

шілікке, Тіл басқармасына, «Нұр 

Отан» партиясына барыпты. Ішкі 

істер департаментіне сол күні түнгі 

уақытта барса, ондағы полиция 

қызметкерлері: «Бізде қазақша 

іс жүргізетін адам жоқ. Сіз қазақ 

тілінде шағым жазғаныңызбен ол 

істі ешкім қарамайды. Солай жа­

тады. Оданда бізге қазақша айтып 

беріңіз, біз орысша жазайық» деп жа­

уап қайтарыпты.  Тіл басқармасына, 

әкімшілікке барғанымен олар біз 

мұндай істі қарамаймыз деген. Тауы 

шағылған Ақтолқын «НұрОтан» 

партиясына барған екен. Талап­

шағымы оны қарайтын маманның 

Мемлекеттік тіл неге қорғаусыз қалды? 

қолы тимеуіне байланысты  арызы 

бір айдай жатып қалыпты. Ақтолқын 

Жәнібекованы «НұрОтан» партиясы 

бұл іс бойынша кеше шақырыпты. 

Сонымен біз Ақтолқыннан 

с о т   п р о ц е с і н і ң   қ а л а й   ө т к е н і 

жөнінде айтып беруін сұраған 

е д і к .   О л   б і з г е   с о т   п р о ц е с і н е 

ешқандай да көңілі толмайтынын 

жеткізді. Сот отырысы 20­шілдеге 

белгіленгенімен ол күні Дәулет 

Досмайылов келмепті. Ол сот оты­

рысы 30­шілдеге ауыстырылғанда 

ғана төбе көрсеткен. Ақтолқын 

Жәнібекова Дәулет Досмайыловтың 

өзіне айтқан сөздерін түгелімен 

мойындамағанын айтты. «Жоқ, мен 

олай айтқан жоқпын. Сіз өзіңіз орыс­

ша толтырдыңыз» деп бой бермепті. 

Сөзін қазақша бастап, әрі қарай 

орысша жалғастырған. Судья болса: 

«Сіздің дәлеліңіз жеткіліксіз. Бейне 

немесе аудиожазбаңыз да жоқ» деп 

талап­арызын қанағаттандырмай 

тастаған. 



(Жалғасы 2-бетте)

«Ана тіліне» жазылыңыз, ағайын!

АбАй құнАнбАйұлының туғАнынА – 170 жыл

бет қАттАлып жАтқАндА:

бАспАсөз – 2015

 Елордадағы  «Саран» 

шағын ауданында 240 орындық 

б а   л а б а қ ш а   п а й д а л а н у ғ а 

берілді. 

 Солтүстік Қазақстан об лы-

сының Мүсірепов ауданында 

заманауи техникамен жаб-

дықталған өрт сөндіру бекеті 

ашылды. 

 Алматы облысы, Алакөл 

ау данында «Мың бала» мә-

де ни-ағарту жобасының шең-

берінде «Тіл үйретудің ин но-

вациялық әдістері» атты рес пуб-

ликалық семинар-тренинг өтті.

 Алматы облысында жаңа 

«Өрлеу» жобасын жүзеге асыра-

тын аймақ ретінде Еңбек ші қазақ 

ауданы таңдалып алынды. 

 Көкшетау қаласындағы 

«Оқжетпес» стадионында «Оқ-

жет пес» футбол клубының ба-

лалар және жасөспірімдер фут-

бол орталығы салтанатты түрде 

ашылды.

 Павлодар облы сы-

ның Железинка ау да-

нында  ағаш  өң дей  тін 

жаңа  ком би нат  іске 

қосылды.

Қ

А

зПО

ш

ТА

Индекс


Мерзімі

Алматы


Аймақ/қала

Аудан/ауыл



Жеке жазылушылар үшін

65367

3 ай


692, 16

740, 10


778, 32

Мекемелер мен ұйымдар үшін

15367

3 ай


1324, 56

1372, 50


1410, 72

жАнАйқАй


6-7

Жуырда Қостанай қалалық мамандандырылған әкімшілік сотын-

да қала тұрғыны Ақтолқын Жәнібекованың полиция қызметкері Дәулет 

Досмайыловтың атына түсірген шағымы бойынша сот отырысы өтіп, судья 

шағымданушының талап-арызын қанағаттандырмай тастады. Бұл туралы 31 

арнаның жаңалықтар қызметі, сондай-ақ республикалық «Жас алаш» газеті 

хабарлады. Ал мәселе ең алғаш рет «Қостанай таңы» облыстық газетінде 

көтерілген еді. 

Құнанбай 

және Қаламгер 

Құпиясы 


Ұлы даланы дана ой, дара өнерімен оятқан 

және адамды, әсіресе туған қазағын ерекше 

сүйіп, оның бақыты жолында арпалысқан 

тағдыр иесін жаратушының елшісі – 

Пайғамбарға теңесе лайық! Сондықтан, 

жүрегіне Алланы қондырып, жаратқанның 

пендесі – «Адамды сүю... жүрек ісі!» деп өткен 

халқымыздың ғұлама ақынын әрі парасатты 

перзентін тек поэзия аспанында ғана тану мен 

табыну мүлде аз.

Ибраһим Құнанбаев!

Биыл ұлы Абайдың туғанына 170 жыл. Ол – 

өмірге деген сүйіспеншілік пен адамгершіліктің 

мәңгілік Темірқазығы.Тірлікті талай жыр сүлейі 

тамсана жырласа да қазақ өлеңінің кәусар 

қайнары –  Абай поэзиясы.

МәденИет


Италияда классикалық музыка фестивалі өтті. Шарада 

Бақытжан Мұсақожаева жетекшілік ететін «Солистер 

академиясы» мемлекеттік камералық оркестрдың 

өнерпаздары қатысты. 

Отандастарымыз Италияның 3 қаласында концерт 

қойып, шеберлік сағаттарына қатысуға мүмкіндік алды.   

Қазақстандық өнерпаздар Австрия халқын да тәнті етті. 

Олар Венада өткен «Шығыс­Батыс» фестивалінде өз 

өнерлерін паш етті. Кейін Женева тұрғындарына арналған 

мерекелік шараға қатысты. «Қазақ елі» тақырыбымен өткен 

гала­концертте біздің өнерпаздарымыз аянып қалмады. 

Әсіресе, Қазақстан Ұлттық өнер университеті жанындағы 

музыкалық мектебінің «Айгөлек» скрипкашылары 

көрерменнің көңілінен шықты. 



Еуропа елдерін таңдай қақтырды

11-бет

12-бет

4-бет

өнер


Көк суыр

«Ұсталы 

ел озар...»

Тіліміздің көсегесін 

көгерту өз 

қолымызда

дАнАлық Мәйегі 

Қуандық — Жетісу өңіріндегі (1834­

1919) қазақ­қырғызға тегіс мәлім бол ған 

ақын. Қырғыз ақыны Тоғалақ молданың 

«Қазақ ақындары» деген өлеңінде 

Қуандық ерекше аталады. Қуандық тілді, 

шешен ақындардың бірі. Қуандықтың 

Сарбаспен айтысқан өлеңі хатқа түскен. 

Қуандық соңында:

Не пайда құрғақ сөзден жалаулатқан. 

Батыр да, шешен де бар 

қоңыраулатқан. 

Өлеңім  бойға біткен ірі бағым, 

Сендейге бой бермей омыраулатқан. 

Қонысың – Құлжабасы, Мәтібұлақ, 

Берейін көргенді айтып, 

тұрған шыдап, 

Сарбас  өлең­жырың мәлім болды. 

Кедейдің шапанындай құрғақ­сұрақ, 

– деп қарсыласын жеңіп кетеді.  Қуан­

дықтың кесірлі ұл Тұрлыбайды адам­

гершілікке шақырып, жөнге салған өлеңі 

ұзақ шығарма. Отбасының берекесін 

алып, ауыл­аймақты шулатқан, ана­

сын ренжіткен жігітке арнайы барып, 

өлеңмен нөсерлетіп, ақыл айтады: 

Қуандық ақын белгілі, 

Көптікөрген көшелі. 

Кешегі тәуіп  мен едім, 

Жазамын болса кеселің. 

Кесірлі болсаң кел мұнда,

Өлеңім қылыш кеседі. 

Әкең мықты кісі емес, 

Құлағына құм құйған, 

Көкірек еді кешегі, – дейді бір 

жерінде. Бар мінін тізбектеп айтып 

келеді де, бір тұста халықтан оқшауланба, 

көппен бірге бол деген пікір айтады. 

...Көп жүрген жер береке,

Адаспай жүргін, жан балам. 

Адассаң көптен өлгенің. 

Жаныңа тисе айтқаным, 

Жарылып кетсін бөтегең. 

Ақылға келген Тұрлыбай ақын Қуан­

дықпен жылап көріседі. Соңында ақын: 

Миыңа сап ойлап көр,

Достығы ма, қастық па, 

Қуандықтың ғазалын, – деп тұжы­

рым дайды.

Кейін сол Тұрлыбай елге қадірлі 

жақсы кісі болыпты. Жамбыл Кененге 

«Қуандық арқалы ақын» деп айтқан екен.

Е с т е р і ң і з г е   с а л а   к е т с е к , 

Қостанай қаласының тұрғыны 

Ақтолқын Жәнібекова мен полиция 

қызметкері Дәулет Досмайыловтың 

арасындағы дау хаттаманы толтыру­

дан басталған. Оқиға былай болған 

екен. 


А.Жәнібекова бағдаршамның 

қызыл түсіне өтіп кетіп, жол ережесін 

бұзған. Көлік жүргізушісінің жол 

ережесін бұзуына байланысты оны 

тоқтатқан полиция қызметкері 

Дәулет Досмайылов хаттаманың, 

А.Жәнібекова талап еткеніндей, 

қазақ тіліндегі нұсқасын беруден бас 

тартқан. Бұл аздай, психологиялық 

қ ы с ы м   к ө р с е т і п ,   о н ы   с ы р т қ а 

шығармай қойған. Біз мәселенің 

анық­қанығын А.Жәнібекованың 



Сурет көрмесі Қазақ хандығының 550 жылдығына арналды

Алматы қаласындағы 

Ә.Қастеев атындағы 

мұражайда Қазақ хандығының 

550 жылдығына арналған 

«Ұлы дала жаңғырығы» 

атты көрме өтті. 100-ге тарта 

бейнелеу және қолданбалы 

өнер туындылары ұсынылған 

көрмені қала жұртшылығы мен 

қонақтары тамашалап, жоғары 

баға берді. 

Көрме суретші Б.Мыр зах-

ме тов тың  «Абылай  ханды 

ақ киізге кө теру» атты 

туындысымен ашылды. 

Сонымен бірге суретші Талғат 

Тілеу жановтың  «Жекпе-

жек» және «Ұрыс алдында» 

деп аталатын картиналары 

көрермендер тарапынан 

қызығушы лық қа  ие  болды. 

Себебі диптих түрін де 

салынған осы екі суреттен 

қазақ халқының ерлігін, өр 

рухын аң ғаруға болады. 

Мәселен, «Жекпе-жек» 

картинасында Әбілмансұр 

мен шарыш арасындағы 

шайқас сәтті бейнеленген. 

Екі ірі қолбасшы айқасқа 

түседі. Суретте өзіне сенімі 

күшті Әбілмансұр қарсыласын 

аттан жұлқи құлатқаны әдемі 

бейнеленген. «Ұрыс алдында» 

туындысында Әбілмансұрға 

үміт артып, оған рух беріп 

тұрған халқының көрінісі бар. 

қолөнер шебері Тұрсынбай Шаянов туралы толғаныс



2

3

№31 (1289) 



6 – 12 тамыз 

2015 жыл


№31 (1289) 

6 – 12 тамыз 

2015 жыл

АНА ТІЛІ

АНА ТІЛІ

дөңгелек үстел



Жуырда Астанадағы Қазақстан Республи-

касы Президенті жанындағы Қазақстан 

стратегиялық зерттеулер институты 

(КИСИ) ғимаратында «Ақпараттық-

коммуникациялық технология және 

мемлекеттік тіл» деген тақырыппен 

дөңгелек үстел болып өтті. Іс-шараны 

«Дегдар» қоғамдық келісімді қолдау қоры 

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 

Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси 

жұмыс комитетімен бірлесе ұйымдастырды.

Ш а р а ғ а   Қ Р М ә д е н и е т   ж ә н е   с п о р т 

министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық­

саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары 

Ербол Нұрғалиев, «Казконтент» АҚ Интернет­

жобалары бойынша басқарушы директоры 

Жандос Шолақов, «Мінбер» журналистерді 

қолдау қорының жетекшісі Есенгүл Кәпқызы 

және де ҚР орталық атқарушы мемлекеттік 

органдарының, ұлттық компаниялардың 

мемлекеттік тілді дамытуға жауапты қызмет­

кер лері, мемлекеттік тілді дамыту институттары 

мен мекемелерінің өкілдері, тіл жанашырлары, 

ақпараттық технология мамандары қатысты.

Дөңгелек үстелде мемлекеттік тілдің 

ақпараттық­комуникациялық технологияға 

бейімділігі талқыланды. Жиында қазақ тілін 

дамытуға үлес қосып жатқан әртүрлі жобаларға 

талдау жасалды. Оның ішінде Қазақстанның ин­

тернет кеңістігінде жұмыс істейтін сайттардың 

санына, сапасына, контентіне мониторинг 

жасалды. 

Олардың қаншасы қазақ тілінде ақпарат 

тарататынына және сайттардың мазмұндарына 

талдау жүргізілді. Дөңгелек үстел қорытындысы 

бойынша арнайы сараптамалық материалдар 

дайындалады.

Шара барысында сондай­ақ мемлекеттік 

органдар мен ұлттық компаниялардың, жоғары 

оқу орындарының ресми веб­сайтындағы  

қазақтілді мәліметтердің дұрыс толтыры­

луын қадағалайтын «til­audit.kz» сайтының 

тұсаукесері өтті.

Айбек ҚоЖАнов

АСТАНА


МеМлекеТТік Тіл 

және интернет



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен 

«Инновациялық даму» қоғамдық қоры бірлесе отырып, Қазақстан 

халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша жас ақын, жазушы, 

қаламгерлер, журналистика факультетінің студенттері, сондай-

ақ қазіргі таңда жұмыс атқарып жүрген журналистер арасында 

«Аңсар – 2015» әдеби байқауының жарияланғанын хабарлайды. 

Байқаудың мақсаты – қазіргі Қазақстан әдебиетін және 

журналистиканы насихаттап, жас қаламгерлер, ақындар мен 

журналистерге қолдау көрсету, жастардың шығармашылық 

мүм кіндіктерін дамыту. Байқауға 14 пен 29 жас аралығындағы 

жастар қатыса алады. Өтініштерді қабылдау барысында 

материалдың қоғам дық маңыздылығы, өзектілігі, мәнерлілігі 

мен ерекшелігі, шы найы лығы және фактілердің дәл көрсетілуі, 

жанрға сәйкес болуы, ақпараттың толық болуы, сонымен қатар 

оқиғалардың бірегейлігі мен жаңашылдығы ескеріледі. 

Байқау 2015 жылдың «Ең үздік жас прозашысы», «Ең 

үздік жас ақыны», «Ең үздік тележурналисі» аталымдары 

бойынша өткізіледі. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен 

марапатталады. Жұмыстарды қабылдау 2015 жылдың 10­қазан 

айына дейін жалғасады. Мекенжайы: Астана қ., Қонаев көш. 4, 

«Қазмедиаорталығы». 



Мәскеудегі Иванов Ұлттар үйінде қазақстандық суретшілердің 

көрмесі өз жұмысын бастады. 

Шара барысында экспозицияда қазақстандық қылқалам 

өнерінің негізін қалаушы Қанафия Телжановтың, қалың 

көпшілік мойындаған пейзаж шебері Жанатай Шәрденовтің, 

белгілі суретші­аномалист Нұрлан Бәжіровтің, далалық бай 

мәдениеттің иллюстрацияларының авторы Нэлли Бубэнің, 

Досбол Қасымовтың (тақырыбы философия, адам мен 

табиғаттың үйлесімдігі) және лирикалық пейзаж көріністерінің 

авторы Қойшыбек Мамақовтың шығармашылығы көрерменге 

ұсынылды. 



А л м а т ы д а ғ ы   № 2 8   г в а р д и я ш ы л -

панфилов шылар саябағында екі дүркін Кеңес 

одағының Батыры, авиация генерал-

майоры Талғат Бигелдиновтің туғанына 93 

жыл толуына орай еске алу шарасы өтті. 

Алматы қаласының әкімдігі мен 

«Генералдар Кеңесі» Республикалық 

қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған шараға 

Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер, 

Алматы қаласы әкімдігінің қызметкерлері, 

Т.Бигелдиновтің туыстары қатысты. 

Шараның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының 

Әнұраны шырқалды. «Генералдар Кеңесі» Республикалық 

қоғамдық бірлестігінің орынбасары, генерал­майор Махмут 

Телегусов биылғы жылдың соңында Ресей астанасы Мәскеу 

қаласында Т.Бигелдиновтің бюсті ашылатынын атап өтті. 

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Санжар 

Боқаев айтулы тұлға қазақ халқының мақтанышы екенін атап 

өтіп, адамгершілік қасиеттеріне тоқталды. Батырдың қызы 

Галина Талғатқызы әкесі жайлы естелік айтты. Ардагерлер 

мен шараға қатысқандар №28 гвардияшыл­панфиловшылар 

саябағының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Шара  

Офицерлер үйінде жалғасты. Онда Т.Бигелдиновтің соғыста 

жасаған ерлігі мен отбасында түскен суреттердің көрмелері 

ұйымдастырылды. Көрермен қауымға «Аспанға көтерілу» атты 

деректі фильм көрсетілді.  



Ыстанбулда Түркия қазақтарының ІІ құрыл тайы өтті. 

Шараға қатысу үшін түркітілдес елдер ден, сондай-ақ Британия 

мен Франциядан келген қандастарымыз бас қосып, келелі кеңес 

өткізді. 

Жиында шетте жүрген қазақтар тіл мәселесіне қатты 

алаңдап отырғандарын айтты.  Алқалы басқосуда сөз 

сөйлегендер мемлекеттік тіл мәселесі бойынша еліміздің 

Мәдениет және спорт министрлігі мен Білім және ғылым 

минстрлігіне ұсыныс жасайтындығын атап өтті. Құрылтайдың 

соңында қандастарымыз арнайы ұйымдастырылған концертті 

тамашалады. Қазақстаннан келген әншілер мен айтыскер 

ақындар түркиялық қазақтарға ерекше кеш сыйлады. 

Тарихқа жүгінсек, республикамызда 

бірнеше Конституциялар өмірге келген. 

Соның алғашқысы 1926 жылы 18­ақпанда 

Қазақ АССР­і Орталық атқару комитетімен 

тұңғыш Консти туция жазылып, РСФСР 

Орталық атқару комитеті бекітпегеннен 

кейін күшіне енбеген. Содан кейін 1937 

жылы 26­наурызда Жалпықазақ кеңестерінің 

X төтенше съезі қабылдап, бекіткен Консти­

туция бар. Қырық жылдық ғұмыры болған 

осы құжаттың орнын 1978 жылы 20­сәуірдегі 

«кемелденген социализм» аталған заманның 

Конституциясы алмастырған болатын. Міне, 

осы құжат Тәуелсіздіктің алғашқы жылда­

рында жазылып қабылданған, 1993 жылғы 

28­қаңтардағы Қазақстанның төл Ата Заңы 

қолданысқа енгенге дейін өмір сүрді. Елдің 

егемендігін танытатын 1993 жылғы тұңғыш 

Конституция мемлекетіміздің тәуелсіздігін 

ең жоғарғы заң тұрғысында саяси­құқықтық 

сипатта алғаш бекіткен құжат еді. 

Бұл тұңғыш Коституцияның мемлекет 

тарихында алатын орны туралы Елбасы 

«Қазақстан жолы» атты кітабында былай деп 

жазады: «Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін 

бізге бүгінгі өмір шындығымен және алдағы 

уақытпен бірге қадам басып, өткен ұрпақтың 

іс­тәжірибесі мен жарқын болашаққа деген 

сенімді жинақтаған Негізгі Заң қажет бол­

ды. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы 

ашық және демократиялық қоғам орнатудың 

негізгі принциптерін баянды етуге тиіс бо­

латын». Осылайша 1993 жылы қабылданған 

Қазақстан Республикасының алғашқы 

Конституциясы егемендік тарихындағы 

ең демократияшыл құжат болып табылған 

еді. Алғашқы Конституцияның мәні мен 

маңызына келетін болсақ, бұл құжат 

Елбасының көрсеткен мақсаты бойынша 

төрт басты мәселеге жауап беруі және соған 

жағдай жасауы тиіс болатын. Оның біріншісі 

– мемлекеттік билікті басқарудың барлық 

жүйесін нығайту, екіншіден – экономикалық 

реформаны жүргізе отырып, елді сол кездегі 

терең дағдарыстан шығару, үшіншіден – жас 

мемлекеттің сыртқы саясатын қалыптастыру, 

(Басы 1-бетте)

Ішкі істер департаменті де А.Жәні бекова ның та­

лап­арызын созбаққа салып жүріп Д.Досмайыловқа 

сөгіс жарияладық деп жауап берген. Ақтолқын: «Мен 

Д.Досмайыловтың хаттаманы қазақ тілінде толтырып 

беруін талап етемін, менен кешірім сұрасын» деп бекініп 

отыр. Әрі қарай бұл іс бойынша жоғары мекемелерге 

шағымданбақ. 

Иә, құрметті оқырман, елімізде мемлекеттік тілдің 

мәселесі әлі де өз шешімін таппай келеді. Д.Досмайыловтың 

бұл әрекетін мемлекеттік тілге ашықтан­ашық қарсы шығу 

деп бағаламасқа лажымыз жоқ. Бұл біріншіден, Қостанай 

қаласының ішкі істер департаментіне сын. «Сонда олар әлі 

күнге дейін өз іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшірмегені 

ме?» заңды сауал туындайды.  

Естеріңізде болса, біз газетіміздің бетінде осындай 

мәселелермен шұғылданатын «Тіл инспекциясы» керек 

деп жазып келеміз. Тіл инспекциясы болса, ол құрылым 

мемлекеттік тіл мәселесіндегі заңбұзушылықтарды дер 

кезінде, тіпті алдын ала айқындап, тиісті шешімдер 

шығарып отырар еді. Бұл жайт Қостанай облысының 

мемлекеттік тіл саясатындағы шешімін таппай отырған 

мәселелердің барын көрсетеді. Ақтолқын Жәнібекова 

шағымданып барған мекемелер одан ат­тондарын 

ала қашқаны қалай? Олар шын мәнінде ат­тондарын 

Ақтолқын Жәнібековадан емес, мемлекеттік тілден алып 

қашып отырғандарын түсінсе етті. Біз әділеттілік Ақтолқын 

жағында болатынына сенеміз. Өйткені қазақтың қаршадай 

қызы шырылдап жүріп өзінің ана тілін қорғады. Ана тілі 

үшін сотқа дейін барды. Оның бұл қадамын біз құптаймыз. 

Себебі мемлекеттік тіл мәртебесі заңмен қорғалған. Оны 

кемсітуге  ешкімнің хақысы жоқ.  



Дәуіржан ТөлеБАев

Маңызды құжат басқармаға 

қарасты Ақтөбе қалалық және 

аудандық бөлімдерде кеңінен 

талқыланып, нақты шаралар 

белгіленді. Қазіргі таңда облыстың 

жер көлемі 30062,9 мың гектар­

ды құрайды, оның ішінде 9920,9 

мың гектары ауылшаруашылығы 

мақсатында, бұдан өзге аумақ елді 

мекендер жері, ерекше қорғалатын 

табиғи өңір, орман қоры, су қоры, 

басқа да санатқа жатқызылғандары 

бар. Жер балансы есебі бойын­

ш а   1 8 8 5 2 , 9   м ы ң   г е к т а р   ж е р 

пайдаланушыларға тапсырылды, 

14210 мың гектар мемлекеттің 

босалқы жер қорында тіркелген.

Ауылшаруашылығы мақсатына 

берілген жер учаскелерін атқарушы 

органдармен бірлесіп түгендегенде 

нысаналы мақсатына сай пайдалан­

бау мысалдары анықталды. Биылғы 

алғашқы алты айда жаңадан 140 

ш а р у а ш ы л ы қ   қ ұ р ы л ы м д а р ы 

құрылса, керісінше 181 құрылым 

таратылған. Нәтижесінде 716,4 мың 

гектар жер учаскесі мемлекеттің 

босалқы жер қорына қайтарылды. 

О б л ы с т а   д е м о г р а ф и я л ы қ 

а х у а л д ы ң   ж а ғ ы м д ы   с и п а т т а 

өзгеруіне және даму қарқынының 

ұлғаюына байланысты жерге деген 

сұраныс артып келеді. Қолданысқа 

е н г і  з і л г е н   З а ң   н о р м а л а р ы ­

на және уақыт талабына сәйкес 

ауылшаруашылығы мақсатындағы 

жалпы көлемі 118,8 мың гектар 82 

жер учаскесі бұқаралық ақпарат 

құралдарында жарияланып, байқау 

арқылы жаңа қожайындарға табыс 

етілді. 


Қуанышты жағдай – жер са­

ласында көрсетілетін мемлекеттік 

қызметтерде әкімшілік кедер­

гілерді жою мақсатында қызмет 

берушіге тапсырылатын құжаттар 

тізімі айтарлықтай қысқарды. 

Атап айтсақ, Ұлттық эконо­

м и к а   м и н и с т р л і г і н і ң   2 0 1 5 

ж ы л ғ ы   2 7 ­ н а у р ы з д а ғ ы   « Ж е р 

қатынастары, геодезия және кар­

тография саласындағы мемлекеттік 

қызметтердің стандарттарын 

бекіту туралы» №272 бұйрығымен 

бекітілген «Жер учаскелерінің ны­

саналы мақсатын өзгертуге шешім 

беру» мемлекеттік көрсетілетін 

қ ы з м е т   с т а н д а р т ы н а   с ә й к е с 

бұрынғы сегіз құжат орнына  үш 

құжат талап етіледі.

Қазіргі уақытта жер саласында 

көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 

қызмет берушінің кеңсесі, www.

eqov.kz «Электрондық үкімет», 

www.elicense.kz веб­порталдары 

немесе Халыққа қызмет көрсету 

орталығы арқылы жүзеге асыры­

лады.

Келешекте де Елбасы тарапы­



нан жерді ұтымды пайдалану мен 

қорғауға қойылып отырған талап­

тар тиянақты жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет